Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!



бет13/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
11. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын Қ.Сәтбаевтың «ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркемдік энциклопедиясы» деп бағалау себебін өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап жазыңыз.
Мұхтар Әуезов – әр түрлі әдеби жанрларда терең қалам тербеген жазушы. Оның аса көрнекті шығармаларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл романның қоғамдағы орны қандай?

«Абай жолы» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. Ал, қазақ халқының бір туар ұлы перзенті Қаныш Сәтпаев «Абай жолы» романын энциклопедиялық шығарма деп бағалаған. Шын мәнінде де солай. «Абай жолы» кітабына біз тек роман-эпопея деп қарамай, оны ХІХ ғасырдың екінші жартысының энциклопедиясы деп қарауымыз керек. 

Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың дүниетаным, наным-сенім ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстары мен күрестерін, ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның жеке бастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, халықтар тағдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір шындығына сәйкес көрсетіледі.

«Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды.

Қорытындылай келе, бұл күндері тәуелсіз мемлекетке айналып, жеріміздің байлығы мен кеңдігі төрткүл дүниені таңдандыра бастаған біздің, қазақ елінің, тіпті қала берді бүкіл түркі жұртының бай қоғамдық ойы мен рухани-көркемдік дүниетанымын әлем жұртшылығына осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ М.Әуезов өзінің ұлы шығармасы арқылы танытып қойған.Барлық құқықтар сақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет