Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!


Жаманнан туған жақсы бар –



бет20/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
эссе2020

31. Жаманнан туған жақсы бар –
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар –
Жарамды бір теріге алғысыз, – деген Махамбет ақынның даналық ойын өз көзқарасыңыз тұрғысынан дәлелдеп жазыңыз.
Махамбет бабамыздың бойында батырлық та, ақындық та бар. Есіл ер қарсыласқан жауымен сарт та сұрт айқасып қалғанда найзасымен іліп түскен, тілімен тіліп түскен, семсерімен ойып жіберген, сөзімен сойып жіберген. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар осы құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жеке тұратын теңдесі жоқ дара да дана тұлға.
Махамбет поэзиясы ерлік, батырлық поэзиямыздың заңды жалғасы, барынша мықты дамыған түрі деуіміз керек. Махамбет ақындығы – жорық үстінде, ат жалында, күрес, майдан сахнасында өскен, шыныққан, күшейген ақындық.
«Қара қазан, сары баланың қамы үшін» қолына қалам немесе домбыра алмай, найза мен қылыш ұстап, «мұздай темір құрсанып», «Қу толағай жастанып», «Садағына сары шіркей үймелеп», «түн қатып жүріп түс қашқан» жағдайда іштегі ызасы мен кегін, өксігі мен арманын айтқан Ол өлеңді «бес қарудың бірі» – деп ұғады.
Махамбет жырлары түгелдей Исатай Тайманов бастаған халық көтерілісі (1836-1837) тарихымен тығыз байланысты екені бізге мәлім.
Махамбет ақын ғана емес, көтерілісті бірге ұйымдастырысқан, жорықта ірі қайрат көрсеткен Исатайдың серігі, атақты батыр. Ол – ат үстінде туған жауынгер жырларымен күрескерлерге рух берген, тыңдаушысын қыздырып, еліктіріп алып кете алатын өнер иесі.
Исатай екеуі бастаған көтерілістің ауырлығын түсінген ол жұртты тік көтеріп, «біздің бүйткен бұл іске», «толарсақтан саз кешіп, тоқтамай тартып шығатын, Қас үлектен туған қатепті қара нар керек, қабырғасын қаусатып, бір-біріндеп сөксе де, қабағын шытпас ер керек» деп ұрандады. Елге теңдік әперу, азаттыққа, еркіндікке қол жеткізу – оның арманы болды. «Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге мал толтырсам деп едім» деген жолдар оның күрескерлік мұратын танытады.
Ол халыққа қызмет ету өлшемін осы жолдан іздеді.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз,
Қарада туған қара бар,
Хан ұлына бергісіз... – деп, ел азаматын ардақтайды.
Соған сенім артады. Махамбет жырларындағы Адам – ірі, кесек мінездің көрінісі. Жақсы мен жаманды көп көрген адам есебінде ақын ер мен езді қарама-қарсы қоя, салыстыра суреттер жасайды. Осындай өмір мен өлім таласында ерлік пен ездік, адалдық пен пасықтық, уәдеге беріктік пен опасыздық айқын бой көрсетеніні анық. Ақын осыны тұжырымдап, түйіндей білді.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз» ‑деп күрескер ақын сол арқылы тыңдаушысын жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді.Жігерге жігер қосады.
Махамбет сияқты батыр да ақын бабаларымызды ешкашан жадымыздан шығармауымыз керек. Біздің болашағымыз үшін күрескен Махамбет атамыздын рухына басымызды иіп, еліміз үшін курескені үшін елімізді одан әрі көркейту керек. Батыр бабаларымыздың аңсаған арманы еліміздің азаттығын алу болған еді,соны жадымыздан шығармай, әрқашан мақтан тұтып, болашақта елімізді көркейту – бізге парыз.

6. М.Жұмабаевтың «Сен сұлу», «Шолпы» өлеңдеріндегі лирикалық нәзіктікті сипаттаңыз.


Дауылпаз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Оның лирик ақын екені де баршаға аян. Лирикалық өлеңдері де өте мол. М.Жұмабаевтың «Сен сұлу».Мағжан шынайы махаббатты сүйіспеншілікпен жырлап өткен.Ақын табиғаттың сұлулығына адам сұлулығын үлестіре жырлаған әрі шынайы суреттей білген."Сен сұлу" өлеңінен де мұны байқаймыз. Өлеңнің түйіні.Табиғаттың сұлулығына адам сұлулығын үйлестіре жырлау арқылы шынайы көркем сурет жасаған. Ақын мөлдір махаббатты пір тұтқан.
Мағжанның “Шолпы” атты өлеңінде қазақ қызының өн бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпыны өте таза шынайы суреттеуі байқалады. Сондықтан Мағжанның “Шолпы” өлеңін оқи отыра, халқымыздың тарихи құндылығы саналатын шолпының тәрбиелік мәні мен оның түрлерін кеңірек таныстыра кетуді жөн көрдім. "Шолпы" өлеңіндегі: Сылдыр, сылдыр, сылдыр, Қанымды қайнатты кұрғыр. Шық - шық жүрекке
тиеді, Күлпәра талқан боп сыңғыр, — деген жолдардағы қазақ қызының шашына таққан
шолпысының сыңғыры әркімнің құлағына қазір де жетіп тұрғандай әсер береді. «Шолпы»
өлеңінде бір жағын әзіл, бір жағын шын етіп, ақын киіз үйді айнала жүретін ауыл қыздарының
шаштарына таққан шолпы сылдырының көңіл ынтықтырар әсерін жазады:
Сылдыр, сылдыр, сылдыр...
Өзекті өртеді құрғыр. Риза болып, сүйсінген көңіл көрінеді. Шолпы сылдырлаған сайын естушінің жаны кіріп, құлағы да,
жүрегі де елеңдеуде. Бұрынғы ауыл тұрмысының осы кішкене бір этнографиялық суреті қазірдің
өзінде көңіл толқытады. Шолпы иесінің сұлу кескіні көз алдыңызға келгендей. Ал шолпы сылдыры
нақ бір шақырықтай естіліп, тындағанның діңкесін құртып - ақ тұрғандай көрінеді. Шолпының тәрбиелік мәні де зор. Жас қыздарға аналары: «Секеңдеп қатты жүруге болмайды.
Шолпыңның сылдырлаған дауысы қатты естілсе, сені әдепсіз қыз екен деп айтады» деген сияқты
тәлім – тәрбие беріп отырған.

Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы” өлеңі арқылы


шолпының тәрбиелік мәнінің өте жоғары екеніне көзім жетті. Шолпыны қолдану қыз балаға
үстеме сұлулық пен нәзіктік беретінін білдім.

5. А.Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзіндегі: «Естілердің айтқанын ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»,- деген пікіріне көзқарасыңызды білдіріп, ойыңызды жазыңыз. (Абайдың туғанына 175 жыл)


Абай Құнанбаев – қазақ халқының дана да ойшыл, ерекше ақыны. Жастайынан ақындыққа, шешендікке жақын болған Абай Құнанбаев қаншама ойлы, мағыналы сөздер айтып кеткен десеңізші! Әрбір қара сөзі – өз алдына бір заңғар таудай. Қарасөздеріне қарап, атамыздың сонау қиын заманда, қазақ халқының көрген азабын бірге көріп, сезініп, қолымен ұстағанын сезінетіндей боламын. Абайдың қара сөздері ақыл мен пайымға толы. Соның ішінде естілік пен білімділікті ажырататын қара сөзінің бірі – он тоғызыншы қара сөзі.
Абай Құнанбаев өзінің он тоғызыншы қара сөзінде естілік ұғымы туралы терең ой қозғайды. “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады” – дейді. Мінеки, естіліктің адам баласының бойына туа сала бітпейтінін, естіліктің күнделікті өмірде сезіну, түсіну арқылы қалыптасатынын айтады.
Шыр етіп туа сала ешкім дана болмайды, оқып, біліп, жақсыны бойына сіңіре алған есті болады. Ия, адам баласы өмір тәжірбиесінің нәтижесінде жақсылық пен жамандықтың, естілік пен ессіздіктің жігін ажыратады. Адам баласы есейе келе, күнделікті өмірден алған тәлім-тәрбиесінің, тәжірибесінің арқасында, санасы, білімі дами береді. Абай Құнанбаетың осы қара сөзіндегі ой-тұжырымы қазақ халқының мәтеліндегі «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген ұғымымен де ұштасатын сияқты. Естілердің айтқан сөздерін ой елегінен өткізе отырып , оның пайдалы және ұтымды жақтарын күнделікті өмір тәжірбиесінде оңтайлы қолдана білуі, сол адамның ақылдылығын көрсетеді. Осы айтып отырған ойларын Абай Құнанбаев мынадай өлеңдермен жалғастыратындай:
«Сен де – бір кірпіш, дүниеге.
Кетігін тап та бар қалан!»
Абай атамыздың қара сөздеріндегі бізге айтқан ақылын құлақ асып, зер салып, ден қойып тыңдасақ, естілерден алатынымыздың естияр болып қалыптасуымызға ықпалы көп, бағыты дөп. Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді.Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады.Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп ойлаймын.естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады.Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп ойлаймын.
Қорыта айтқанда, мен бұл қара сөздегі естілік ұғымын мұқият, қайта-қайта оқып шықтым. 19-қара сөзі – біздер, жастар үшін бағасыз сый. Сол сыйды өзінің қажеттілігімізге жарата білу біздің, жастардың, еңбектене белуімізге және де жалқаулықты жеңуімізге байланысты. Біріншіден, Хакім Абай бұл қара сөзінде дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің ғана нәтижесі мен тәрбиеден туындайтын нәрсе деген ой тастайды.Яғни, адам баласының туа салып есті болмай, көріп, естіп, ұстап көре біле білімді болатынын айтады.Сонымен қатар, естіліктің жеке өзі ғана іске жарамайтынын тілге тиек етеді.Себебі, естілердің сөзін ескермесең, жақсы мен жаманның арасын ажырата алмасаң, құр естіліктен пайда жоқтығын ескертеді.Екіншіден, есті сөздерді есіткенде салғырттанып, шайқақтамау керек дейді.Себебі, өмірде кейбір адамдар естілердің айтқан ақылын есіткен соң, шыға бере ұмытып кетеді.Осылайша, бұрынғы өз қалпына түседі.Мұндай адамдарды ақын сөз танымайтын, сөздің мәнісін ұғынбайтын адамдар деп ойлайды.Одан да шошқаны баққан жақсы деп, сөз танымайтындарды қатты сынға алады.Расымен де, ақын айтқандай, өмірде сөзді ұқпайтын адамдар кездеседі.Ондай адамдар өзімдікі жөн деген өзімшіл пікірмен жүреді.Ал, қоғамда мұндай адамдардың айналасына зиянын тигізетінін білеміз.Өзімдікі жөн деген адамда сабыр да, сақтық та болмайтыны белгілі деп ойлаймын.Ойымды қорытындылай келе, мың жерден білімді болып тұрсаң да, есті сөзді ескеріп, қажетіңе жаратпасаң, білімділігің түкке тұрғысыз деп ойлаймын.Себебі, жақсылыққа жақсылық, естілікке естілік қана үйір болады.Есті сөзге сүйініп, көңілге түйінгенде ғана мәніне терең бойлап, өміріңе жаратады екенсің.Ендеше, Абай айтқандай, естілердің сөзін ескеріп жүрейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет