Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!



бет6/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
эссе2020

Ал менің балалық шағым технологияның қарыштап дамуына тұспа-тұс келді, бізде бәрі бар. Керемет заман. Тәуелсізбіз. Бірақ та бізге бір нәрсе жетпей тұрады... Бір кем дүние деген осы -ау...
Бердібек Соқпақбаев шығармалары кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып оқырманды баурайды. Оның шығармалары қызық оқылып, бүгін жазылғандай әсер етеді.

48. Адамдық борышың


Халқыңа қызмет қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл,- деп Шәкәрім айтқан пікірді 2020 жыл – Еріктілер жылындағы жастардың қайырымдылық істерімен байланыстырып дәлелдеңіз.
Адамдық борыш - өзіңе ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметің. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді. Ал, Шәкәрім атамыз адамдық борыш турасында: «Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», - дейді. Сонда таза ісімен, адал еңбегімен және харекетімен көрінетін адамдар болады, олар өзінің ең басты өмір сүру кеңістігі өз халқына еңбек қылу деп есептейді. Шәкәрім сондай адамдар туралы айтып отыр. Менің борышым халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу. Және де ата-анамның үмітін ақтау, ҰБТ-ті жақсы тапсырып, мамандық алу, өмірде толық адам боп қалу. Мінеменің борышым осы. Ерікті болу басында айтып өткеніміздей сізге ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылыққа кенелесіз. Бұл сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Әсіресе еріктілердің аудармашы ретінде қатысулары үлкен пайда. Ол еріктінің тілді еркін меңгеріп кетуіне, жұмысты үйренуіне септігін тигізеді. Ортамен тез тіл табысуды меңгеріп, адамгершілігі мол таныстар, достар табасыз. Кей еріктілердің жұмысына қарай, олардың белсендігі үшін белгілі бір көлемде ақша төленбесе де оларға сыйлық ретінде киімдер, кітаптар, түрлі заттар берілуі мүмкін.
Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады. Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Жылдың ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет және басқа да салаларда 7 жалпыұлттық жобаны іске асыру жоспарланып атқарылды. Еріктілер атқарған жұмыстар өте көп. Азиада олипиадасы өткен кезде, Астанада өткен ЭКСПО көрмесі кезінде еріктілер үлкен жұмыстар атқарды. Еріктілер COVID-19 пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бастап, күн сайын барлық қала мен аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізуді. Еріктілер өз қолымен медициналық бетпердені қала тазалығына жауапты жұмысшылар мен тұрғындарға таратты, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Біздің сынып оқушылары да еріктілер қатарында біраз жұмыстар атқардық. Жетім балалар үйіне бардық, мұқтаж жандарға көмек қолымызды создық. Мен адамдық борышты адал атқарып жүрген осындай еріктілер тобына алғысым шексіз. Әрдайым елге адал қызмет көрсетейік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет