Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!


С.Сейфуллин жырлаған Көкшетау табиғаты мен қазіргі Көкшетауды салыстырып жазыңыз. (С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл)



бет19/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
7. С.Сейфуллин жырлаған Көкшетау табиғаты мен қазіргі Көкшетауды салыстырып жазыңыз. (С.Сейфуллиннің туғанына 125 жыл)
Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасын 1925 жылы бастап, 1928 жылы аяқтаған. «Көкшетау» поэмасы біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі. Поэма 1929 жылы жарық көрді. «Көкшетау» – Сәкен поэмаларының ең көлемдісі. Композициясы күрделі, бірнеше сюжетті желіден тұратын, көркем бейнелі шығарма. Автор табиғаттағы дыбыс пен қимылды, ондағы сұлулықты, Абылай хан заманын, қазақ еліне жан-жақтан жасалған қысым жайында адам мен табиғатты салыстыра жазады. Поэма сюжеті қазақ жеріне басқыншылық саясат жүргізіп, әлсін-әлсін бүйірге найза тіреген, тынышсыз көрші қалмақтармен есеп айырысу кезінде қолға түскен тұтқын қыз төңірегінде өрбиді. Еркіндік аңсаған қыз ақыл мен өр мінезінің арқасында дегеніне жетеді. Ақыл-ой, сезім-қайрат, терең адамгершілік иесі Абылай хан қалмақ қызына бостандық береді. «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен басталады:

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» «Сексен көл Көкшетаудың саясында», "Ауасы-дертке дауа, жұпар исі», « Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс»,
"Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан», « Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес». Біз бұл өлең шумақтарынан онда суреттелген мөлдіреген күміс айнадай сексен көлдің аясында, көк мұнарға оранып, көшкен бұлттармен есен-амандык сұрасып, сұлу жұзін әлсін-әлсін ақ жауынмен жуьш, нұр жайнаған кербез ару Көкшетау табиғатының көріністерін өз көзімізбен көріп, жұпар ауасымен рахаттана тыныстап, көк қаршығасының шаңқылы мен қалың қарағай, көк желекті ақ қайыңдарының сыбдырын өз құлағымызбен естіп тұрғандай әсер аламыз.
Сыршыл да ойшыл ақын, сұлулық жыршысы табиғатты онда мекендеген адамның көңіл күйімен, жасампаз еңбегімен байланыстыра жан бітіре суреттейді.
Иә, Көкшетау – тұнып тұрған сыр, сөйлеп тұрған сурет. Бірінен бірі асқан көгілдір таулар өз аясына мөлдіреген сексен көлді ұялатып, текше-текше тастарды қиялатып, ұлы Табиғат өз өнерін айдай әлемге сиқырлы бояумен паш еткендей. Бүгіндері Көкшетаудың жүрегі Бурабай – қазіргі тілмен айтқанда, отандық "туризмнің хабына" айналып отыр. Еліміздегі ең сапалы алты жолақты автобан да салынды. Облыс орталығы Көкшетаумен қосылып, туристік әлеуеті зор аймаққа айналмақ. Осыған орай «Жер шоқтығы Көкшетау» ктабында жазушы көтерген осы бір ұрпақ қамы үшін атқарылуы тиіс игі шаралар қолдау тауып, Көкшетау тек қана қысқы сырғанағы мен жазғы жағажайымен ғана емес, баурында өрбіген елдің тұрмыс-тіршілігімен астасқан экотуризмнің жыл бойғы кешені болуға тиіс еді ғой! Бүгінгі күні баршамыз аузымыздан тастамай жүрген рухани жаңғыру дегеннің нақ өзі де осы емес пе!

19. С.Мәуленовтің «Шөңге», «Қаратау» өлеңдеріндегі ақынның туған жерге деген махаббат сезімін нақты мысалдармен талдап жазыңыз.



Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы өлең үлгілерін әкелгендердің ортасында Сырбай Мәуленовтің орны ерекше. Сырбай Мәуленов – қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Ақын өмірдің сан түрлі құбылыстарына мән беріп, талғампаздығының арқасында әсерлі жырлар жазды. Әрбірімізге Отанымыз қаншалықты қымбат болса соншалықты ақынға да туған жері қымбат. Осыған орай ақынның «Шөңге», «Қаратау» өлеңдерінде туған жерге деген махаббаты сипатталады. «Шөңге» өлеңінде туған жеріне деген сағынышын бір ғана тікенек арқылы сипаттайды. Оны біз:
Сағыныппын, дариға, туған жердің,
Гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін де,-
деген жолдардан біле аламыз. Ақын үшін туған жер дүниедегі ең ұлы, ең асылдардың бірі. Себебі, ол – кіндік қаны тамған жер, бақытты балалық шақ өткен жер.ақын бұл туралы:
Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім,
О, туған жер, сен күнсің балаң үшін.
Қалтама сол шөңгеңді салып алдым,
Бала күнді еске алып қарау үшін, -
деп жырлайды. Расул Ғамзатовтың:
Қымбат маған елімнің бар даласы,
Балтық пенен Сахалиннің арасы, -
деген өлең шумақтары сияқты Сырбай ақын да Атырау мен Алтай арасындағы байтақ табиғатқа арнаған құрметі ретінде «Қаратау» өлеңін жазды. Ақын ойынша қазақ тауының бабасы – Қаратау. Шексіз махаббатқа ие ақын жүрегі Қаратауды бірде бақ-берекеге теңесе, бірде алтын қазынаға, мол кен-құрышқа теңейді.
Қаратау – кен-құрыш,
Қаратау – өндіріс.
Халқымның бақ-құты,
Қаратау – мол ырыс.
Қортындылай келе, ақын екі өлеңде де туған жерін, елі, оның табиғатын асқан шеберлікпен, нәзік сезімімен жырлайды. Өлеңдерді оқу арқылы сағыныш шебін,жүрегіне мейірім ұялатқан табиғат перзентін көрдім, сезіндім. Сырбай Мәуленовтің сырлы да, әуезді, мол махаббатқа толы осы шығармалары арқылы «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» деп бекер айтылмағанын түсінесің. Оның әдебиет әлемінде орны зор. Оның сырға толы өлеңдері әрдайым халық жадында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет