Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата08.02.2017
өлшемі12,38 Mb.
#3669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

сәуір  айында  өткен  PISA-2012 
негізгі  зерттеуіне  қатысуы,  өзін-өзі 
дамытуды  максималды  түрде  іске 
асыру  мен  қоғам  өмірінде  орынды 
қатысу  үшін  өздігінен  іздену,  талдау 
жасау,  құрылымдау,  ақпараттарды 
дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кезде  мектеп  бітірушінің 
дайындығы  қандай  болу  керектігі 
жайлы  көзқарастар  өзгеруде.  Мектеп 
бітірушілер  алған  білімдерін  әртүрлі 
өмірлік  жағдайларда  қолдана  алу 
дағдыларын дамытуы қажет. Бұл білім 
мектеп  түлегінің  алдағы  өмірінде 
қоғамда  өмір  сүруіне  және  алдағы 
өмірінде  білім  алуына  көмектеседі. 
PISA  зерттеуінің  мақсаты  оқушының 
мектеп  бағдарламасына  сай  пәндік 
білімдерін  тексеретін  басқа  бағдар-
ламалардан  ерекшелігі  оқушыларды 
«үлкен  өмірге»  дайындау  болып 
табылады. 
М. Алпыспаева, 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ   
филиалы, ШҚО бойынша 
ПҚ БАИ  аға оқытушысы 

12 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Зерттеу  туралы  қысқаша  ақпарат.  Оқу-
шылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  бойынша 
PISA  Халықаралық  бағдарламасы    оқушылардың 
оқу  барысында  алған  білімдері  мен  дағдыларын 
өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу  машықтарын, 
нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес 
мәселелерді  шеше  білу  құзіреттіліктерін  бағалауға 
бағытталған.  Бұл  зерттеу  Экономикалық  ынты-
мақтастық  және  даму  ұйымымен  (ЭЫДҰ)  жүзеге 
асырылады.  PISA  зерттеуі  2000  жылы  басталып, 
үш  жылдық  кезеңмен  өткізіледі.  Бұл  қатысушы-
елдерге  оқушылардың  білім  жетістіктерінің 
нәтижелеріндегі  қозғалысты,  білім  беру  жүйе-
сіндегі  болып  жатқан  өзгерістерді  бақылауға, 
жүргізілген  реформалардың  салдарын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  2009  жылы  бағдарламаның 
төртінші кезеңі аяқталды. Бұл бағдарлама аясында 
15  жасар  оқушылардың  білім  деңгейі  үш  бағыт 
бойынша  анықталады:  «оқу  сауаттылығы», 
«математикалық  сауаттылық»  және  «ғылыми 
жаратылыстану сауаттылығы» . 
Оқу сауттылығы – оқушының жазбаша мәтінді 
түсінуі және оның мазмұнын өз мақсатына жетуде, 
білімі мен мүмкіндіктерін дамытуда, қоғам өміріне 
белсенді қатысуына  рефлексиясы  
Сөйтіп 
«оқу 
сауаттылығы» 
терминінің 
мағынасы  кең.  Мәтін  бойынша  оқу  техникасы 
нақты  тексерілмейді.  Зерттеу  мақсаты  «оқу 
сауаттылығы»  туралы  қазіргі  түсінікті  білдіреді. 
Бұл түсінікке сәйкес мектеп түлегі мәтінді түсінуі, 
оның мазмұны туралы ойлануы, оқығаны бойынша 
мағынасын  түсініп,  ойлануы  қажет.  Оқушыларға 
әртүрлі  жанрдағы  мәтін  беріледі:  әдеби  шығар-
малардан үзінді, өмірбаян, құжаттар, хаттар, газет, 
журналдардан  мақалалар  т.б.  Оларда  ақпаратты 
беруде  түрлі  формалар  ұсынылады:  диаграмма, 
суреттер, карта, кесте және  график. 
Математикалық  сауаттылық  дегеніміз  - 
адамның  өзі  өмір  сүретін  қоғамдағы  математика-
ның  рөлін  анықтау  және  түсіну,  математикалық 
талқылауды білуі, математикалық қызығушылығы, 
ойлау қабілетіне қарай өмірде қолдана білуі. 
«Сауаттылық» термині математиканы мектепте-
гі  бағдарлама  бойынша  білім,  дағдыларын  тексе-
руге  емес,  негізгі  назар  математикалық  білімдерін 
ойлану мен шешім қабылдауды қажет ететін әртүр-
лі  жағдайларда  қолдануға  аударылады.  Ол  үшін 
мектептегі білімінің белгілі бір мөлшері қажет.  
Оқушыларға  оқулықтағы  емес,  практикалық  
жағдайлар  (медицина,  үй  жағдайы,  спорт  т.т.). 
тапсырмалар  ұсынылады.  Сонымен  бірге  әр  пән 
бойынша  білімдерін  тексеруді  мақсат  етпейді. 
Көптеген  жағдайларда  тек  математикадан  алған 
білімдері емес, басқа пәндерден алған білімдері де 
қажет болады. 
Ғылыми  жаратылыстану  сауаттылық  
ғылыми  жаратылыстану  сауаттылықтарын  күнде-
лікті  жағдайлардағы  проблемаларды  шешуге
зерттеу жұмыстарын жүргізуде  эксперимент және 
бақылау  жүргізу  және  нәтижелерін  жазуды 
меңгерулері. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны, 
оның  өзгеруіндегі  адамның  рөлін  түсінуі  және 
қажетті шараларды қолдана алуы үшін қажет. 
Ғылыми  жаратылыстану  білімдері  мен  дағды-
ларын  меңгерулері  зерттеу  кезінде  ғылыми  жара-
тылыстану  пәндері  (биология,  химия,  география, 
физика)  бойынша  қалыптасқандығы  қарасты-
рылады. 
Ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  келесі 
құрамдастардан  тұрады:  жалпыпәндік  дағды, 
ғылыми жаратылыстану бойынша алған білімдерін 
қажет  болғанда  қолдана  алу  дағдылары.  Зерттеу 
мақсаты:  аталған  білік-дағдыларды  кешенді 
тексеру.  Берілген  жағдаяттар  оқушыларға  күн-
делікті  өмірде  кездесетін  (мысалы,  диета  сақтау 
кезіндегі  азық-түлікті  пайдалану),  қоғам  мүшесі 
ретінде өзекті мәселелерге байланысты ұсынылады 
(қаладағы орнын анықтау) немесе әлемнің азаматы 
ретінде  (мысалы,  әлемдік  жылынудың  зардабы 
туралы ойлану).  
Тапсырмалардың  алдында  тексерілетін  білім 
аймағы  бойынша  түсініктеме  беріледі.  Тапсыр-
малар  түсініктемелері  бағалау  критерийлерімен 
бірге ұсынылады. 
Қолданылған әдебиет: 
1.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған 
ұлттық  іс-қимыл  жоспарын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  
25 маусымдағы № 832 Қаулысы 
2.  PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал, Астана 2013 
3.  Сергеева Т.  Новые информационные технолгии и содержание обучения (на примере предметов 
естественно-научного цикла)//. 1999.№1  

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
13 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Қ 
азақстанның  дамуының  қазір-
гі  кезеңі  әлемдік  тенденцияларға  сай 
мектептегі  білім  берудің  жаңа  ба-
сымдықтарын  анықтады.  Олардың 
ішінде  жетекші  болып  табылатын 
мектептегі  білім  берудің  сапасы 
Қазақстан  Республикасының  білім 
беру  дамуының  2011-2020  жылдарға 
арналған  Мемлекеттік  бағдарлама-
сында, сондай-ақ 2012-2016 жылдарға 
арналған  оқушылардың  функционал-
дық  сауаттылығын  жетілдіруде  Ұлт-
тық іс-шаралар жоспарында да көрініс 
тапқаны  белгілі.  Елбасы  Н.Ә.Назар-
баев  2012  жылғы  27  қаңтардағы 
«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту 
– Қазақстан дамуының басты бағыты» 
атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
мектеп  оқушыларының  функционал-
дық  сауаттылығын  дамыту  мақса-
тында «Мектеп оқушыларының функ-
ционалдық  сауаттылығын  дамыту» 
бойынша  бес  жылдық  ұлттық  жос-
парды  қабылдау  жөнінде  нақты 
міндет қойды. 
Оқушылар  арасында  функцио-
налды  сауаттылықты  қалыптастыру-
дың  жоғары  деңгейі  қоғамда  тиімді 
қызмет етудің қабілеттілігіне, өзін-өзі 
дамытуға  бағытталады.  Нәтижесінде, 
қоғамға 
функционалды 
сауатты, 
нәтижеге  бағытталған  және  маңызды 
жетістіктерге  жетуге  қабілетті  тұлға 
қалыптасады. 
Отандық  мектептегі  білім  беру 
жүйесінің  мақсаты  мен  мазмұнын 
жаңартуының  негізін  2009,  2012 
жылдары  Қазақстан  мүшесі  саналған  
PISA (Programmer for International Stu-
dent  Assessment)  халықаралық  зерт-
теулер құрайды.  
«Өрлеу» 
біліктілікті 
арттыру 
ұлттық  орталығы»  АҚ  филиалы 
Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша 
педагогикалық қызметкерлердің білік-
тілігін арттыру институты» 2014-2015 
оқу  жылының  қыркүйек-қазан  айла-
рында  Экономикалық  ынтымақтас-
тық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ) 
қолдауымен  өткізілетін  15  жастағы 
оқушылардың  оқу  жетістіктерін  баға-
лаудың  РІSА (Programmer for Interna-
tional  Student  Assessment)  халық-
аралық бағдарламасы негізінде  «РІSА 
–  халықаралық  зертттеулері  аясында 
оқу бойынша оқушылардың функцио-
налдық 
сауаттылығын 
дамытуды 
өткізу»  тақырыбында  курс  жүргізді. 
Оқушылардың  оқу  сауаттылығын 
дамыту  мақсатында  облыстағы  қазақ 
тілі  және  әдебиет,  математика,  жара-
тылыстану  ғылымдары  пәні  мұға-
лімдерін  РІSА  –  халықаралық  зерт-
теулеріне дайындауда. 
Қазақ  тілі  және  әдебиет  пәні 
бойынша  топ  жетекшіміз  –  Камзина 
Ардақ  Нурахметовна  мен  оқу  сауат-
тылығы бойынша тренеріміз – Астана 
қаласында  шетел  ұстаздарынан  білі-
мін  көтеріп,  біліктілігін  арттырып 
келген Құсайын Динара Бурабайқызы  
бізбен екі жұма еңбек етті. Осы уақыт 
аралығында  РІSА  –  халықаралық 
зерттеуінің  стратегияларымен,  әдіс-
тәсілдерімен,  оларды  мәтін  талдау 
барысында  орынды  қолдану,  аспекті 
мен  жағдаятқа  талдауды  толықтай 
меңгертуге 
тырысты. 
Шынында 
С. Кусманова, 
Үлкен-Владимировка  
орта мектебінің   
қазақ тілі және әдебиет 
пәні мұғалімі, 
Бесқарағай ауданы 
«Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, 
ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе»                                                                                                            
Ж.Аймауытұлы 

14 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
зерттеу  оқушы  қабілетін  емес,  оқушының  оқу 
барысында  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын 
өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу  ептіліктерін 
бағалауға  бағытталғанын  топтық  жұмыс  бары-
сында  түйсіндік.  Өзіміз  де  оқушы  рөлінде  болып, 
білімнің  алуан  түрлі  әдіс-тәсілдерін  топтық  жұ-
мыста  ұйымдастырудағы  мұғалім  ерекшелігінің 
алатын  орны  зор  екеніне  көзіміз  жетті.  Интер-
белсенді оқу мен оқытудан мынандай идеялар мен 
қағидалар туындайтынын байқадық: 
*  Үйрету  мүмкін  емес,  тек  үйрену  ғана 
ықтимал. 
*  Білім  дайын  күйінде  берілмейді,  ол  тек 
өздігімен игеріледі. 
*  Не  нәрсені  оқу/оқыту  емес,  «қалай»  оқу/
оқыту құрайды. 
*  Өмір бойы өздігінен оқу. 
Білім  дегеніміз  –  жеке  адамның  қандай  да 
болмасын мәселе не проблема, ақпарат пен мәлімет 
бойынша  құрастырған  ойы,  идеялары,  пікірі, 
көзқарасы,  түсінігі,  дәлелі,  уәждері,  тұжырымы. 
Иә,  «Егер  оқытуды  біреудің  басынан  басқаның 
басына  білім  тасымалдау  деп  түсінсек,  онда 
адамды  ешнәрсеге  де  үйретуге  болмайды»    деген 
Платонның  сөзі  еріксіз  ойға  оралады.  Адамды 
дұрыс  тәрбиелеп,  дамытса,  ең  басты  ақиқатты 
оның  өзі  ашады.  Кәсіп  тереңіне  әр  адам  өзі  ой 
толғатып  жетуі  керек,  барлығы  оның  өзіне 
ашылады.  Солайша  тұла  бойыңнан  Үлкен  Сананы 
ашасың.  Мұндайда  коллаборативті  орта-  таптыр-
майтын  тиімділік.  Өйткені,  осындай  орта  про-
блеманы  шешу,  тапсырманы орындау  немесе өнім 
шығарудағы  мұғалім  мен  оқушы  топтарының 
бірлескен  жұмысынан  тұратын  оқытуға  білімдік 
көзқарасты қалыптастырады. 
Түйіндейтін  болсақ,  оқушының  жас  ерекше-
лігін  ескере  келе,  оқушылар  РІSА  бағдар-
ламасының  сауатты  оқу  тапсырмасына  қатысуы 
үшін  ақпаратты  табу,  оны  сұрыптай  алу,  ережені 
практикада толық меңгеруі, интерпретациялау мен 
рефлексия  жасау  дағдысын  игеруі  қажет.  Динара 
Бурабайқызы  25  адамнан  тұратын  топты  шағын 
төрт  топқа  бөліп,  топқа  бөлу  түрлерін,  топтық 
жұмыстың  тиімділігін,  жағымды  жағын,  топтағы 
ынтымақтастық  пен  өзара  әрекеттегі  жұмыс 
стратегияларын  шебер  қолдана  білді.  Өзіндік 
жұмыс,  жоба  қорғау,  шағын  сабақтар  беру  сияқты 
тапсырмаларды  өзімізге  жүктеу  арқылы  берген 
білімінің нәтижесін көруге тырысты. 
Бұл  тапсырмалар  да  тектен  текке  берілмесе 
керек, әр ұстаз өзін оқушы рөлінде сезініп, ертеңгі 
күні  мектепке  барғанда  өз  оқушысын  да 
халықаралық  зерттеуге  осылай  дайындауы  қажет 
екенін  білуі  тиіс.  Топ  ішінде  ерекше  көзге  түсіп, 
курстың  бағдарламасын  меңгеруде  өзінің  үлесін 
қосқан  ұстаздар  да  аз  болмады,  Бородулихалық 
Ыкыласова  Асел  Женисовна,  Өскемендік  Табиева 
Бакытгуль  Алпысбаевна,  Глубокоедан  Нурсеитова 
Марфуға  Қабыкеновна,  Ұландық  Темиргалиева 
Салтанат  Муратбековна,  Үржарлық  Бегетаева 
Расима Анваровна сынды ұстаздар өз істерінің хас 
шеберлері екенін көрсете білді.  
Функционалдық  сауаттылық  –  адамдардың 
әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 
қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһан-
дану  дәуіріндегі  заман  ағымына,  жасына  қарамай 
ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына,  жасына 
қарамай  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Ондағы 
басты  мақсат  –  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және 
рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптас-
тыру,  оның  әлемде  әлеуметтік  бейімделуі  болып 
табылады. 
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 
- белсенділік; 
- шығармашылық тұрғыда ойлау; 
- шешім қабылдай алуы; 
- өз кәсібін дұрыс таңдай алу; 
- өмір бойы білім алуға дайын болу. 
Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, 
алған  білімін  оқу  және  практикалық  қызметте 
пайдалана  алуын  қамтамасыз  ететін  логикалық, 
конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін 
қалыптастыру  үшін  оқытудың  тиімді  нысандары 
мен әдістері енгізілетін болады. 
Оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық 
білім  мен  тапсырмалар  берілмей,  оқу  процесін 
неғұрлым икемді етіп, практикалық бағыттауға көп 
мүмкіндік  беріледі.  Оқыту  нысандары  мен  әдіс-
терінің  түбегейлі  жаңашылдығы  мұғалім  мен 
оқушы арасындағы әріптестік және достық қарым-
қатынастың орнауына ықпал ете алды. 
Қолданылған әдебиет: 
1.  PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал, Астана 2013 

Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
15 
Педагогический  
ВЕСТНИК 
Педагогический 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Ш 
ығыс  Қазақстан  облысы 
Дарынды  балаларға  арналған  облыс-
тық 
мамандандырылған 
мектеп- 
лицей-интернатында  қазіргі  таңда  об-
лыс  тұрғындарының  303  баласы  осы 
білім  ордасында  тәлім  алуда.  Оларға 
44-тен астам  жоғары  білікті    ұстаздар 
сабақ береді. 
Мектепте  «балаға  білгенін  үйре-
туден  жалықпайтын»  ұлағатты  ұстаз-
дардың  еңбектері  көрініп-ақ  тұр.  Бұл 
орайда айта  кететін нәрсе,  әр  мұғалім 
сабағына үлкен  дайындық  жасауы  ке-
рек. Сонда сабақ өз дәрежесінде өтеді 
және  шәкірттің  білімге  қызығушы-
лығын  оятады.  Ұрпақ  алдындағы  жа-
уапкершілігін  жан-тәнімен  түйсініп, 
соның  жолында  маңдай  терін  ая-
майтын,  шәкірт  жүрегіне  сәуле  құя 
алар,  білімді,  білікті,  өнегелі,  мәде-
ниетті  мұғалімді  барынша  қолдау 
қажет.Мұндай  ұстаз  мектептің    соғып 
тұрған жүрегі. Сондықтан ондай жан-
ға  құрмет  те  ерекше  болуы  керек. 
Сондай-ақ,  мектеп  басшылығы  ұстаз-
дардың  біліктілігін  арттыру  мақса-
тында  облыстық  білім  басқармасы-
ның  «Білім  беру  жүйесіндегі  жаңа 
технологиялар,  педагог  кадрлардың 
біліктілігін  арттыру  және  қайта  даяр-
лау»  орталығына  тоқсан  сайын  мұға-
лімдерін  жіберіп,  олардың  білімін 
тереңдетіп  отыруға  жағдай  жасауда. 
Мемлекеттік  бағдарламалар  аясында 
мұғалімдердің 
Астана, 
Алматы 
қалаларына  барып  деңгейлік  білімін 
жетілдіруі де дұрыс жолға қойылған... 
 
ХХІ  ғасыр  қоғам  өмірінің  әр  
түрлі  саласында  үнемі  өзгеріп  отыр-
ған маңызды ғаламдық  процестермен 
сипатталады.  Ол  білім  беру  саласына 
да  әсер  етіп,  оқушылардың  шығарма-
шылық  әлеуетін  қалыптастырудың 
жаңа  жолдарын  іздестіруді  талап  ете-
ді.  Осыған  орай,  бүгінгі  ақпараттық 
қоғам  жағдайының  өркениетті,  про-
гресшіл  бағытына  сай,  терең  білімді, 
бәсекелестік  жағдайда  өресі  биік, 
азаматтық-тұлғалық  бет-бейнесі  қа-
лыптасқан,  рухани  жан  дүниесі  бай, 
шығармашыл  тұлға  тәрбиелеу  қоғам-
ның  басты  мақсаттарының  біріне 
айналды.  Бұл  мақсат-міндеттердің 
жүзеге  асуы  адам  бойындағы  асыл 
қасиеттердің  көзін  ашып,  оқыту  мен 
тәрбиені  сабақтастықта  арнайы  оқыту 
процесін жүргізгенде мүмкін болмақ. 
Оқушылардың  шығармашылық 
қызығушылығын  қалыптастырудағы 
басты  мақсат  –  қазіргі  білім  берудің 
жаңа  парадигмасы  жағдайындағы 
оқушылардың жеке тұлғалық сапалық 
қасиеттерін  дамыту,  шығармашылық 
ойлауын  дамыта  отырып,  заман 
талабына  сай  құзырлылығын  қалып-
тастыру  және  рухани  жан  дүниесінің 
дамуына  жағдай  жасау.  Сондықтан 
Егемен  еліміздің  келешегі  жас  ұр-
пақты тәрбиелейтін мектеп өзіне жүк-
телген  әлеуметтік  міндетті  атқару 
үшін  ондағы  игерілетін  білім  маз-
мұны,  білім  берудің  түрлі  жолдарын 
бүгінгі  талапқа  сай  жаңартуға  ұм- 
тылуы заңдылық. 
А. Абдулдина, 
дарынды балаларға  
арналған облыстық  
мамандандырылған 
мектеп-лицей-интернаты-
ның  директоры 
«Ұлттың бүгіні де, болашағы да - тәрбиелі ұрпақ». 
(Н. Назарбаев) 

16 
 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ 
Педагогика 
ЖАРШЫСЫ
 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
Педагогическ
ий 
ВЕСТНИК 
№6 (56) 2014 
Мектебіміз  дарынды  балаларға  арналған-
дықтан,  білім  мазмұны  бүгінгі  күн  талабымен 
шектеліп  қалмай,  өсіп  келе  жатқан  елдердің  озық 
үлгілеріне  үңіліп,  болашаққа  құлаш  сермеуі  қажет 
екендігі бәрімізге де белгілі. 
Қойылған мақсаттарға, биік дәрежелерге жету 
үшін  дарынды  ұстаздар  мен  ғалымдардың  қа-
уымдастығы  талмай  еңбек  етуде.  Бала  бойындағы 
дарындылық  қасиеттерін  дамыту  шараларының  ең 
бастысы  –  оқытудың  іскерлік  мазмұны.  Мектеп 
мұғалімдерінің  алдына  қойған  мақсаты  да  осы. 
Мектепте  жоғары  біліктілік  санатты  –  24,  бірінші 
біліктілік  санатты  –  4,  екінші  біліктілік  санатты  -  
8  мұғалім-тәрбиеші жұмыс істейді. Мектеп ұстаз-
дары  заман  ағымына  сай,  яғни  жаңа  өмір 
талаптарына 
бейімделіп, 
шығармашылықпен 
жұмыс жасауда. Жетістіктердің белесіне оқушысын 
шығарып  қана  қоймай,  өздері  әрдайым  іздену 
үстінде. Жеңістері де баршылық. 
Білім берудің қазіргі міндеті білім алып, білім 
мен  дағдыға  қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың 
негізінде  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікті 
ақпаратты тауып, талдау және  ұғымды пайдалану, 
тез  өзгермелі  қоғамға  лайықты  өмір  сүру  және 
жұмыс  істеу  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда 
Қазақстандық  білім  беру  жүйесінің  алдында  білім 
сапасының 
бәсекелестігін 
арттыру, 
бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп 
отыратын  жеке  тұлға  тәрбиелеу.  Міне,  осы  мақ-
сатта біздің дарынды балаларға арналған облыстық 
мамандандырылған  мектеп-лицей-интернатының 
мұғалім-тәрбиешілер    ұжымы  да  жұмыс  атқарып 
келеді.  Жылдар  бойғы  жұмыс  нәтижесі  жыл 
аяғындағы Ұлттық бірыңғай тест нәтижесінен және 
түлектердің  жоғарғы  оқу  орнына  түсу  көрсеткіш-
терімен анықталады. 
Ұлттық  бірыңғай  тестке  даярлау  бір  күннің 
немесе  бір  жылдың  жұмысының  нәтижесі  деуге 
болмайды. 
Сондықтан, 
қорытынды 
сынға  
6-сыныптан  бастап,  әр  пәннен  сабақ  үрдісінде  әр 
тақырыпты өткен кезде базалық тест сұрақтарынан 
бақылау, кесінді ала отырып, тақырыптар, тараулар 
бойынша  жүйелі  түрде  дағдыларын  қалыптас-
тырып,  логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыта 
отырып, даярлауды  қажет етеді. 
ҰБТ-ға даярлауда таңдау пәндері  9-сыныптан 
бастап,  кәсіптік  бағдар  беру  барысында  ата-
аналармен тығыз байланыс жүргізе отырып, жүйелі 
жұмыс  нәтижесінде  таңдалады.  Бұл  жерде  мектеп 
психологының,  тәрбиешілердің  де  алатын  орны 
зор,  лицей  оқушыларының  кәсіптік  бағдар 
бойынша  зерттеу  жұмысын  жүргізіп,  мектеп 
мұғалімдерін  таныстырады  және  сол  жұмыстың 
нәтижесі  бойынша  оқушылармен  бірігіп  жұмыс 
жасайды.  Бүгінгі  партада  отырған  оқушы  ертеңгі 
елімізді гүлдендіріп дамытып, бәсекеге қабілетті ел 
ететін  білікті  маман.  Сондықтан  кәсіптік  бағдар 
беру    бұл  жерде  үлкен  орын  алады.  Зерттеу  жүр-
гізіліп  болған  соң  әр  пән  мұғалімі  жоспар  жасап, 
қосымша  сабақтар  арқылы  оқушылардың  білім-
дерін  саралап  отырады.  Бұған  ай  сайын  алынатын 
байқау  тест  нәтижесі  негіз  болады.  Соңғы  оқу 
жылдарын  біздің  білім  ордасы  жақсы  нәтижемен 
аяқтап  отыр.  Жылма-жыл  лицей  түлектері  100% 
жуығы  жоғарғы  оқу  орнына  грантпен  қабыл-
данады.  Олар  Алматының  жоғарғы  әскери  оқу 
орындарына,  Семей,  Астана  мен  Қарағандының 
медициналық  университеттері  мен  академия-
ларына,  Астана  (ЕНУ)  мен  Алматының  (КБТУ, 
КазГУ,  КазНУ,  АУЭС)  және  Өскеменнің  (ШҚТУ, 
ШҚМТУ)  оқу  орындарының  грант  иегерлері 
болды.  Бұл  мектеп  ұжымы  мен  ата-аналар  үшін 
үлкен  қуаныш,  жоғарғы  жетістік.  Жалпы  лицейді 
бітіруші  түлектердің  80  пайызы  көтеріңкі  сти-
пендия  иегерлері  болса,  25  пайызы  3-4  курстан 
бастап-ақ  ғылыми  жұмыспен  айналысуда,  ғылым 
жолында  кандидаттық  диссертация  қорғаған 
түлектеріміз де жетерлік. 
Сабақтан  тыс  тәрбиелік  іс-шараларға  келер 
болсақ, лицейде оқушылардың жан-жақты дамуына 
барлық  жағдай  жасалған.  Тәрбиенің  тоғыз  бағы-
тының  ішінде  эстетикалық  тәрбиеге  ерекше  көңіл 
бөлінеді.  Эстетикалық  тәрбие  де  тәрбиенің    басқа 
салаларындай  оқу,  білім,  тәрбиенің  басқа  түрле-
рімен тығыз байланыста, біртұтастықта  қаралады. 
Эстетика  -  өмірді  сезім  арқылы  біліп,  танудың 
негізгі  жолы.  Эстетикалық    тәрбие  талай  ойшыл, 
ғұлама,  ғалым,  педагогтарды  толғандырып  келгені 
ақиқат.  Платонның  (б.д.д  427-347  ж.)  «Сұлулықты 
тану  арқылы  адам  жеке  дене  сұлулығынан  жалпы 
сұлулыққа    және  дене  сұлулығынан  идеалды, 
рухани  сұлулыққа  көшеді»  -  деген  тұжырымы 
бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. 
Республикалық 
авторлық 
бағдарламалар 
конкурсында  «Республикалық  үздік  авторлық 
бағдарлама» деп танылған  эстетикалық бағыттағы 
«Талғам»  бағдарламасы  бойынша  жүйелі  жұмыс 
жүргізілуде.  Бағдарламаның  мақсаты  тұлғаны 

Педагогика 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет