Мейлі, ол – төр, мейлі, есіктің иесі!» - деген Ж.Баласағұнның пікірін өмірмен байланыстырып, өз көзқарасыңызды білдіріңіз. (Ж.Баласағұнның туғанына 1000 жыл)
Жүсіп Баласағұнның шығармашылық мұралары тіл, әдебиет, тарих, заң, мемлекеттік басқару жүйесі, пәлсапа, этика салаларын қамтиды. Сондықтан оның «Құтты білік» поэмасы әлем әдебиетінің ғажайып туындысы болып есептеледі. Ұлы ойшыл оқу мен білім кез келген мемлекет пен қоғам дамуының негізі екендігіне, мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық қатынастар білім мен ғылымның таралуына сай дамитындығына сенді. Оның билеуші және саяси элита білімді болған сайын мемлекет пен қоғам өркендей түседі деген идеясы бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Білім адамға күш береді. Білікті күшті адам. Адам біліктен күш табады, ер біліммен басын алып жүреді. «Білімде - күш» деген қанатты сөзді Білімнің практикалық маңызын нақты көрсеткен. «Білікті оймен алаңдар, біліксіз тура шауып арандар». Білімсіздің көңілі - құм, құнсыз шөл. Өзіне әділден ғана әділ үкім күтуге болады. Білікті аларын көздейді, жалғандық пен алдауға төзбейді. Сүйтіп елді түзетті. Білікті сенім кереметін ұғындырады, ойдың қымбатын, шын ақылдың қиынын ұғады, туған елдің, өскен жердің рухани байлығының қайнаркөздерін сезіндіреді. Білікті нәзік ойын, дана сөзін кестелер, ел айтқанын ескерер, жарандармен жақындасса қуанышқа бөленер. Билей алсаң - ақыл, білім, жүректі, Орындадым де қасиетті тілекті!
Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Ақылды адам ой-қабілетімен бірнәрсені түсінуге тырысады. Ал, надан басындағы ақылын, бойындағы қабілетін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан, білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз надан – қараңғы түн сияқты.
Бүгінгі замана жетістіктері жер шарындағы барлық адамзат баласына ортақ. Күн сайын жарық көріп жатқан таңқаларлық ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді игеруге жеке адам қауқарсыз. Ендеше, алдымен білім, екіншіден еңбек жеке адам үшін де, мемлекет үшін де дамудың даңғыл жолы болып табылатыны түсінікті.
«Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген даналық сөз дәл қазіргі біздің дәуірімізге арналып айтылғандай.
Иә, ғылым-білімсіз өмір жоқ. Осы ақиқатты бүгінгі ғасырымыз дәлелдеуде. Өнер-білімі бар, мәдениеті жоғары елдермен тереземіз тең түсу үшін біз де білімге көңіл қоюымыз қажет. Өйткені, адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін тек қана – білім.
Айталық, Махмұд Қашқаридай данамыз: «Білімдінің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр», – десе, Шал ақын: «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей», – дейді. Ал, хакім Абай он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де – ақымақшылдық...», – деп, қазақ халқының даналығы айтқандай «білектінің бірді, білімдінің мыңды жығатынын» қуаттай түседі. Әрине, «оқу инемен құдық қазғандай», деген мақалдың қадірін ҰБТ дайындауда түсіндім. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда білім алушыға барлық жағдай жасалған. «1-қыркүйек – білім күні» деп жарияланған. Арнайы бір күнді «Білім күні» деп атаудың өзі халқымыздың білімге деген талпынысын, білімге құштарлығын көрсете түссе керек. «Бүгінгі өскелең ұрпағымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті тұңғыш Елбасы. Осы парызды орындауымыз керек.
49. Б.Соқпақбаевтың «Біз де бала болғанбыз» шығармасындағы балалар өмірі мен қазіргі замандағы балалар өмірін салыстырып жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |