Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!


І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында суреттелетін ұлттық салт-дәстүр көріністерін бүгінгі күнмен салыстырып жазыңыз



бет15/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
10. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында суреттелетін ұлттық салт-дәстүр көріністерін бүгінгі күнмен салыстырып жазыңыз.
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де, бірегейі- Ілияс Жансүгіров. Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі - «Құлагер» поэмасы Ақан серінің өміріне арналады. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында суреттелетін ұлттық салт-дәстүрлерге тоқталар болсақ, аламан бәйге, ат баптау, жоқтау, ас беру, палуандар күресі, айтыс. Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы. Ақан серінің «Бай-бай,Құлагерім!» - деп жоқтау айтатындай, сері өміріндегі Құлагердің орны қандай еді? Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, мұңдасы, жан серігі еді. Өлеңдегі: «Құлагер жаз жайладым, күз жайладым, Тұсына қызды ауылдың көп байладым», - деген жолдарынан Құлагердің Ақанның жастық шағының да куәсі болғандығын аңғарамыз. Ақан сері Құлагерді «Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...» деген көңілінің бәйтерегіне теңеген тұсы оқырманның сай сүйегін сырқыратады. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз.
Ол астындағы атын бейне бір туған баласындай өбектейді. Аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені білеміз. Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын құшақтап: «Құлагер – әкең тұлпар, шешең сұңқар...» - деп жоқтау айтады. Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған тағдырдың қаталдығы ма, әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, жер бетіндегі адамдардың пендешілік қылықтарынан деп ойлаймын. Қазақ елінің ежелгі дәстүрі, арғы заманнан белгілі, ел ішіндегі абыройлы, беделі асқан адамдар дүниеден өткенде ас беру, жылы өткенше өліктің артын күту, азалы үй тігіп, ас беру, жылы өткенше қаралы көш жүргізу, алыс-жақын көрісіп, хал сұрасу дәстүрі бар.
Шіркін, қазақтар-ай! «Өлі разы болмай,тірі байымас»-деп күн кешкен халықпыз ғой. Дүниеден өткен туыстардың рухын разы етуді міндет парыз санаймыз.Жылдық ас-бұл қайғы-мұңды өткен жылдың еншісіне қалдырып, «қыс артынан жаз келер» , «бір жамандық екі жақсылық»дегендей, жаңа өмірге қадам басу ретінде берілетін ас.
Сағынай асы да дәл осы іспеттес өткен.Байдың асы дүркіреп,тау-тау ет,өзен-өзен қымыз ішіліп, бәйгеге уш жүз сайгүлік жарысқа түскен.Алайда, бұл астың соңы той-думанмен бітпеді. Көреалмаушылық пен алауыздықтың кесірінен бұл аста Ақан серінің Құлагердей жүйрігінің қаза болуымен аяқталған еді.Осылайша,Сағынай асы бәйге трагедиясымен аяқталды.
Қазіргі таңда да қазақтың атадан балаға мұра ретінде қалып отырған дәстүрі өз жалғасын табуда. Туыстарының жылдық асын, еске алу кешін мейрамханада, тойханаларда істеп жататындар да бар.Бұндайды ысырапшылдық ретінде санайтындар да бар. Менің ойымша, жан-жақты шашып-төкпей, тиімді өткізу керек сияқты. Өйткені бұл біздің салт-дәстүріміз. Ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру – кез-келгеніміздің парызымыз Кейбірі заман талабына сай өзгерістерге ұшыраған болса, кейбірі еш өзгеріссіз бүгінгі ұрпағына жетіп, ұлтымыздың тарапынан қолданысқа ие болып отыр.

17. М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбектің өз заманындағы жаңашыл ізденістері туралы ойыңызды дәлелдеңіз.


Мұқан Иманжановтың повесті «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттелген. Мектеп өмірі, оқу мен еңбекті ұштастыру мәселесі, мұғалімдердің ауыр да абыройлы еңбегі шебер бейнеленеді. Балалардың арман-мақсаты, отансүйгіштігі, еңбекқорлығы, көпшілдігі, турашыл адалдығы әрі нанымды, әрі тапқырлықпен тартымды суреттеледі
Мектеп өмірі мен ауыл өмірін бір-бірімен байланыстыра отырып жазылған бұл шығарманың басты кейіпкері - ЖақыпбекАлматы қаласындағы университетті бітірген жаста болса талантты мұғалім Жақыпбек ауыл өміріне әсіресе мектеп өміріне түрлі өзгерістер әкеледі. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - деп қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткендей Жақыпбек тынбай жұмыс жасағанының арқасында өзінің алдына қойған мақсаттарына жетеді. Жақыпбек ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қызықты жағдаятқа тап болды. Ол мектеп директоры Күдеріні күтіп тұрғанда терезе жаққа көз жіберді. Ашық терезеге көзін салған Жақыпбектің көңілін сонау бір мүйістегі үйдің бұрышынан жүгіріп шыққан екі бала бөлді. Олар барын сала кезек қағып, мектепке қарай зымырап келеді. Бұлардікі жай жарыс емес, бір-бірін қуып келе жатқанын Жақыпбекте аңғарды. Мектепке тақай беріп сықылықтап күліп, бір-бірімен алыса кетті. Бағанадан бері терезеден қарап тұрған Жақыпбек оларға қойыңдар деп айтқанда, ойын қызығына берілген екі бала кенет тынып, дауыс қайдан шықты дегендей аң-таң болып, терезе жаққа басын бұрды. Жақыпбекті көрген олар бастапқыда сескеніп кейін жаңадан келген мұғалім шығар немесе ата-ана болуы керек деп бір-бірімен дабырласа кетті. Оның жаңадан келген мұғалім екеніне нанбаған Сапар мен Сейтен жүгіріп ала жөнелді.
Әдетте Жақыпбек тік мінезді, бірбеткей, ойлағанын беті жүзің бар демей, тіке айтып тастайтын қызуқанды жігіт еді және едәуір қызбалығы бар тұғын. Сонысына қарамастан ол адамзат баласына жұғымды еді. Тосын көзге шалынбай қалды–ау құбылыстарды да кейде салған жерден қалтқысыз ұғып, сол адам туралы жақсы не жаман деген ойға тіреледі.
Жақыпбек өз ортасында үнемі белсенділік танытып жүреді. Белсенділігінің арқасында ол өзінің бейтаныс ортасына тез сіңісіп кетті. Бейтаныс коллективпен болған жиындарда ол әңгімеге қызу араласуға бейім, түсіндірілмей қалған жағдаяттарды дамытып талдауға дайын еді. Өзгелерден осы қасиеті арқылы ерекшеленетін Жақыпбек өз ортасына сыйлы әрі құрметті болды.
Оның басты мақсаты оқу-тәрбие жұмыстарына елеулі өзгерістер енгізу еді. Ол қолданылып жүрген оқу программасын жаңарту керек екендігін, жетіжылдық білім алатын мектеп оқушыларының ауыл тіршілігімен тек қана теория жүзінде ғана емес, практикалық түрде танысу керектігін мектептік, аудандық жиналыстарда көптің алдында паш етті. Сонымен қатар ол білім беру әдісі төмен мұғалімдерді мектептен шығару туралы ұсыныс тастады. Ол мұғалімдердің өткізген сабақтарына қатысып, қай мұғалімнің қандай тұсының осал екендігін аңғарды. Соның бірі тарих пәнінің мұғалімі - Батырбай. Жақыпбек Батырбай өткізген сабақтарға қатысып түңілді. Жауынбаев бесінші, алтыншы сыныптарға арналған тоз-тозы шыққан кітапты алып келіп, балаларға кезектестіріп оқытып қояды. Оқушылардың сұраған сұрағына жауап бермейтін Батырбайдың сабақ беру әдісінің осал әрі тиімсіз екендігін ұқты. Жақыпбек мектеп директоры Күдеріден Батырбайдың ісі туралы сөйлесіп, талай рет ұрысып қалды. Сонда да өз айтқанынан қайтпай, осы істі түбегейлі өз жағына шығару үшін тер төкті. Ақыры айтқаны орындалып Батырбаймен қош айтысты.
Осыдан кейінде мектепте көптеген өзгерістер орын алды. Оқушылар физикадан, биологиядан, химиядан алған білімдерін колхоздың бай шаруашылығында қолданды. Ауыл мен мектеп арасындағы бірлік күшейді. Ауыл өмірінде кең тыныс пайда болды. Осы тыныс ауыл мен мектепті бір-біріне егіз қозыдай етіп, ұжымдасуына себеп болды. Оқушылардың колхоз өміріне араласуы, ауылдың көркін күшейте түсті. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, балалардың шаруашылыққа деген көзқарасы күн санап өзгерді. Ауыл тынысы мектеп тынысына айналып,махаббаты жарасқан жұптай жұбын жазбады.
Жақыпбек ауыл болашағының жарқын болатынына кәміл сенімді болды. Ол күлімсіреп, бұл тек алғашқы айлар ғой деп іштей қуанды. Оны алдағы уақыттағы ауыл өмірі қатты қуантты. Бар әлемді құшағына сыйғызып тұрғандай, Жақыпбек іштей қуаныштан жылап, айға көз қиығымен ұзақ қарады.
«Алғашқы айлар» повесіндегі басты тұлға – Жақыпбек мектеп мұғалімі қандай болу керек деген талапқа жауап бергендей. Жақыпбек оқушылардың әрқайсысымен жақындасып, бала мен мұғалім арасындағы сенімсіздіктің жігін жойып, тіл табыса білу қияңқы баланы тәрбиелеуде бірден-бір дұрыс жол екенін дәлелдейді. Рас, бала жүрегіне жол табу оңай емес, Жақыпбек осы жолда табандылықпен күресіп, мақсатына жетеді. Жазушы Жақыпбекті балалардың жақсы көріп, үйір болуының себебін ашады. Ол бала табиғатына тән, әр нәрсені білсем деген құштарлық мінезін қолдап, оқушыларды колхоз шарушылығымен де етене жақындатып, көп мағлұмат береді. Немесе экскурсияға апару секілді қызықты жұмыстар жүргізеді. Жазушы баланы еңбекке баулып өсіруді тәрбиенің басты шарты деп қарайды. Мектеп білім беруді ғана мақсат етпей, ата-анамен ынтымақтасып, қайткенде нағыз азамат тәрбиелеп өсіреміз деген мақсатты алына қою керек. Осы ойын кейін бір жас талапкерге жолдаған хатында Мұқан: «Біз балаларды оқы деп қана үгіттей бермей, еңбек етте, өмірді біл, колхоз шаруашылығын сүй дегенді де құлақтарына сіңіріп, қажетті жерінде дәріптеп отырумыз керек», - дейді. Міне, «Алғашқы айлар» повесінде осы идеяны негізгі нысана етіп ұстайды жазушы. Қорыта айтқанда, «Алғашқы айлар» повесіндегі Жақыпбектің өз заманындағы жаңашыл ізденістерін көреміз.

16. Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы негізгі кейіпкер Абдолланың ерлігі көзсіз батырлық па, әлде Отан алдындағы міндет пе? Ойыңызды дәлелдеп жазыңыз


Ей, тәкәппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов...
Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға.
Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары.
«Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған.
Шығарма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында, қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиев туралы, майданда көрсеткен ерлігі туралы. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады. Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.
Жау жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп шамырқанады. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
Жалын тілі тұрды сүйіп... Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
Шұғыла шашқан кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап.
Өрт топанып кешіп Нұхтай,
Жалғыз өзі тұрды бойлап.
Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл – трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады.
Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады

15. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романындағы Аман бейнесіндегі мінез өзгешеліктерін талдап жазыңыз.


Азамат соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру және ауылды ұжымдастыру дәуірінің шындығын суреттеуде Ғабиден Мұстафиннің « Дауылдан кейін » атты романының елеулі мәні бар.Ғабиден Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романының сюжеттік құрылымын берерде Аман арқылы сол кездегі елдің жағдайын көрсетеді. Осыдан шығарманың өн бойында Аманның тіршілігі әңгіме болады. «Атылған оқ» бөлімінде Аманның елге жаны ашығыш екенін байқаймыз. Оған «Аманның қабағы салыңқы, ауыр отыр. Столында түтеленген қағаздар көп. Бәрі ауылдан түскен арыздар. Арыз сайын кемі бір қиянат, ұрлық не зорлық бар. Біреуді біреу, көзі тайса, ұрлап, әлі жетсе, зорлап жатқан тәрзді. Аман оқиды да күрсінеді. Биыл күрсінуден көз ашқан жоқ...Жасы жиырма мен отыздың арасында болса да, отыз бен қырықтың арасындағы жігітке ұқсайды». Оның ақылының толысып келе жатқанын әр оқиғаның барысында автор беріп отырады. «Аман ойланып қалды. Қазақта ер құнынан, жесір дауы, жер дауынан үлкен ештеме жоқ. Бұл үшеуі екі адамның ғана емес, екі рулы елдің дауы. Малқар сияқты нәннің қолындағы келінін айрыпы алу, Малқармен қоса, бүкіл сол рудың намысын қоздырады. Одан қорқып совет заңынан теңді, әділет жолынан шығуға Аман қорланады. Елге келіп, мемлекет ісіне тастай береді қазекең. Кеспесе, шешілмейтін ескі түйін. Аман беріп кетпе жігіт емес, жас та болса, қарияша толғанды біраз». Сонымен қатар, оның аңғақұмар қасиеті бар. «Қыс күндері бұнда аңшылар келе алмайды, кереғар. Жылқы қостап шыққан кезде жылқышылар ғана там-тұмдап аңшылық етеді. Аңқұмар Аман: «Қысты күні жылқышылардың қосында жатып, тым құраса, бірере жұма аң аулап қайтар ма еді!...» деп келеді...» Бұл үзінді айтқан ойымызға дәлел болып отыр. Әрі ол өз ортасының білімді адамы. «... «Народный университет на дому» журналдардағы лекцияларды тапжылмай, күн ұзын оқығанда тоймайды, талмайды. Кешке оқуға шам жоқ... Мысалды осы ортаның өзінен алып, өзі шешіп бергенде, жолдастары ұстазындай тыңдап, ұйып қалады...» Міне айғағы. Намысшыл. «Бұл – Аман. Тұтқында отыр. Қолында - «Народный университет на домудың» бір номері. Қоғамтану лекциясын оқып отыр. Бұрын астық сарайы болған осы кішкентай тұтқын үйге енгізіп жібергенде, ол бір шыңырауға түсіп кеткендей сезінді. Кең даладан келіп, қапас қамауға бірінші рет тұтқиылдан түскен жастың көңілі торға түскен бүркіттей аласұрып, көпке дейін ақыл-ойға ырық бермеді. Тұла бойын намыс кернеп, қызарып, булығып, «жазығым не?» - деген бір сұраққа жауап таба алмай сенделумен болды». «Ұят-ары жоғары жігіт қазір қызарумен қоймай, танауының үсті де тершіді». Бұл автордың Аманның ар-ұятының көркемдігін жеткізіп тұр. «Аман былтыр келгенде, бәрінің басын қосып, былай деген: «... Жатақ болып алдыңдар. Енді үй-қораларынңды түзеп, поселке тәртібіне көше беру креек. Мойынсеріктің пайдалы екенін көрдіңдер. Енді серіктіктің бұдан да пайдалы түріне көшу керек... орталық қор жасаңда. Жұмыс көлігін, өндіріс құралдарын ортаға салыңдар. Сонда еңбек өнімі де, дәулеттерің де арта түседі... Қазына жәрдемі алдымен сендерге беріледі...» Бұл үзіндіден Аманның ұйымдастырғыш қабілетін, сондай-ақ, оның халықты өзіне қарата алатын жан екенін байқаймзы. Тағы да, үзіндіні оқысақ, назар аударатын бір тұсы бар: оның алға ұмтылғысы келетіні, дамып-өркендеу оның тілегі. Міне, осындай Аманның тағы да қыр-сыры көп. Бұл – Ғабиденнің авторлық тұлғасының жемісі. Бір ғана Аманның тағдыры арқылы бүкіл өңірдің хал-ахуалын, ішіндегі талай оқиғаларды бір-бірімен ұштастыра беру де автордың шеберлігі. Аманның көркемдік бейнесін, болмысын осы роман арқылы танысып, білдік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет