Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата04.02.2017
өлшемі13,95 Mb.
#3380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Айдарбаева Р., т.ғ.к., 
Д. Серікбаев атындағы 
Шығыс Қазақстан 
Мемлекеттік техникалық 
университетінің доценті 
Ұлы Отан  соғысы тарихының 
ақтаңдақ беттерінен 


 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№2 (58) 2015 
Барбаросса  жоспарын  жасаған  кезде  фашистік 
Германияның  басшылары  КСРО-ны  «сансыз  көп 
жасанды және тұрақсыз халықтар бірлестігі», өзін-
ше  бір  «ішкі  бірліктен  жұрдай  этникалық  конгло-
мерат»  деп  қарастырды.  «Ресейдің  кең  байтақ 
жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саяса-
тымыз,-  деді  Гитлер  өз  сыбайластарына,  -  алауыз-
дық  пен  жікке  бөлінудің  кез  келген  түріне  қолдау 
көрсету болуға тиіс». 
Фашистер  басып  алынған  кеңес  аумағында 
Остланд (Беларуссия мен Балтық жағалауы), Укра-
ина,  Московия  (Ресей)  және  Кавказ,  елдің  шығыс 
шет аймақтарында Түркістан және Еділ-Орал рейх-
комиссариатын  құруды  жоспарлады.  «Үлкен 
Түркістан»  отарының  құрамына  Қазақстан,  Орта 
Азия,  Татарстан,  Башқұртстан,  Әзербайжан, 
Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның 
солтүстік бөлігі енгізу жоспарланды. 
Соғыстың  алғашқы  бес  айында  фашистік  Гер-
мания  ел  халқының  40  пайызы  тұратын  аумақты 
жаулап  алды.  Бұл  аумақта  КСРО-дағы  шойынның 
68  пайызы,  болат  пен  алюминийдің  58  пайызы, 
көмірдің  65  пайызы,  темір  жол  жабдығының  40 
пайызы  өндірілетін.  Қалыптасқан  жағдайда  жауды 
жеңу үшін ең алдымен тез арада экономиканы әске-
ри бағытқа көшіру қажеттігі туындады. 
Майдан шебінен адамдардың, өндіріс потенци-
алының  және  мәдени  байлықтардың  еріксіз 
көшірілуі зор көлемде жүргізілді. Жаулап алу қаупі 
төнген аудандардан темір жол арқылы 1,5 млн. ва-
гон жүк елдің шығыс бөліктеріне жеткізілді. 
Соғыстың  алғашқы  айларынан-ақ  республика 
өнеркәсібін конверсиялау жүзеге асырыла бастады. 
Елдің шикізатық базасы толықтай игеріле бастады. 
Қазақстанда  460  жаңа  зауыт-фабракалар  іске 
қосылды.  Олардың  ішінде  жиырмаға  жуық  әскері 
өндіріс  кәсіпорындары,  Шығыс-Қоңырат  комбина-
ты,  Ақтөбе  ферросплав  зауыты  (1943  ж.),  25  ірі 
кеніш,  Донск  хромит  кеніші,  Ақшатау  молибден-
вольфрам,  Текелі  полиметалл  комбинаттары,  көп-
теген  шахталар,  мұнай  құбырлары  бар.  Осының 
нәтижесінде  Қазақстан  майданның  сарқылмас  кен 
қоймасына  айналды.  Шығыс-Қоңырат  Одақта 
шығарылатын  100  тонна  молибденнің  60  пайызын 
берді.  Соғыс  жылдары  Қазақстан  қорғасынның  85 
пайызын,  полиметалл  рудаларының  70  пайызын, 
мыс рудасының - 50, вольфрамның - 20, молибден-
нің  40  пайызын  беріп  отырды.  38  күнде  іске 
қосылған  Жезді  кеніші  марганецті  жалғыз  өзі 
өндіретіндей дәрежеге көтерілді. 
Қазақстанның 1940 ж. Одақтағы көмір өндіру-
дегі үлесі 4,2 пайызды құраса, 1945 ж. бұл көрсет-
кіш екі есе артты. Қарағанды кені бір өзі сол жыл-
дары  көмір  өндіруді  70  пайызға  арттырды.  Төрт 
жылда  34  млн.  тонна  көмір  шығарды,  бұл  бас-
сейннің бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тон-
на  артық  еді.  Қазақстан  мұнайын  өндіруде  аса 
маңызды  міндеттердің  бірі  болды.  «Ембімұнай» 
тресіне қосымша 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, ондаған 
мұнай  құбырлары  іске  қосылды.  Соғыстың  төрт 
жылында  республикада  мұнай  өндіру  40  пайызға 
артты. Өнеркәсіпті қарқынды дамыту үшін энергия 
көздерін  дамыту  қажет  еді.  Соғыс  жылдары 
жаңадан  электр  стансалары,  әсіресе  Солтүстік 
Қазақстан  мен  Қарағанды  облыстарында  салынды. 
Соның нәтижесінде электр қуаты өсті: 1940 ж. 632 
млн.квт-сағат  өндірілсе,  1945ж.  148  млн.квт-
сағатқа жетті (яғни 1,8 есе өсті). 1942 жылы Қарта-
лы-Ақмола  темір  жолы  тұрақты  пайдалануға 
берілді. Басқұншақ - Мақат темір жолы салына ба-
стады, Кузбассты, Қарағандыны Оралмен және По-
волжьемен  жалғастыратын  магистральдарда, 
сондай-ақ Ашхабад, Орынбор, Рязань - Орал темір 
жолдарында  поезды  көп  жүргізудің  нақты  жұмы-
стары жүргізілді [2].  
Осындай  қиын-қыстау  күн  туған  кезде  Қазақ-
стан  ел  қорғанысын  арттыруға  осылайша  үлес 
қосып,  ортақ  Жеңісті  жақындатқаны  шындық. 
Дүние  жүзін  фашизм  қаупінен  құтқаруда  кеңес 
әскері шешуші рөл атқарғандығын ешкім де жоққа 
шығара алмайды. 
 Сонымен қатар, бұл соғыстың тарихында кей-
бір  ақтаңдақ  беттердің  бар  екендігін  де  мойын-
дауымыз  керек.  Мысалы,  Кеңес  үкіметі  тылды 
еңбек  күшімен  қамтамасыз  етуде  1916  ж.  патша 
өкіметі қолданған саясатты шебер пайдалана білді. 
«Еңбек  майданы»  деген  құрылып,  оған  Қазақстан-
нан  700  мың  адам  тартылды,  оның  200  мыңы 
қазақтар  болды.  Адам  айтқысыз  ауыр  жағдайда 
еңбек еткен олар ортақ Жеңіске өздерінің лайықты 
үлестерін  қоса  білді.  Бірақ  осы  мәселені  арнайы 
зерттеген, оған шынайы баға берген зерттеулер әлі 
де жоқтың қасы. 
Соғыс  жылдары  әрбір  төртінші  қазақстандық 
қолына  қару  алып,  әскер  қатарына  тұрды.  Тіпті  өз 
аумағында  соғыс  қимылдары  жүрген  мемлекет-
тердің  өзінде  бұл  көрсеткіш  әлдеқайда  төмен 
болған.  Мысалы,  Германияда  майданға  шақы-
рылған адамдардың саны халықтың тек 12 пайызын 
ғана  құраған  болатын.  Еңбекке  жарамды  осынша 
адамның  майданға  аттануы республиканың  жұмыс 
күшіне  қатты  соққы  болды.  Әсіресе  ауыл  шару-
ашылығы өзінің ең білікті мамандарынан - механи-
заторлардан,  жүргізушілерден  айрылды.  Басты 
ауыртпалық әйелдер, балалар мен қарттарға түсті. 
Бір  ғана  жыл  ішінде  (1941  ж.-дан  1942  ж.-ға 
дейін)  колхоздардаға  еңбекке  жарамды  адамдар 
саны 164 мыңға кеміді. 1944 ж. колхозда еңбек ету-
шілердің (1056100 адам) 20 пайызын - ерлер, 58 па-
йызын - әйелдер, ал балалар - 22 пайызын құрады. 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 

Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№2 (58) 2015 
Соғыстың  алғашқы  кезеңінен-ақ  қазақстан-
дықтар қан майдаңда жаумен шайқасты. Мыңдаған 
кеңес  әскерлерінің  табанды  қарсылығына  қарама-
стан  алғашқыда  соғыс  қайғылы  жағдайда  өрістеді, 
кеңес  әскері  ауыр  жеңілістерге  ұшырап,  шегінуге 
мәжбүр болды. 
Ірі  жеңілістерге  ұшырауымыздың  себептері 
көп. Біріншіден, бүкіл Еуропаны жаулап алған Гит-
лердің әскери және экономикалық мүмкіншіліктері 
аса мол болды. Жаулап алынған елдердің барлығы-
ның  экономикасы  вермахтқа  жұмыс  істеді.  Екін-
шіден, 1939 ж. бастап соғыс қимылдарына қатысып 
келе  жатқан  неміс  әскерінің  соғыс  тәжірибесі  де 
анағұрлым артық болды. 
Алайда,  соғыстың  алғашқы  кезеңінде  ауыр 
жеңіліске  ұшырауымызға  Кеңес  басшылығының 
жіберген  қателіктері  де  өзіндік  әсер  етті.  КСРО- 
ның  соғыс  алдында  жүргізген  сыртқы  саясаты 
нәтижесінде  еліміз  соғысты  одақтастарсыз  баста-
ды.  Қызыл  Армияның  соғысқа  дайындығы  өз 
деңгейінде  болған  жоқ.  Армияның  қайта  құрылуы 
мен  қаруландыруы  аяқталмаған  еді.  Соғыстың  ал-
дында кеңес елінің батыс шекарасы біраз кеңейтіл-
гені  белгілі.  Алайда  соғыс  басталғанға  дейін  ол 
жерлерде  қажетті  қорғаныс  нысандарының  құры-
лысы  аяқталған  жоқ  болатын.  1937-1938  жж.  ре-
прессиялардан  кейін  Қызыл  армияның  жауын-
герлік даярлық дәрежесі мен тәртібі де күрт төмен-
деп  кетті.  Әскери  істерге  Сталиннің  араласуы 
жағдайды одан әрі қиындатты. 
Міне, осы себептерге байланысты Кеңес әскер-
лері бірсыпыра жеңілістерге, адам күші мен техни-
касы жөнінен көп шығынға ұшырады. Жалпы Екін-
ші  дүние  жүзілік  соғыс  майданында  60  млн.-нан 
астам  адам  қаза  тапты.  Соның  27  млн.-ы  кеңес  
азаматтары.  
Ұзақ уақыт бойы кеңес әскери тұтқындарының 
мәселесі туралы ашық айтылмай келді. Соғыс жыл-
дары  барлығы  4  млн.  559  мың  адам  тұтқынға 
түскен  болса,    соның  ішінде  1941  ж.  алты  айында 
ғана  тұтқынға түскендер саны – 3 млн. 400 мыңға 
жеткен. 1942 ж. қаңтарына қарай оның 2 млн.  қай-
тыс болған. Қазақстаннан қан майданға аттанған 1 
млн.  200  мыңға  жуық  адамның  601  мыңы  елге 
оралмады.  Бұл  Қазақстан  халқының  11,2  пайызы. 
Ал Шығыс Қазақстан облысынан соғысқа аттанған 
180  мың  адамның  96  мыңға  жуығы  соғыста  қаза 
тапса,  45  мыңдай  шығысқазақстандық  майданда 
хабарсыз  кетті.  Соғыс  жылдары  халық  өсімі  азай-
ды.  1940  жылғы  өсіммен  есептегенде,  соғыс  жыл-
дары 592 мың бала кем туды. Сонда Қазақстанның 
тура  және  жанама  адам  шығыны  1.202.000  адам. 
Бұл  бүкіл  Одақ  бойынша  соғыс  жүрген  аудандар-
дан кейінгі көрсеткіш [3]. 
Майдандағы  ерліктері  үшін  500  қазақстандық 
Кеңестер Одағының Батыры атаған алды,  олардың 
109-ы  –  Шығыс  Қазақстан  облысынан.  Төрт 
қазақстандық    мұндай  құрметке  екі  рет  ие  болды: 
ұшқыштар  С.Луганский,  Т.Бигельдинов,  Л.Беда, 
И.Павлов.  Қаза  тапқаннан  кейін  Батырдың  Алтын 
Жұлдызымен  пулеметші  М.Мәметова  мен  мерген 
Ә.Молдағүлова марапатталды.  
Кестеде  көрсетілгеніндей,  кеңес  әскері 
жеңіліске  ұшырап,  шегінуге  мәжбүр  болған  соғы-
стың  алғашқы  кезінде  бұл  атаққа  ие  болған  адам-
дар  саны  әлдеқайда  аз  болған.  Бұл,  әрине,  ерлік 
үлгілері  осы  кезеңде  аз  көрсетілді  дегенді  білдір-
мейді.  Ал  кеңес  әскері  ірі жеңістерге  жетіп,  соғыс 
барысында  түбегейлі  өзгеріс  болған  кезеңде  бұл 
атаққа  ие  болғандар  әлдеқайда  көп  болған.  Соғыс 
барысында  97  қазақ  Кеңестер  Одағының  Батыры 
атағын алса, ең соңғы болып бұл атаққа 1990 жылы 
Бауыржан Момышұлы ие болды. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  осы  соғыс 
төңірегіндегі  пікірталастар  әлі  де  толастаған  жоқ. 
Батыс ғалымдарының бір тобы соғыстың басталуы-
на КСРО да жауапты дегенді дәлелдеуге тырысуда. 
Сол  жылдары  еліміз  басшылығы  тарапынан 
жіберілген  кейбір  қателіктерді  мойындай  отырып, 
Кеңес  әскерлерінің    осы  соғыстағы  Ұлы  Жеңісі 
дүние  жүзі  халықтарын  фашизм  құлдығынан 
сақтап қалғандығы - тарихи ақиқат екендігін естен 
шығармауымыз  керек.  Осы  Ұлы  Жеңіске    өз  Ота-
нын  қорғауға  аттанған  қазақстандықтар  да  сүбелі 
үлестерін қосты. 
Ұлы Отан соғысы жылдары  
Кеңестер Одағы Батыры атағын алғандар 
11 633 
Олардың ішінде, 
- 1941-ж. маусымынан- 
1942 ж.қарашасына дейін 
625 (6 қазақ) 
- 1942 ж. Қарашасынан- 
1943 ж. желтоқсанына дейін 
6358 (41 қазақ) 
- 1943 ж. желтоқсанынан- 
1944 ж. қазанына дейін 
2806 (15 қазақ 
1944-1945 жж. 
4202 (35)  
Қолданылған әдебиеттер: 
1. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Алматы: Ғылым, 1998.- Т.1.- 334 б. 
2. «Белые пятна» военной истории. Online-конференция // www.rian.ru 
3. Абдакимов А. История Казахстана. Алматы: ТОО «Издательский дом «Қазақстан», 2001.- 488 с. 


 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№2 (58) 2015 
Ә 
рбір  қоғамдағы  тарихи  уақыт-
тың  міндеттерін  анықтау,  еліміздің 
тарихының елеулі оқиғалары жайында 
нақты дерек қалдыру, сондай-ақ өткен 
жайларды  тарихи  деректермен  салыс-
тыра  отырып  зерделеу,  назар  аудару 
бүгінгі  ұрпақтың  басты  міндеті 
болмақ. 
Сол  сияқты,  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарындағы  шығысқазақстан-
дықтардың  еңбек  тарихын,  бұрын 
мүлде  айналымда  болмаған  тарихи 
мәліметтер тұрғысынан зерттеу, оның 
әр  қырлы  жақтарын  ашу,  сол  кездегі 
жағдайларды,  қазіргі  кезеңнің  тала-
бына  сай,  анық,  ақиқаттық  тұрғыдан 
зерттеудің  өзектілігіне  орай,  осы 
бағытта  туған  өлкенің  тарихында 
шығысқазақстандықтардың  отаны-
мыздың  қиын-қыстау  кезеңінде 
қосқан үлестері жайлы мәліметтермен 
Шығыс  Қазақстан  облыстық  мемле-
кеттік  мұрағатының  қорларында  сақ-
талған  материалдар  арқылы  танысуға 
болады.   
Шығысқазақстандықтардың  еңбек-
терінің  тарихы  жайлы  жазылған  ең-
бектерді  бүгінде  кездестіре  алмайсыз. 
Көбінесе  тарихи  зерттеулерде,  баспа-
сөз  материалдарында  бұл  мәселенің 
кейбір  аспектілері  ғана  қаралады. 
Сондықтан  жергілікті  мұрағат  арқы-
лы, еліміздің қазіргі кезеңіндегі бұрын 
қамтылған  жақтарынан  өлкеміздің 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 
майдандағы  жауынгерлерге  көмек 
көрсету мақсатында жасаған іс- шара-
ларының,  ерен  еңбектерінің  орны 
ерекше.  Өңірдің    Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарындағы  тарихын  зерттеу, 
деректерді  қарап  ғылыми  айналымға 
енгізу  бүгінгі  тарих  ғылымының 
алдында тұрған міндеттердің бірі. 
Шығыс  Қазақстан  облыстық 
мемлекеттік мұрағатының деректерін-
дегі  бай  құжаттардың  12  қоры,  атап  
 
айтқанда,  №3,  13,  270,  279,  321,  370, 
454,  787,  176,  746,  745,  753  және осы 
мұрағаттың  Риддер  бөлімшесінің  3 
қоры:  №1,  137,  191;  Зайсан 
бөлімшесінің  6  қоры:  №5,  6,  29,  63, 
105, 260; Зырян бөлімшесінің 7 қоры: 
№3,  4,  5,  6,  7,  187,  191  қорларының 
құжаттары  арқылы  Шығыс  Қазақстан 
өңірінің  Зайсан,  Ұлан,  Тарбағатай, 
Күршім,  Марқакөл,  Өскемен,  Зырян, 
Киров,  Самар,  Катон-Қарағай, 
Шемонайха,  Бұқтырма,  Глубокое, 
Ақсуат,  Большенарым,  Лениногор, 
Риддер,  Таврия,  Предгорный  аудан-
дарының  еңбекші  халқының  Ұлы 
Отан  соғысы  жылдарындағы  майдан-
дағы жауынгерлерге көрсеткен көмегі 
мен  қолдауы  жайлы  мол  мағлұмат-
тарды кездестіруге болады.  
Осы  кезеңдегі  қарастырылып 
отырған  кезеңдегі  мұрағат  материал-
дарының келесі тобын, осы мұрағатта 
сақталған,  келесі  облыстық  «Больше-
вик  Алтая»,  Киров  ауданының  «При-
иртышский  коммунар»,  Риддер 
ауданының  «Риддерский  рабочий», 
Таврия  ауданының  «Путь  Ильича», 
Катон-Қарағай  ауданының  «Сталин-
ское  знамя»,  Тарбағатай  ауданының 
«Большевиктік  колхоз»,  Зайсан  ауда-
нының «За большевистские клохозы», 
Самар  ауданының  «Сталинец», 
Предгорный  ауданының  «Алтайский 
колхозник»  атты  мерзімдік  басылым-
дарының  әр  жылдарындағы  сандары-
ның  беттерінде  берілген  материал-
дардың орны ерекше.    
Шығыс  Қазақстан  облыстық  мем-
лекеттік  мұрағатында  «1941-1945 
жылдардағы  Ұлы  Отан  соғыс 
жылдарындағы  шығысқазақстан-
дықтар»  атты  қор  құрылған.  Онда 
жауынгерлер  естеліктері,  анкета, 
әскери  хаттар,  фотосуреттер,  жеке 
істер  жинақталған.  Нәтижесінде 
майдангерлер  мұрағатқа  майдан 
Нұрбекова Р., т.ғ.к., 
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ 
филиалы ШҚО бойынша 
ПҚ БАИ-дың  
аға оқытушысы  
ҰОС жылдарындағы шығысқазақстандықтардың 
еңбек тарихын зерттеудегі мұрағаттың рөлі 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 

Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№2 (58) 2015 
кезіндегі  жеке  полкпен  түскен  фотосуреттерін, 
естелік  хаттарын  жібере  бастады.  Осыған  сәйкес, 
мұрағат  қорында  бұрын  белгілі  болмаған  мағ-
лұматтар  айналысқа  енді.  Яғни,  облыс  шеңберін-
дегі  1941-1945  жылдардағы    шығысқазақстан-
дықтардың  Ұлы  Отан  соғыс  кезіндегі    майдан-
герлер,  тыл  еңбеккерлерінің  ерен  еңбегі,  еске-
рілмей қалған азаматтардың, өнеркәсіп, ауыл шар-
уашылық  ұжымдарының  қызметі  жайлы  мұрағат 
деректерін  пайдалана  отырып,  айналымға  енбеген 
еңбектер арқылы, тарихта еленбей қалған тұстарын 
жаңа қырынан көрсетуге болады.  
Соғыстың  басталуымен-ақ  майдандағы  тікелей 
соғыс  қимылдарына  қатысқан  шығысқазақ-
стандықтар  өшпес  ерліктің,  батырлық  пен  қаhар-
мандықтың үлгісін көрсетті.  
Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңістің  маңызды 
факторларының бірі халықтың майданға көрсеткен 
көмегі  болды.  Соғыстың  алғашқы  күндерінен 
бастап-ақ,  елдің  ішкі  өмірі  мен  экономикасын 
майдан  талабына  сай  қайта  құруға  және  қызыл 
армияның қорғаныс қуатын арттыруға байланысты 
көптеген  шаралар  іске  асырыла  бастады.  Соғыс 
заемдарын  тарату  жөнінде  Қазақстанның  Шығыс 
өңірі  тыл  аймақтарының  ішіндегі  алдыңғы 
орындардың  бірінде  болды.  Майдандағы  армияны 
қамқорлыққа алу, оларға материалдық және рухани 
көмек  беру  жерлестеріміздің  қасиетті  борышына 
айналды.  Қызыл  Армияға  жылы  киім,  жүздеген 
эшалон сыйлықтар жиналып жөнелтілді.  
Шығыс  Қазақстан  облыстық  мемлекеттік 
мұрағатының  мағлұматтарын  саралай  отыра,  Отан 
қорғау  қорына  арнайы  есеп  ашылғаннан  кейін 
мемлекеттік банк бөлімшелері еңбекшілердің жеке 
өз қаражатынан берген ақшалай көмегін қабылдап 
ала  бастады.  Есеп  шоты  ашылысымен  1941 
жылдың қарашасына дейін ШҚО қорғаныс қорына 
1438000  сом,  оның  ішінде  жеке-жеке  Өскемен 
еңбекшілері  352000  сом,  Лениногор  кеншілері 
322000  сом,  Шемонаиха  еңбекшіліері  139000  сом, 
Бұқтырма  ауданы  138000  сом  аударды.  Өскемен 
қаласының  халқы  мемлекеттік  банкіге  112,9  кг. 
алтынмен, 5,9 кг күміс тапсырды. Облыс бойынша 
1  қазанға  дейін  6987000  облигация  заемдері 
өткізілді.  Лениногордан  149000  сом,  Өскеменнен 
908000,  Зырян  ауданынан  589000,  Зайсан 
ауданынан 508000 облигация түсті [1, 2].  
Облыс  бойынша  1941  жылдың  26  қазанына 
дейін  2166000  облигация  заемдері  өткізілді.  Онда 
Лениногордан  581000  сом,  Өскеменнен  553000, 
Зырян  ауданынан  208000,  Зырян  қаласы  бойынша 
208000,  Предгорныйдан  154000,  Шемонаихадан 
113000,  Самардан  111000  сом  және  9  млн  обли-
гация  мемлекеттік  заемдар  бойынша  тапсырылды 
[2,  2].  Ал  қарашада  облыс  бойынша  8520000, 
Лениногордан  1812000,  Өскеменнен  161200, 
Зайсаннан 771000, Зыряннан 679000 сом облигация 
тапсырылды [3, 2].  
1941  жылдың  қараша  айында  тек  Лениногор 
қорғаныс  зауытының  ұжымы  қорғаныс  қорына 
33685,  ал  желтоқсанда  224260  сом  облигация 
тапсырған  [4, 2].   
1941 жылдың күзінде Риддерге Люберец электр
-техникалық  зауыты,  Мәскеу  энергетикалық 
институты,  артиллериялық  мектеп,  23  госпиталь; 
Өскеменге Симферополь мотожөндеу зауыты; 1942 
жылы  Орджоникидзе  қаласынан  «Электормыс» 
зауыты  эвакуацияланды.  Мұнда  2000  жұмысшы, 
инженер-техниктер  олардың  отбасыларымен  келді 
[5,  39].    Көптеген  елді  мекендер  мен  үлкен 
қалаларда,  ұжымжар-кеңшар  орталықтарында  үгіт 
пункттері  қорғаныс  қорына  қаржы  қабылдайтын 
қоғамдық орындарға айналды.  
Зайсан ауданынан 1941 жылы 1145, 1942 жылы 
4098  адам  соғысқа,  276  адам  еңбек  армиясы 
қатарына  жіберілді.  Жалпы  төрт  жарым  жылда 
соғысқа  6569  және  еңбек  армиясына  1099 
зайсандықтар  аттанды.  Бұлардың  ұлттық  құрамы: 
2673-і орыс, 4889-ы қазақ, 69-ы татар, 15-і украин, 
13-і  басқа  ұлттардан  болған.  Олар  Мәскеу, 
Ленинград,  Белоруссия,  Сталинград,  Қырым, 
Украина,  Балтық  жағалауындағы  елдерді  қорғауға 
қатысқан.  Біразы  батыстағы  соғыс  аяқталысымен, 
1945 жылы шілде - тамыз айларында Жапониямен 
соғысқа қатысып, өздерінің жауынгерлік жолдарын 
Тынық мұхит жағасында аяқтайды. Ауданнан 2595 
адам қаза болса, оның 238 госпитальда жарадан көз 
жұмған,  1339-ы  хабар-ошарсыз,  175  адам  әртүрлі 
аурудан, 3 адам неміс тұтқынынан қаза болған  [6, 
4].  Зайсан  өңірінен  тек  1942  жылы  Отанға  716  ірі 
қара,  4141  қой,  166  бас  шошқа  тапсырылып, 
қорғаныс қорына 455 ірі қара, 1844 қой, 114 жылқы 
және  38  шошқа,  ет  қосымша  жіберілген.  Отан 
қорғау  қорына  және  Қазақстан  комсомолы  танк 
колоннасына 2,5 млн сом көмек берілді  [7, 102].  
Ал,  Тарбағатайдан  соғысқа  аттанған  2693 
жауынгердің 2125 соғыста көз жұмды. 1942 жылы 
аудандағы  Отан  қорғау  қорына  35  ірі-қара,  184  
қой-ешкі, 264  пұт  май,  1254 ц.  ет,  981  шолақ  тон, 
450 пима, 700 қалпақ, 2 тұлып, 26012 сом ақшалай, 
705000  заем,  677  тері,  524  кг  жүн  және 
оқушылардың  күшімен  23798  кг.  қара  металл 
дайындалып,  146557  сом  ақша,  6  кг    алтын  танк 
колоннасының  құрылысына  жіберілген.  1943 
жылға  дейін  Қызыл  Армияға  79  пұт  астық,  7600 
пұт ет, 3000 жуық жылы киім жөнелтілген [8, 26].  
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  Ұлан  ауданының 
халқы да 1941 жылы 13 кг. таза күміс жинап, мем-
лекетке  тапсырды.  Қызыл  Армияның  Сталинград, 
Орел-Курск  иініндегі  жеңісіне  орай,  ұжымшар 

10 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№2 (58) 2015 
мүшелері  жеке-жеке  меншік  қоймаларындағы 
астықтан 5 мың пұт жинаған. «Таулы Алтай» танк 
колоннасына,  «Калбаолово»  кен  басқармасының 
ұжымы 460 мың сом қаржы қосқан. Обухов кеңша-
рынан Х. Ақжолов А. Маресьев атанды, ол 19 жа-
сында  майданға  аттанып,  екі  аяғынан  айрылып, 
ауылға  қайтқысы  келмей,  бірақ  протезбен  жүруді 
үйреніп, шөп машинасында істеп, кейін шопан бол-
ған. «Қызыл Ту» орденімен марапатталған [9, 3].  
Еңбекшілердің  майданға жолдаған сәлемдемсін 
қабылдап  алу,  жөнелту  жұмысын  жолға  қоюда 
арнаулы шаралар іске асырылды.  
1942  жылы  Ұлы  Отан  соғысының  бас  кезінде 
облыс  көлемінде  қызылармия  отбасыларына  14 
млн  сом,  ҰОС  мүгедектеріне  600000  сом  және 
10000 сом бір рет берілетін жәрдем ақы, эвакуация-
ланған  халыққа  160000  сом  көмек  беріліп,  118000 
сом  тамақтарына,  400000  сом  баспаналарына 
жұмсалды  [10,  31].  1942  жылы  облыс  бойынша 
әскери  бюджет  67669300  сомға  бекітілді,  1941 
жылға  қарағанда  26,7  пайызға  қысқарды.  1942 
жылы  Катон-Қарағай  ауданы  «Шығыс  Қазақстан 
колхознигі» танкі қорына 1000030 сом жинады [11, 
1].  1942  жылы  қиын  жағдайларға  қарамастан,  
Кенді  Алтайда  Өскемен  СЭС,  өнеркәсіптік 
кәсіпорындар,  тұрғын  үйлер  салынып,  эвакуация-
лық пункттер қалыпқа келтірілді.  
1943  жылы  Қызыл  Армия  үшін  құрылған  ет 
қорына  ШҚО  аудандары  бойынша  11215  кг  ет 
өткізілген  [12,  1].  1943  жылы  облыс  еңбекшілері 
танк  колоннасы  мен  әскери  эскадрилия  құрылы-
сына  28  млн.-нан  аса  сом  бөлді.  Ауыл  шаруашы-
лық  азық-түліктерін  жіберді.  Әскери  заем  57  млн 
болды, ал 1942 жылы 37 млн болған еді [13, 35].  
Қызыл  Армияның  Бас  Қолбасшылығының 
есебіне  жоспардан  тыс  өнім  шығаруда  өндіріс 
орындары  ерекше  қарқынмен  жүргізілді.  Қорға-
сынды  бұрынғыдан  да  көп  өндіру  қажет  болды. 
Лениногор  аудандық  атқару  комитетінің  төрағасы 
Вдовин,  1943  жылы  3  сәуірде  Мәскеуге  жіберген 
жолдау  хатында  үкіметтің  қорғанысына  Жоғарғы 
Басқолбасшының ерекше қорына аудан еңбекшіле-
рінің  3556799  сом,  16  вагон  азық-түлік,  қорғаныс 
қорына  3777602  сом,  74000  тонна  қорғасын,  танк 
колоннасы  құрылысына  еңбекшілер  өз  жинақ 
кассаларындағы  ақшаларынан  214824  сом  жібер-
гені жайлы баяндаған [14, 2]. Бұл армия мен флот-
ты  қаруландыруда,  майданға  қажетті  өнім 
шығаруға  қосымша  себін  тигізген  ерекше  көмек 
болды.  Облыстың  халық шаруашылығы өндірістік 
жоспарды  артығымен  орындады.  Облыс  жауға 
қарсы  он  оқтың  төртеуін  берді.  МҚК-нің  арнаулы 
тапсырмаларын  орындап,  түсті  және  сирек 
кездесетін  металдар  шығаруда,  КСРО  Жоғарғы 
Кеңесінің  Президиумының  Жарлықтарымен  163 
жұмысшы,  инженер  және  техниктер  және  ұжым-
шар  мүшелері  орден  және  медалдармен  марапат-
талды [5, 40].  
Соғыс кезінде шығысқазақстандықтар қорғаныс 
қорына  500000  пұт  астық  берді.  Облыс 
еңбеккерлері  200000  аса  жылы  киім,  Ленинградқа 
380 т. азық-түлік жөнелтіп, майдан қорына 53 млн 
сом қаржы, 65 кг күміс, 500000 пұт астық, 150000 
дана  жыл  киім,  қорғасын  қорына  10387000  ақша, 
19718000 сом мемлекеттік заем тапсырды  [12, 5].  
Ұлы  Отан  соғысы  кезіндегі  қиын  сәттерде 
адамдардың  бойында  майданға  барынша 
көмектесіп,  Жеңіс  күнін  жақындатуға  үлес  қосқан 
ерлік-дәстүрлері еліміздің ерлік шежіресінен өзінің 
лайықты орнын алары сөзсіз.  
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  майдандағы 
жауынгерлердің  ерен  ерлігімен  қатар,  тыл  еңбек-
керлерінің  майданға  қосқан  үлесі  жөніндегі  мате-
риалдарды  тарихи  зерттеу  негізіне  ала  отырып, 
жаңа  тарихи  көзқарастар  тұрғысында,  жаңа 
мұрағаттық  деректерді  саралап,  таңдау  барысында 
тұтас  белгілі  бір  сабақтастыққа  негізделген 
өлкеміздің  тарихының  жаңа  беттерін  ашуға 
болады.  Өлкеміздің  кешегі  тарихының  материал-
дарын  беріп,  таныстырып  отырған  Шығыс 
Қазақстан  облыстық  мемлекеттік  мұрағатының 
қызметі,  мұрағаттың  кешегі  және  бүгінгі 
тарихымен  тағдырлары  сабақтасып  жатқан 
қызметкерлерінің ерен еңбегі.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет