Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!



бет7/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
эссе2020

47. Ой түбінде жатқан сөз... Өзіңізді толғандырып жүрген мәселе жөнінде жазыңыз.
«Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз, шер толқытса шығады» демеп пе еді Асан қайғы бабамыз. Құдайға шүкір, ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш шақта өмір сүріп жатырмыз. Рас, технологиямыз дамып, ақпараттар тасқыны толассыз ағылып жатыр. Экономикамыз өрлеп, жағдайымыз жақсарып-ақ қалды. Халықтың әл-ауқаты жаман емес. Алайда, еліміз қазіргі уақытта көптеген өзгеріске ұшырауда.Көптеген жерлеріміз шөлейттеніп, топырақ бүлініп жатыр.Оған қоса адамдар жердің әрбір бөлігіне өздерінің қоқыстарын тастап жүр.Біз бұның бәріне салғырт қарап отырмыз.Біз әрекет етпесек, біздің өмір сүруіміз қиындауы мүмкін.Және тағы бір айтарлықтай жайт елімізде көптеген өсімдіктер болса екен деймін
Дегенмен, мені толғандырар мәселелер де аз емес. Айта берсек, мәселе көп… Биыл мен 11 сыныпты бітіремін. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.
Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! "Егер қазіргі таңда кімде-кім баласының болашағын ойласа, кейін қай тілде оқытса да, балабақшадан бастап кемінде 3-4 сыныпқа дейін қазақ тілінде оқыту керек, Бұл өз өмірімдегі тәжірибем және әкемнің ақылы."-деп Мұхтар Әуезов атамыздың ұлы Мұрат Әуезов әкесінің өсиетін айтқан екен. Нағыз қазақ елінің, тілінің жанашырлары осылай дегенде осы сөзден асып бізге не жоқ?! Сөзімнің түйіні мынау:"Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу үшін білімнің тұнығынан сусындату қажет. Мен үшін білімнің тұнығы ана тілімнің арқасында ғана бойға дариды." Ел болам десең бесігіңді түзе демекші "еңселі ел" болу үшін ең алдымен, жас ұрпақ бойына мектеп деген алтын бесігімізден бастап, ол бала ес білгенге дейін тек қазақша білім беріп, ол баланың рухани, қазақи иммунитетін жетілдіру керек. Бұл мәселелердің негізгі мәні , қазақ жастарының, ол ауыл немесе қала болама, жастардың арасындағы жұмыссыздық, мәдени және саяси сауатсыздық, білімге деген, ғылымға деген құштарлықтардың жоқтығын жойып, сауатты қазақ жастарын қалыптастыру және жастар проблемаларын шешу. Коронавирустар-бұл жануарлар арасында да, адамдар арасында да таралған вирустардың үлкен тобы да біздің елімізге зиянын тигізді. Қазіргі демографиялық проблемалар да мені қатты алаңдатады.
Алайда, еліміз қазіргі уақытта көптеген өзгеріске ұшырауда.Көптеген жерлеріміз шөлейттеніп, топырақ бүлініп жатыр.Оған қоса адамдар жердің әрбір бөлігіне өздерінің қоқыстарын тастап жүр.Біз бұның бәріне салғырт қарап отырмыз.Біз әрекет етпесек, біздің өмір сүруіміз қиындауы мүмкін.Және тағы бір айтарлықтай жайт елімізде көптеген өсімдіктер болса екен деймін

46. «Мәңгілік өмір жасап өлмегені -


Батырдың ел аузында аты қалса...» - деген ойды Кеңес Одағының Батыры Т.Тоқтаровтың ерлігі жайлы дәлелдермен өрбітіп жазыңыз. (Т.Тоқтаровтың туғанына 100 жыл, Жеңістің 75 жылдығы)
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл болды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыл ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды
Ұлы Жеңіске үлестерін қосқан қазақтың ержүрек ұлдарының бірі Төлеген Тоқтаров болды. БиылТөлегеннің туғанына жүз жыл толады. Соғыс қарсаңында Риддер қаласы маңындағы қорғасын зауытында жұмысшы болды Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың желтоқсанында шақырылып, Калинин майданы 3-екпінді армия 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Дивизияның «Отан үшін» газеті ержүрек автоматшының бір тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино селосына алдыңғылардың қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы 9 ақпанда Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып, қаза болған. Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаорвқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін, ақын Н.Баймұратов «Ер Толеген» дастанын жазды. Риддер полиметалл комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10 мектепке оның есімі берілген. Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған батыр есімі ел аузында мәңгілік жасап қалады. 
Қорытындылай келе біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімесінен соғыстың не екенін түсініп, жанымыз түршігеді. Қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан ата-апаларымыздың рухына мәңгі тағзым етеміз.

46. «Мәңгілік өмір жасап өлмегені -




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет