ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
17
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
қоршаған ортаның әсемдігін көруге, сезінуге,
қабылдау қасиеттерін қалыптастыруға, эстетика-
лық талғамы мен қабілеттерін жетілдіруге, өнердегі
бейнеленген өмір болмысы көріністерінің мән-
мағынасын ашуға тәрбиелеу.
Лицейде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
жұмыстары эстетикалық пәндерді оқытумен
шектелмейді, оған барлық пәндердің қатысы бар.
Сабақтар жүйесінде бастау алған оқушылардың
эстетикалық тәрбиесі сабақтан тыс кезде де
жалғасын табуда. Ұстаздар алдымен оқушыларды
адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныс-
тырып, соны терең түсінуге, сүюге, яғни көркемдік
сезімін байытуға баулуда.
«Талғам» бағдарламасы бойынша аптаның
5 күнінде бағыттар негізінде сабақтар жүргізілді.
Атап айтқанда, «Музыка – жүрек тілі» бағытында
әлемдік, отандық классикалық музыканың және
қазіргі заманғы музыканың ірі өкілдері И.С Бах,
А.
Моцарт,
Л.Бетховен,
П.И.Чайковский,
И.Штраус, Н.Поганини, М.Глинка, Мендельсон,
Шопен Шуберт, Гайдн, А. Мусоргский т.б., қазақ
ұлттық музыка өнерінің өкілдерінен Ақан сері,
Біржан, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Әміре т.б.,
қазақтың кәсіби халық аспаптық өнерінен Ықылас
Дүкенұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей
Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Қазанғап
Тілепбергенұлы, Дина Нүрпейісова, қазақстан
музыка
өнерінің
қайраткерлерінен
Шәмші
Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Қайрат Байбосынов,
Жәния Әубакірова, Айман Мұсаходжаева, Марат
Бисенғалиев, қазақ опера әншілерінің өмірі мен
шығармашылығынан Күләш Бәйсейітова,Байғали
Досымжанов, Ермек Серкебаев, Роза Жаманова,
Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев т.б. өмір
тарихы,
шығармашылығымен
таныстырады.
Оқушылар ән үйірмесінде классикалық әндерді
үйренеді, қалалық, облыстық ән байқауларына
қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.
«Сурет – жан тазалығы» бағыты бойынша
жергілікті, отандық, әлемдік суретшілердің туын-
дыларымен танысты. Өнер мұражайында өткізілген
«Вернисаж», суретшілер көрмесінде сурет өнерінің
қыр-сыры, ұлы суретшілердің шығармашылығы
және өмірімен танысып, көркемдікті сүйе білуге
үйренді.
«Сурет – жан тазалығы айнасы» шығарма-
шылық тобының жұмыстарының нәтижесінде
лицей оқушылары мектеп бойынша ұйымдас-
тырылған сурет бәйгелеріне қатысып, салған
суреттерін республикалық басылымдарға жариялап
отырды, сондай-ақ облыс көлеміндегі сурет
байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие
болды.
«Тіл – көңілдің кілті» бағытында оқушылар
әлемге әйгілі 100 әдеби шығармалармен танысып,
көркем әдебиетті оқуға, шебер сөйлей білуге
үйренді. Білім алушылар Ш.Айтматов, Абай
Құнанбаев, Оралхан Бөкей, Мұхтар Шаханов
шығармалары, У. Шекспир, Ф.М. Достоевский,
М.Твен, Х. Андерсеннің т.б. дүниежүзілік әдебиет-
тің асыл қазыналарымен танысып, әлемге әйгілі
көркем шығармаларын оқып, талдау жасады. «Тіл
– көңілдің кілті» бағыты бойынша білім
алушылардың сөйлеу мәдениеті, ой өрісі дамыды,
өз ана тілін қастерлеуге, көркем әдебиетті оқуға
және сахнада, дәрісханада еркін сөйлеуге үйренді.
Білім алушылар облыстық, қалалық, аймақтық
кітапханаларда
өткен
байқауларға
белсене
қатысады.
Осындай тәлім-тәрбие жұмысының нәтижесін-
де әр баланың бойында талап-талғамдары артып,
өмірге, жақсы қасиеттерге құштарлық сезімдері
оянып, рухани қазынасы барынша молайды.
«Тұлға мәдениеті» бағытында классикалық
билер, ұлттық, жаңа заман билерін меңгеріп,
«Вальс» пен «Қара жорға» биін еркін билей алуға
үйренді. Эстетикалық тәрбиенің бағалану деңгейі
жақсы мен жаманды ажыратудан басталып, көркем
шығармаларға баға беруге дейінгі аралықта өтеді.
Деңгей баланың іс-әрекеті арқылы бағаланады.
«Талғам» бағдарламасы бойынша жүйелі
жүргізілген сабақтар тәрбиеленушілердің жан-
жақты дамуына әсер етіп, ақыл-ойын, техникалық
білімін, шығармашылық қиялын, эмоциясын,
қабілетін, көркемдікке деген бейімділігін дамытты.
Баланың дамуына және тұлға ретінде қалып-
тасуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасалды.
Эстетикалық тәрбие беру жұмыстарының
нәтижесінде лицей оқушылары өмірде кездесетін
шын әдемілік пен жалған әдемілікті айыра білуге,
әдемілікті тек түсініп қана қоймай, сонымен қатар
өздері де әдемілікті жасауға, эстетиканы дамытуға
тиісті екенін ұғынды. Лицейдегі адамгершілік-
психологиялық ахуал мен оқушылардың өзара
қарым-қатынасы жақсарды және оқушылардың
даму белсенділігі артты. Эстетикалық тәрбие жеке
тұлғаның адамгершілік сезіміне, рухани дамуына
18
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
ықпал етті, оның жаман әдеттен бойын аулақ
ұстауына, көркем әдебиетті жүйелі оқуға,
музыкалық шығармаларды түсіне білуге үйретті.
Білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті
тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес,
қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес,
ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі
мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда
қолдана алатын, ұлттық, мәдени, рухани құнды-
лықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлға-
сын қалыптастыру екендігін түсінетін уақыт жетті.
Сондықтан әлемдегі білім беру ісінің даму
жағдайына талдау жасай отырып, ерекше үміт
күттіретін тенденциясын көрсетуге болады:
● мектеп жүйесіндегі демократизация;
● мектеп тәрбиесінің гуманистік бағыты;
● оқушылардың шығармашылығын, дербес-
тігін, ізденімпаздығын, белсенділігін дамытуға
бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану;
● ұлттық-мәдени, рухани құндылықтарды
пайдалану;
● оқыту жүйесін модернизациялау;
● тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет;
● жаңа техникалық құралдарды пайдалану;
● мектептегі және мектептен тыс уақыттағы
оқыту мен тәрбиелеуді кіріктіру.
Жалпы, жаңарған мектепте оқыту құрылымы
мен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушы-
лығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың
өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына ба-
ғытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет.
Сондай-ақ бұл мәселеде негізгі, орта және жоғары
мектептің, өндірістің т.б. өзара сабақтастығы
проблемасын ескерген жөн.
Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы
қазіргі білім беруді дамыту мен жетілдіруді түрлі
инновацияларды
енгізусіз,
жаңаша
оқытуға
қатысты принципті бағыттар қатарын қайта
қарамайынша елестету мүмкін емес. Солармен
бірге, қазіргі мектептің педагогикалық процесін
бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық
білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте, шығар-
машылық қабілетке, шығармашылық рефлексияға,
шығармашылық өзін-өзі дамытуға, шығармашылық
дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан
талаптарға сәйкес келуі мәселесінің қарасты-
рылуына да үлкен мән берілуі керек.
Қорыта
келгенде,
«Дарынды
балаларға
арналған облыстық мамандандырылған мектеп-
лицей-интернаты» – бұл білім кеңістігіндегі инно-
вациялық іске бағыт алған және халықаралық
қоғамның, мемлекет пен аймақтың талаптарына сай
келетін түлек тұлғасын қалыптастыруды мақсатқа
ұстанған мұғалімдердің, оқушылардың және ата-
аналардың бірлескен ұжымы. Болашақта халқы-
мыздың озық елдерінің алдыңғы қатарында
көрінуіне орасан септігін тигізер шәкірттеріміз
көбейе берсе, нұр үстіне нұр болғай!
Педагогикалық ұжым барлық білім беру
үдерістердің жаңашылдығы оқытудың соңғы
нәтижеге бағытталатынынын болжамдайды деген
белгілі ережені қабылдайды. Бүгінде қанатын кеңге
жайып отырған мектебіміз заман талабына сай
жұмыс істеп жатқан көшбасындағы мектептердің
бірі деуге болады. Мектеп бүгінде облыстың «Бес
үздік білім ордасы» атанып, талайларға өмір
мектебі болған өресі биік, ұлттық сана-сезімі
жоғары, білімге құштар, халықаралық білім
кеңістігіне шығуға даяр ұрпақ тәрбиелеп жатқан
дарынды балаларға арналған мектебіміздің өткен
күні – үлгі-өнеге, бүгінгісі – айқын, болашағы –
жарқын.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
19
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
В современное время в нашем об-
ществе и, в частности, в среде уча-
щейся молодежи, к числу очень важ-
ных показателей относится здоровье
молодежи.
И не случайно в законе Республи-
ки Казахстан «Об Образовании»
здоровью учащейся молодежи уде-
ляется одно из важных направлений
политики Государства, так как в
настоящее время их здоровье
ухудшается быстрыми темпами.
Согласно исследованиям ученых
здоровыми признаны 9 процентов
городских и 3 процента сельских вы-
пускников школ, которые пополняют
ряды студентов, причем за период
обучения число здоровых среди них
уменьшается в четыре раза.
Среди факторов, негативно влия-
ющих на здоровье учащихся, необхо-
димо отметить психоэмоциональное
состояние, выражающееся в стрессо-
вой нагрузке, такой как:
- новая среда общения и обучения;
- пагубное влияние экологии.
Причины стрессов школьного обу-
чения всем известны – это и неоправ-
данно завышенная учебная нагрузка,
и авторитарное поведение учителей, и
несоответствие методик обучения
возрастным возможностям школьни-
ков, субъективное отношение учителя
при оценивании ученических работ.
Необъективная оценка может отрица-
тельно повлиять на весь образова-
тельный процесс. Получив хорошую
оценку слишком легко, ученик теряет
побудительный мотив к учению. Не-
заслуженно плохая оценка может
привести к такому же эффекту – уче-
ник вообще перестанет учиться.
Объективные оценки не вызывают
стресс. Поэтому среди различных здо-
ровьесберегающих разработок сего-
дня вызывают интерес и те, которые
пытаются изменить систему оценива-
ния. Реальным здоровьесберегающим
фактором может стать то обстоятель-
ство, что критерии оценки вырабаты-
ваются совместно учителем и учащи-
мися во время открытого диалога,
между двумя сторонами заключается
своеобразный общественный договор.
Поэтому в последние годы одним
из основных направлений моей мето-
дической деятельности является внед-
рение критериального оценивания в
учебный процесс. За годы работы по
повышению квалификации педагогов,
я пришла к выводу, что именно она
позволит решить многие проблемы
современного образования.
Преимущества критериального
оценивания:
- соответствует предметным учеб-
ным целям и не зависит от настрое-
ния учителя (способствует повыше-
нию объективности оценивания);
- предоставляет чётко сформули-
рованные уровни достижения;
- делает оценивание более
“прозрачным” и понятным для всех
участников образовательного процес-
са (учеников, родителей, учителей);
- способствует развитию навыков
самооценивания;
- воспитывает ответственность
учащихся за результат своего труда;
- способствует росту мотивации к
обучению;
- повышает качество образования.
Б. Блум считал, что обучение – это
процесс, и что преподаватели должны
разрабатывать такие уроки и задания,
которые способствовали бы достиже-
нию учащимися поставленных целей.
Важным вкладом Б. Блума в образо-
вание стали предложенные им уровни
мыслительного поведения – от про-
стого воспроизведения фактов на низ-
шем уровне до процесса анализа и
оценки на высшем.
Многие преподаватели активно
используют таксономию Блума из-за
структуры, которую она предоставля-
Р. Базаканова,
тренер ЦУП,
филиал АО «НЦПК
Өрлеу» ИПК ПР по ВКО
20
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
ет, например, для оценивания уровня обученности.
На занятии по изучению таксономии Блума учите-
лям было предложено задание по определению
«Толстых и тонких вопросов». Педагоги по
предложенной картине составляли вопросы, затем
каждый составленный вопрос педагоги размещали
в таблицу на доске.
В результате моих наблюдений выяснилось, что
30 процентов учителей расположили вопросы в ко-
лонке «знание», 25 процентов – «понимание», 20
процентов – «применение», 15 процентов – «анализ»,
5 процентов – «синтез», 5 процентов – «оценка».
Чтобы повысить уровень развития мышления
при отборе вопросов обучающего характера, пла-
нировала задания повторно, так как эта схема по-
могала соотнести вопросы с определенной катего-
рией. Процент увеличился в сторону развития у
учителей мышления высокого порядка. Следующее
задание состояло из конкретных задач по предмету.
Учителя сделали классификацию по таксономии
Блума, результаты получились выше предыдущих.
На всех потоках во время второго этапа учителя
взаимооценивали рефлексивные отчеты друг друга.
Презентуя свой урок, педагог получал оценку сво-
их коллег в виде формативного оценивания «Две
звезды и одно желание».
Можно утверждать, что использование правиль-
ных глаголов – это ключ к успешному написанию
результатов обучения. Учителям предлагается про-
верить работу коллеги. Когда учителя комментиру-
ют работу друг друга, они не оценивают ее, а опре-
деляют и указывают на два положительных момен-
та – «две звезды» – и на один момент, который
заслуживает доработки – «желание». Данное
оценивание проходит позитивно по отношению
друг к другу, эффективно показывает над чем
работать учителю в дальнейшем.
Учителя рассуждают над тем, что необходимо
изменить в отчете коллеги и, соответственно, убеж-
дались в том, что обратная связь должна быть пози-
тивной, но это не означает, что коллеги не должны
знать о недостатках при написании отчетов.
Хочется привести слова учителя прошедшего
курсы: «Я всегда стараюсь анализировать свою
деятельность, но хочется отметить, что детальный
скрупулезный анализ всегда занимает много
времени в повседневной работе. На данных курсах
я получила возможность отойти от массы
традиционных школьных дел и иметь больше
возможностей для рефлексии, формирования
навыка анализа. Коллеги, участвующие в
обсуждении, увидели в моем анализе то, на что я не
обратила внимание. Я имела возможность
подсказать, что не удалось раскрыть им, увидеть
проблему с другой стороны, сделать выводы.
Иногда опыт препятствует изменениям.
Накопленный за восемнадцатилетнюю практику
опыт отчасти разучил меня слушать. Поэтому один
из главных моментов, что я вынесла из работы в
группе – это напоминание о том, что я должна
услышать то, что мне хотят сказать и реагировать
на другое мнение адекватно, помня, что мы
объединены общей целью – организовать свою
деятельность так, чтобы она была направлена на
развитие ученика. Работая с детьми, пытаясь
достичь результата в знаниях, часто перестраи-
ваешь урок во имя изложения предметного
материала, забывая о том, что мы должны работать
на развитие ребенка.
Модернизация образования предполагает изме-
нение всех участников учебно-воспитательного
процесса. Изменился ученик, социум, родители….
Все чаще мы сталкиваемся именно с учениками,
которые опускают руки после первой же неудачи,
не пытаются преодолеть препятствия, отказывают-
ся выполнять задание, которое представляется им
сложным, чаще всего находятся в состоянии апа-
тии, пассивны в познавательной деятельности, ис-
пытывают трудности в общении со сверстниками и
взрослыми.
Задача школ на сегодняшний день заключается
не только в достижении высоких результатов, но и
в подготовке обучающихся к непрерывному обра-
зованию, чтобы сохранялась перманентность обра-
зования, поскольку человек должен учиться всю
свою жизнь.
знание
понимание
применение
анализ
синтез
оценка
Знание – 10%
Понимание – 15%
Применение – 15%
Анализ – 20%
Синтез – 22%
Оценка – 18%
Литература:
1. Руководство для тренера. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012.
2. Руководство для учителя. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012.
3. Оценивание учебных достижений учащихся. Методическое руководство/ сост. Р. Х. Шакиров, А.А. Буркитова,
О.И. Дудкина. – Б.: «Билим», 2012.
4. Успехи и вызовы сегодняшнего дня RWCT, под ред. С. Мирсеитовой, А. Иргебаевой.
5. Программа курсов повышения квалификации педагогов общеобразовательных школ РК. www.cpm.kz.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
21
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Б
іріккен ұлттар ұйымының
шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпарат-
тандыру ғасыры» деп аталады. Қоғам-
ды ақпараттандыру – экономиканың,
ғылымның, мәдениеттің дамуының
негізі шарттарының бірі. Сондықтан
тіл үйретуде ақпараттық технология-
ларды қолданудың тиімді жақтары
мен жаңа ақпараттық технология құ-
ралдары оқу үрдесіне көптен енгізі-
луде. Білім беру үрдісін ақпараттан-
дыру – жаңа ақпараттық технология-
ны пайдалану арқылы дамыта оқыту,
дара тұлғаны бағыттап оқыту мақ-
саттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің
тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды
көздейді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақ-
стан халқына Жолдауында «Біз бүкіл
елімізде әлемдік стандарттар дең-
гейінде сапалы білім беру кызметіне
қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда
ақпараттық комуникативті техноло-
гиялар біздің елімізде де жоғары қар-
қынмен дамып келеді. Оқу үрдісінде
жаңа технологиялық әдістермен қатар
жаңа ақпараттық технологияларды да
қолданудың
мүмкіндігі
жасалып
отыр» деген болатын. Яғни, еліміздегі
білім беру жүйесінің ең басты міндеті
– білім берудің ұлттық моделіне өту
арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін
халықаралық дәрежеге жеткізу. Осы
бағытта оқытушылар алдында оқыту-
дың және тәрбиелеудін жаңа ақ-
параттық технологияларын қолдана
отырып, жеке тұлғаның дамуына
қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі
тұрғанын жақсы түсінеміз. Өйткені
кез-келген адамның үздіксіз білім
алуын қамтамасыз ету жүйесі ақпа-
раттандырумен тығыз байланасты.
Еліміздің білім жүйесінің басты
міндеттерінің бірі: «Білім беру жүйе-
сін ақпараттандыру, оқытудың жаңа
технологиясын енгізу, халық-аралық
коммуникациялық желілерге шығу»
делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін,
нәтижеге бағытталған білім берудің
жаңа жүйесіне көшу үшін әр оқытушы
жаңа ақпараттық технологияларға,
әлеуметтік, тұлғалық және жеке
құзіреттілікке ие болуы тиіс.
Оқытушының инновациялық іс-
әрекеті – өз қызметіне жаңа техноло-
гияларды енгізу. Білім беру жүйесінде
қазір технологиялардың сан алуан
түрлері бар. Осыған байланысты дең-
гейлік тапсырмалар беруде оқытушы
ең алдымен тапсырмалардың мазмұн-
дық жүйелілігіне аса назар аударуы
қажет. Жаңа инновациялық техноло-
гияны жүзеге асыруда оқытушы
белсенділігі, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және басқа да
көптеген адами келбетінің қалып-
тасуына игі әсерін тигізеді.
Оқыту технологиясы оқытудың
тиімді жолдарын зерттеуші ғылым са-
пасында оқыту процесінде қолданы-
латын әдістер, тәсілдер мен қағидалар
және нақты оқыту процесі сапасында
функция атқарады (Селевко Г.К.).
Білім беру технологиялары мына
негізде ұсынылады:
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту технологиясы;
- ірі блогты шоғырландыра оқыту
технологиясы;
- перспективалық - озық оқыту
технологиясы;
- ойындық оқыту технологиясы;
- оқу материалдарының сызбалық
және белгілік модельдерінің негізінде
жеделдетіп, оқыту технологиясы;
А. Габдрахманова,
№29 қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
Семей қаласы
22
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
- жекелеген оқытудың технологиясы;
- сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы.
Осы технологияларды қолдана отырып, шығар-
машылық іс-әрекет талаптары орындау мақ-
сатында, оқушылардың қызығушылықтарын арт-
тыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге
сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды
алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып,
мынадай тұжырымдар жасадық:
- оқушылардың шығармашылық дербестігін
дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптас-
тыруға болады;
- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен
жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен,
жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы
дамиды;
- қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру
біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы
оқушыларды шығармашылыққа баулиды;
- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орын-
дау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес
жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің
маңызы зор;
- қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-
амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін
дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер
жасауға талаптандырады.
«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық»
деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда
мүмкіншілігіне қарай мультимедиялық тақтаны
пайдаланып отырсақ, оқытушының ұтары мол деп
ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде
қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр-
қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Осы технологияны
пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген қызығушылығын
оятады;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Әр сабақты слайдтар қолдану арқылы өткізсек,
оқушылардың тілге деген қызығушылығын арт-
тырамыз.
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды
орындатуға болады:
* Тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға
өз ойын білдіру; диалог, монолог құру; сурет
арқылы ойын жеткізу;
* Компьютер экранына сөйлемдер жазылады.
Ол сөйлемдер белгілі уақыттан соң өшеді. Экранда
қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз
дәптерлеріне жазу керек;
* Аудио жазба тыңдағаннан кейін қандай
ассоциация пайда болды? Мәтін не туралы? Екенін
топпен талқылап, мазмұндайды;
* Мәтінді тыңдатып, бір-біріне сұрақ қояды.
Өздерінің жауаптарынан мәтін құрады. Құрас-
тырған мәтіндері мен аудио мәтінді қайта тыңдап,
салыстырады;
* Мәтіннің басын тыңдатып, аяғын өздері
құрастырып, аяқтайды;
* Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана
аудио мәтіннің мазмұнына сәйкес келетінін табу; т.б.
Қорыта келгенде сапалы білімді қамтамасыз
етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте
мол, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын
қолдана білуден ұтады. Соның бірі орыс тілді
мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылған шығар-
машылық тапсырмалар, оқушылар өздері ізденеді,
тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні
ашылып, талданады, қазақ халқының салт-
дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа үйретеді,
пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі деп
ойлаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы,
2002.
2. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану.- Алматы 2005
3. Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. - Алматы, 1991 ж.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
23
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Т
арих – мектептегі оқу пәні
ретінде жалпы негізгі білім беретін
барлық гуманитарлық және қоғам-
танушылық курстардың негізін
құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-
сезімді және адамгершілік-этикалық
нормаларды қалыптастыра отырып,
оқытудың дүниетанымдық негізін
қалыптастырады. Тарихтың басқа
пәндермен өзара байланысын талдау,
жинақтау сияқты ортақ логикалық
таным әдістерін қолдануға мүмкіндік
береді. Мысалы, гуманитарлық цикл-
дағы пәндермен байланысы картамен,
мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен
құбылыстардың ерекшеліктерін ай-
қындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері
негізінде іске асады.
Оқушыларға тарихи білім берудің
басты мақсаты мен міндеттері
мынадай:
- оқушылардың адамзат қоға-
мының ежелгі заманынан бүгінгі күн-
ге дейінгі даму тарихынан жүйелі
білім негіздерін қалыптастыру;
- бүкіл адамзат жасаған құндылық-
тарды, мәдени тарихи тәжірибенің
негізін оқытып, меңгерту;
- оқушылардың дүниеге ғылыми
көзқарасын қалыптастыру, оларға
адамзат жинаған әлеуметтік рухани,
адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
- оқушыларды өз халқы мен басқа
халықтардың мәдениеті мен тарихын,
бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын
сақтауға тәрбиелеу;
- оқушылардың бойында Қазақ-
стандық патриотизм мен азаматтық
сезімді қалыптастыру;
- эстетикалық, экономикалық
тәрбие беру, діннің тарихтағы қызме-
тін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.
Осы міндеттер мен мақсаттарды
орындау үшін қазіргі педагогиканың
жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсіл-
дің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз
ізденіс пен білім сапасын жақсарту
қажет екені айқындала түсуде. Оқу-
шының тарихқа деген қызығушы-
лығын арттыру үшін сапалы білім
берудің тиімді жолдарын таңдау,
тарихи және мәдени мұралармен та-
ныстыру, жаңа педагогикалық тех-
нологиялар мен инновациялық
бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді
енгізу - заманауи мұғалімнің ең басты
міндеті.
Өз тәжірибемде тарих пәні мұға-
лімі ретінде түрлі әдіс-тәсілдерді пай-
далана отырып, сапалы білім, саналы
тәрбие беруде сабақтың тиімді түр-
лерін қолданып келемін. Осы мақ-
сатта оқушылардың танымдық қызы-
ғушылығын, белсенділігін арттыру
үшін өз сабағымда пайдаланып жүр-
ген әдіс-тәсілдерден мысалдар келті-
ріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптар-
да ойын сабақтары, 9 сыныптарда сын
тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту,
пікірталас, семинар, сынақ, жарыс,
өзіндік жұмыс, т.б. тәсілдерді қолда-
намын. Сурет-иллюстрациялар бо-
йынша әңгіме құрастыру, тірек сиг-
налдар, тірек-сызбалар, кластерлер,
хронологиялық таблицалар құрас-
тыру, тірек-конспектілер, Венн диа-
граммасы арқылы жұмыс істеу
әдістері де қолданылады.
Тағы бір ерекшелік, күнделікті
сабақпен салыстырғанда қайталау
сабақтарында оқушылардың өз
беттерінше ойланып жұмыс істеуіне
едәуір мүмкіндік туады. Тарихи
оқиғалар мен құбылыстарды өз
бетінше талдайды, салыстырады,
қорытынды жасайды, баға береді.
Соның ішінде байқағаным: жоғары
сыныптарда, 8, 9, 10-сыныптың ересек
оқушыларында тарих пәніне деген
қызығушылығы арта түседі. Әсіресе
Ш. Шәкеров,
Б. Майлин атындағы
орта мектеп-бақшаның
тарих пәні мұғалімі,
Қабанбай ауылы,
Үржар ауданы,
24
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
төмендегідей тапсырмалармен жұмыс оларға
қызықты.
Мысалы: 1-тапсырма.
Қазақ жүздеріне сипаттама бер
Жүздер территориясы, ұраны. Жүздерге енетін
тайпалар.
Ұлы жүз . Орта жүз. Кіші жүз
Тас дәуірінің хронологиясы
2-тапсырма: Кестемен жұмыс.
Палеолит, мезолит, неолит, энеолит уақыт
шеңбері.
Ескерткіштері. Ерекшеліктері .
Сақтардың саяси тарихы
3-тапсырма: тарихи сынақхат
Мынадай тарихи сынақхатқа назар аударып
көрелік. Көп нүктенің орнына оқулықтағы кілт
сөздерді қойып, жазасыңдар. Әр топтың басшысы
тексеріп, тақтада ілінген бағаларды алып, өз
топтарыңды бағалайсыңдар.
Тарихи сынақхат мәтіні:
Кир қайтыс болғаннан кейін б.з.б.519 жылы
парсы патшасы .................. сақтарға шабуыл
жасайды. ................... есімді бір сақ жауынгері
өзінің денесін жарақаттап, ................. қашып
барып, өзін сақ көсемдерінен .................. көрген
етіп көрсетеді. Ол парсы әскерлерін ............... ,
.......... сусыз шөлге апарады. «Мен сендерді
адастырып ……... ұшыраттым, елімді ...........алып
қалдым, мен дегеніме жеттім.
Енді ............. келгендеріңді істей беріңдер» деп,
............ көрсетіп, парсылардан Шырақ кегін алады.
Дарий көптеген әскерінен .......... , еліне ...........
мәжбүр болады. Шырақ сияқты жауынгердің
арқасында сақтар өз ................... сақтап қалды.
4-тапсырма. Венн диаграммасын толтыру:
1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтері-
лістің ерекшеліктері.
Көтерілістің ортақ белгілері 1837-1838 жж. Ішкі
Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері.
5-тапсырма.«Портреттер сөйлейді» (көрсетілген
фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаяны-
на тоқталу) Бақытжан Қаратаев Міржақып Ду-
латұлы.
6-тапсырма. «Бұл сөзді кім айтқан?» (мәнерлеп
оқи отырып, карточкада берілген жырдың кімнің
сөзі екенін анықтау) т.с.с.
7-тапсырма. «Сөзілгек» ойыны. Мұғалім сөзді
бастайды, әрі қарай оқушы сөзді жалғастырып ке-
теді. Мысалы:
- 100 мың жыл бұрын егіншілік .....
- Саналы адам, епті адам .....
- Малды қолға үйрете бастады .....
- Алғашқы еңбек бөлнісі .....
Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын
арттыру мақсатында қолданамын. Бұл жұмыстар
оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы
бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушы-
ның танымдық іс-әрекеттерін қалыптасты-руға,
оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік
көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыру-
ға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін
кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тия-
нақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқу-
шының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның
пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын.
Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге
баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шың-
даймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден
сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді
ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар
берген жөн деген ойдамын.
Оқушыларымыз ой-өрісі кең, жан-жақты
білімді, ізденімпаз, тынымсыз еңбекқор, кез-келген
ортаның ұйтқысы, көшбасшысылық қабілетті болу
үшін мұғалімнің өз бойында осы қасиеттер молы-
нан табылуы қажет. Сонда ғана ол оқушылары
алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар
арасында сыйлы бола алады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы әдістемесі . 2010 ж №5
2. Ғаламтор.Ustaz/kz сайты.
3. Қазақстан тарихы оқулығы. 5-8 сынып
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
25
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Ж
аңа ақпараттық техноло-
гиялар дегеніміз – білім беру ісінде
ақпараттарды даярлап, оны білім
алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске
асырудың негізі компьютер болып
табылады.
Компьютер – мұғалімнің басты
көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұға-
лімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген
материалдарды, дайын сабақтарды
реттеп сақтауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, компьютердің арқасында
мұғалім әр сабаққа оқушылардың
ерекшелігіне қарай және сабақтың
мақсатымен міндетін ескере отырып,
әртүрлі кеспелер, материалдар дайын-
дай алады. Үшіншіден, сабақтың
формаларын түрлендіре алады, яғни
көрнекілік, әдістемелік, аудио және
бейнематериалдар қолдана алады.
Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде
іске асырылады.
Сонымен
бірге,
ақпараттық
коммуникативтік технология сабаққа
дайындалуда қосымша ақпаратты
іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу
жүйесі арқылы қызықты мәліметтер,
көрнекіліктер таба аламыз. Сол жа-
ғынан да сабаққа дайындалу бары-
сында әдістемелік көмек береді.
Компьютер арқылы тұсаукесер сабақ-
тарын,
компьютерлік
формадағы
бақылау
сабақтарын
дайындауға
болады.
Бұл технологияның тиімділігі:
– оқушылар электронды оқулық-
тармен және интернет желісімен
жұмыс істей алады;
– оқушының білімі қысқа мерзім-
де және кез келген уақытта баға-
ланады;
– орындаған жұмыстарының қате-
лерін бірден көруге мүмкіншілік
тудырады;
– интерактивті тақтаны еркін қол-
данады;
– ақпараттық мәдениетін дамытады;
– сабақта уақыт та үнемделеді;
– оқушылардың коммуникативтік
қабілеттері дамиды;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызы-
ғушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық
мүмкіндігі ашылады.
Білімді меңгере отырып, оқушы
сын көзбен қарауға, өз ойын еркін
айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге,
ақпарат көздері арқылы ізденуге,
білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың бірі – интерактивті
тақта, мультимедиалық және онлайн
сабақтары. Интерактивті тақтаны са-
бақта пайдаланудың маңыздылығы,
яғни оның көмегімен оқыту үрді-
сіндегі өзекті мәселелерді шешуге
болатындығы анықталған .
Осыған байланысты күнделікті
сабақта:
- мультимедия (видео, аудио
қондырғылары мен теледидарды,
электрондық оқулықтарды);
- компьютер (компьютерлік бағ-
дарламалар, интерактивті тақта);
- анықтамалық мәліметтер (сөздік,
энциклопедия, карта, деректер қоры);
- интернет және т.б. көрнекі
материалдарды пайдалану айтарлық-
тай нәтиже береді. Мұндай қондыр-
ғылар оқушылардың қызығушылығын
арттырып, зейін қойып тыңдауға және
алған
мәліметтерді
нақтылауға
мүмкіндік береді.
Оқыту процесі барысында ақ-
параттық технологиялардың түрінің
бірі интерактивті тақтаның көмегімен
сабақта
тіл
дамытуға
арналған
А. Ерубаева,
№29 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі,
Семей қаласы
26
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
жаттығулардың құрылуы танымдық іс-әрекеттің
дамуы арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне
қызығушылығын арттыру. Ақпараттық технология
негіздері тұлғаның қазақ тілі пәнінен алған білім
сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі.
Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында
интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі
уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін
мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақта-
мен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс –
диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар
бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шеше-
ді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына
қарағанда, интерактивті тақта сабақ мазмұнын
кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті
тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол
жеткізу үшін, сабақты сауатты жоспарлап, керекті
материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес
бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға
қарағанда
интерактивті
тақта
пайдалануға
ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта
оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда көптеген
жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз
сабағында интерактивті тақтаны пайдаланатын
мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріп-
тестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу
арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл
тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты
үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген
материалдардың сапасын да арттырады.
Интерактивті бағдарлама біздің жартылай
жұмысымызды атқарады. Мысалы: белгілі бір
материалды интерактивті тақтада орындау арқылы
файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға
болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға
қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да
қолдануға болады.
Мультимедиялық технологиялар көбіне ком-
пьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі
уакытта сабақ материалына байланысты көптеген
электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар.
Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге
терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында
компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық
пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты
білім беруге жағдай жасалды.
Компьютерлік графикалық материал презента-
циялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft
PowerPoint бағдарламасының көмегімен оқу
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
27
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
процесінде презентациялар мен слайдтар жасап
көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді
(мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте
сақтауын қалыптастырады.
Интерактивті технологияның ерекшеліктері:
1. Бормен тақтаға жазған кескінді экрандағы
түрлі-түсті, айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға
болмайды. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі
қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын, әрі
мүмкін емес. Слайдтарда кемшіліктер мен қателер
жіберілсе, тез арада түзетуге болады. Сабақтың
өнімділігі артады. Басқа пәндермен пәнаралық
байланыс орнайды.
2. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
3. Оқу материалын беру логикасына көп көңіл
аударады, бұл оқушылардың білім деңгейіне оң
әсерін тигізеді. Компьютерге деген қарым-қатынас
өзгереді.
Сонымен сабақ барысында интерактивті
тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы
оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық
танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық.
Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін
пайдалану, оқушылардың дайындалған арнайы
тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен
көріп, оны жетік түсінуге дағдыландырады.
Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқу-
шылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқ-
таған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта
тестілеу әдісін қолдануға болады. Бұл әдіс оқу-
шылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік
береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың
білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтиже-
лерін құрылған график арқылы тексеріп, сол
уақытта бағалауға болады
Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің
дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компью-
терлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар
алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске
түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады. Осы-
лайша оқушылармен қазақ тілі мен әдебиеті сабақ-
тарында СТО технологиясымен тапсырмалар беріл-
генде оқушылар шешуге өз әдістерін ұсынады.
Қазіргі таңда барлық қазақ тілі мен әдебиеті
кабинеттерінде
интерактивті
тақта
кеңінен
қолданылып жүр және ол оқытудың тиімділігін
арттыруға септігін тигізіп отыр.
Оның мүмкіндіктері төмендегідей:
- сабақ кезеңдерінде уақытты үнемдеуге көмек-
теседі;
- дайындалған материалды қайта-қайта қарауға
мүмкіндік береді;
- оқушы мен мұғалімнің шығармашылығында
әңгімелерін әрлеуге көмектеседі;
- дамыта оқыту тапсырмаларын жасау
мүмкіндігі мол;
- интерактивті тақта кітапханасы арқылы кез
келген сурет, материалдарды алу мүмкіндігі бар;
- бейне сапасын сақтауда және қызықты
фрагменттерді немесе бейнелерді экранда үлкейту
мүмкіндігіне ие.
Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның
тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына
үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге
пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның
даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жа-
ңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап
етеді.
Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім
жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие,
оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға
мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық техно-
логияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін,
жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін бел-
сендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкін-
діктерін жоғарылатады деуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі», Рауан, 1997 ж
2. Қ.Бітібаева, Г.Құдайбергенова, М.Мұқышева «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы». -
Өскемен, 2002 ж
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, №2, № 5 2002 ж
4. «Ұстаз» газеті, 2002 ж, 2005 ж
5. «Қазақстан мұғалімі» газеті, 2002 ж
6. «Егемен Қазақстан» газеті, 2002 ж
7. «Қазастан мұғалімі» журналы, 2002 ж
8. «Қазақ әдебиеті» газеті, 2002 ж
28
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
«Мұғалімге арналған нұсқаулық-
та» негізгі материал тиісті сабақтарда
қарастырылатын жеті модульге сара-
ланған. Бағдарламаның модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл-
дер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқу-
ды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды
(АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды бала-
ларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшелік-
теріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көш-
басшылық.
Осы ретте төмендегі «Сабақ өткізу
барысында оқушылардың қажеттілігін
ескере алдым ба?», «Сұрақтар қоюда
оқушыларыма ойлануға, дұрыс шеші-
мін табуға мүмкіндік бердім бе?» «сұ-
рақтарым бағалауыма қалай әсер ете-
ді?», «жетелеу сұрақтарын дұрыс қоя
аламын ба?», «оқушының деңгейін
анықтауға қаншалықты әсер етеді?»,
т.б. сұрақтар өзіме ой салды. Демек,
сабақ өткізу барысында осы үшінші
(негізгі) деңгейлі курстан оқып, үй-
ренген оқытудың жаңа тәсілдерді
арқылы шынымен де мұғалімнің өзін
де, оқушыны да сыни ойлануға көп
ықпал ететінін көрдім. Мұғалімнің
өзін-өзі реттеуіне жол ашу арқылы
оқушының да өзін-өзі реттеуге дағды-
ландыруға жұмыс істейтінін білдім.
Мен курс барысында үйренгендей
мектептегі тәжірибем барысында
оқушыларды топқа әртүрлі тәсілдер-
мен бөлу әдістерін қолданамын. Өйт-
кені топта үлгерімі әртүрлі оқушылар
болса, топтық жұмыс барысында
жақсы оқитын оқушы белсенділік
танытып, көшбасшылықты қолына
алатыны белгілі. Жаңа әдіс-тәсілдерді
қолдану барысында қазіргі сабақ-
тарымда тақырыптың күрделі немесе
жеңілдігіне
байланысты
топтағы
балаларды алға ұмтылуға жұмыс
жасайтынын байқадым. Ал, кейбір
топтарда үлгерімі нашар оқушылар
жиналған жағдайда олардың ішінен де
алға ұмтылып, белсенділік танытатын
оқушылар шығады. Бұл әрекеті арқы-
лы баланың өзіне деген сенімділігі
артып, жақсы нәтижеге қол жеткізе
алатынын біледі. Осы тәсілдер арқы-
лы да балалардың пәнге деген қызы-
ғушылықтары артып, білім сапасының
өсуіне себеп болары сөзсіз. Оқушы-
лардың арасында достық қарым-
қатынастағылары бір топқа түсуге
тырысатыны да белгілі. Олар бір
топқа түссе үлгерімі жақсы достарына
сенім артып, ол топта «топтық әң-
гіме» ғана жүзеге асырылғанын, ал
үлгерімі
шамалас
оқушылардан
құралған топта зерттеушілік әңгіме
жүргізілетіні байқадым.
М. Дауленова,
Көкөзек орта мектеп-
бақшасының
математика пәні мұғалімі,
Үржар ауданы
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп
сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және
тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды... Бұл модуль
оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды
дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
/Нұсқаулық, 48/
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
29
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтан: «Мерсер
сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін анық-
тады, олар:
• пікірталастық әңгіме, оқушылар бәсекеге
қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабыл-
дауды қаламайды;
• кумулятивтік әңгіме, мұнда оқушылар бір-
бірінің үлесін сынамайды және сындарлылыққа
негізделеді;
• зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жайында
күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел
мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады
(Mercer, 2000)».
Мысалы сабағымның бірінде бір топта үлгерімі
нашар оқушылар болды. Оларға да түсіндіруге
жаңа тақырыптың бір бөлігін беріп, сырттай
бақыладым. Осы кезде олар тақырыпты оқып, өз
ойларын ортаға салып, ненің маңызды екенін
талқылай алатын жағдайға жеткендері мені
қуантты. Олардың топтарына: «Қарама-қарсы
сандардың модульдері неге тең болады деп ойлай-
сыңдар?» - деп сұрақ қойдым. Олар топта ақыл-
дасып отырғанда оқушының бірі: «-2»-нің де, «2»-
нің де модулі 2-ге тең» - деп еді, жанында отырған
оқушы «қалай есіңде сақтап қалдың?!» - деп
ризашылығы мен таң қалысын жасыра алмады. Ал,
жаңағы оқушыда сенімділік ұялағандай болды.
Осы кезде тағы біреуі: ««-2» мен «2»-нің таңба-
сында ғана өзгешелік»- бар деді, оған келесісі:
«Қарама-қарсы сан болған соң таңбасында ғана
өзгешелік болатыны белгілі емес пе!» - деді. Осы
кезде оқшау отырғандай болған бала: «Ой, санақ
басынан бірдей қашықта орналасқандықтан дедік
қой!» - деп қуанып, топпен жауаптарын жарыса
айтты. Бұл сұрақты қою себебім, сұрақтың жеңіл
болғанымен топтағы оқушылардың үлгеріміне
қарай «тақырыпты түсіне алды ма екен?» деген
ойым болған.
Тағы бір мысал: «Рационал санның модулі»
сабағында 2-суретті тақтаға қойып төмендегі
сұрақтар арқылы жаңа сабақты түсіндіруге
дайындық жасадым /Оқушылар мен мұғалім
арасындағы диалог/.
- Ағаштан қыз балаға дейінгі қашықтық неше
метр?3 метр.
- Ағаштан допқа дейінгі қашықтық неше метр?
3 метр.
- Осы доптың орны координаталық сәуледе
қандай санмен өрнектелген? 3.
- Ал, қыз баланың орны ше? (-3).
- Онда, осы сандардың ұқсастығы қандай?
- Екеуі де 3 метр қашықтықта.
- Осы қашықтықты өрнектеген сандардың
айырмашылығы неде?
- Біреуі 3, екіншісі (-3). Айырмышылығы
таңбасында.
- Бұлар қандай сандар еді?
- Қарама-қарсы сандар.
- Онда, балалар, біз енді қарама-қарсы сандар
санақ басынан қалай орналасады және ол өрнекті
қалай атайды деген сұрақтарға жауап аламыз. –
деп жаңа сабақты жеңіл қабылдауға мүмкіндік
туды деп ойлаймын. Осы әрекеттерді әр жаңа
тақырыпқа дайындық кезінде қолдану сыни
ойлануға мүмкіндік беретіні байқадым.
2-сурет
Сұрақтарды ойланып қою, оның «Блум
таксономиясы» бойынша жеңілден күрделіге өту
арқылы ойландыру балаларға жақсы ықпал етеді.
Жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған
ойындар да сыни ойлауға мүмкіндік беретін
жағдайлар көптеп жасауға болады.
Мен үшінші деңгейлік курста тыңдаушы болған
кезімдегі І бетпе-бет кезеңде бір сабақта Толқын
Қайырбекқызының
курсанттармен
өткізген
төмендегідей диалогын есіме жиі аламын:
- Антропедагогика – деген не? /Тренер/
- Антропедагогика – деген көне заманғы
педагогиканы
зерттеу
ғылымы
шығар?!
/І курсант/ Қате!
- Анторпедагогика – деген педагогика
ғылымының бір саласы. /ІІ курсант/
- Дұрыс емес! Басқа қандай ойларыңыз бар?
?! /үнсіздік/
- Неге жауап жоқ. Ойларыңызды неге
айтпайсыздар? /Осыдан кейін барып Толқын
Қайырбекқызы жымиып, былай деді:
30
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
- Сіздерге не болды? Менің жауаптарым
сіздерге қалай әсер етті?
- Сізге не болды?
- Мынандай жауаптан кейін тағы бір жауап
айтып көруге батылымыз бармады.
- Сіздің мынандай жауаптарыңыз бізді таң
қалдырды, - деп даурықты курсанттар. Осы кезде
тренеріміз І және ІІ курсанттарға қарап:
- Сіздерге менің жаубым қалай әсер етті?
- Өзімді жаман сезіндім, ойым дұрыс сияқты
болған.
- Жауап бергеніме өкініп қалдым.
- Мен сіздерден кешірім сұраймын. /күлді/ Бұл
әрекетті сөзбен айтқаннан көрі тренинг жасайын
деп ойладым. Сол ойымның сіздерге осылай әсер
еткеніне қуаныштымын. Енді ойланып көріңіз-
дерші, мұғалімдердің осыған ұқсас жауаптары
өздерінің жауаптарының дұрыстығына сенімі аз
отырған оқушылардың алға ұмтыуына немесе
қайта жауап беріп көруге талпынуына қалай
ықпал етеді?! Осы кезде оқушылар қандай сезімде
болады деп ойлайсыздар?
Біз тренерімізбен толық келісіп, шынында да
осы мысалы арқылы бізге көп ой салғанын айтып,
біраз уақытқа дейін даурығып, кейде оқушыларға
мүмкіндік бермейтін кездеріміздің болатынын
түсініп және болашақта осындай «қателіктерге»
жол бермеу керектігімізді түсіндік. Тренеріміздің
өзімізді реттеуге мүмкіндік беруі, әріптестеріміздің
сыни ойлауына жасалған әрекеті деп түсіндім. Бұл
жақсы тәжірибе болды!
Сондықтан жаңаша көзқараспен бастаған
жұмыс барысында бұрынғы әдістерімізді өзгерте
отырып, кез келген сұрақтар қоюда нақты жауап
беруге дағдыландыру үшін өткен сабаққа шолу,
сабақты бекіту кезеңдерінде диалог негізінде
оқытуда аса мұқият болуымызды қажет етеді.
Мысалы: бір сабағымда оқушының сұраққа
жауапты ойланып барып жауап беруі, оның алға
жылжуына көп әсер етті:
- Теріс санның модулі қандай санмен
өрнектеледі?
- Теріс санның модулі минуспен таңбасымен
өрнектеледі.
- Теріс санның модулі қандай санмен
өрнектеледі?
- Мысалы: (-3)-тің модулі?!
- (-3)-тің модулі неге тең?
- 3-ке тең.
- Ал, (-3) пен 3 қандай сандар?
- Олар қарама-қарсы сандар.
- Сонда, теріс санның модулі қандай санмен
өрнектеледі екен?
- Оған қарама-қарсы санмен өрнектеледі.
Осы әрекетім, өзімнің өзгеруім сынып үшін
қолайлы болып, оқушылардың дамуына оң әсер
етеді деп ойлаймын. Себебі, «қате» жауаптарды
түрткі болу сұрақтарымен дұрыс жауапқа жетелеу
сыныптағы басқа да оқушылардың бойында
сенімділік ұялататынын байқадым.
С.Мирсеитованың «Оқыту ізденіс ретінде және
ізденіс оқу ретінде» кітабында: /14-бет/ «Жаңа
алынған білімді айқындайтын және ұштайтын
деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын
мүмкіндік болу керек:
* Оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете
білу;
* Өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
* Болжау жасай білу және олардың дұрыстығын
тестілеу;
* Жаңадан пайда болған жағдайларлды тез
түсінуде осы білімді қолдану.
Біз қарастырған сатыларға бірнеше рет орала-
мыз – қызығушылықты ояту, мағынаны тани білу,
ойтолғаныс (ҚМО), сондықтан келесі сабақ модел-
дері осы сатылар шегінде құрылады» делінген.
Жаңа тақырыпты түсіндіру, талқылау бары-
сында да балалардың жаңа тақырыптағы айтар ой-
дың маңыздысын, оны түсіндірудің оңтайлы әдісін
таңдаулары, мысалдар арқылы есептердің тиімді
әдісін қолдануды ұсынулары, уақыттың бақылауда
ұстаулары дұрыс ойлауға оң әсері бары белгілі.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлауға барысында да
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
дұрыс сұрақтар қоюды, қандай әдіс-тәсілдерді қол-
данатынымды, оқушыларға баға қоюда да, ынты-
мақтастықты қалыптастыру үшін қандай әрекет
ететінімді сыни ойлануымды қажет ететінін білдім.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы,
Мұғалімге арналған НҰСҚАУЛЫҚ, Үшінші (негізгі) деңгей
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
31
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
В процессе изучения Программы
поняла, что обучение – это не только
процесс передачи знаний, а множе-
ство процессов, направленных на то,
чтобы ученик понимал ответствен-
ность за свое обучение. Учителю нуж-
но четко структурировать свою рабо-
ту. Об этом говорится в Программе.
Остается только успешно применять
на практике идеи Программы. Инте-
грирование семи модулей Программы
затрагивает все аспекты обучения.
Хотелось бы поделиться идеями о
модуле «Новые подходы в препо-
давании и обучении». Он включает в
себя Диалоговое обучение и Обучение
тому, как учиться.
Еще Л. Выготский говорил, что
развитие когнитивного развития у
детей происходит в процессе
социального взаимодействия, посред-
ством их общения с более
способными учениками, взаимо-
действием с окружающей культурой и
средой (Программа стр.60). Эти слова
позднее подтвердили своими
исследованиями такие ученые, как
Мерсер и Литлтон (2007), Барнс
(1971), Александер (2004). А позднее
Диалоговое обучение стало рассма-
триваться, как новый подход к
обучению. Здесь предусматривается
то, что ученики через диалог с учи-
телем, другими учащимися смогут
сами формировать свои знания на
основе уже имеющегося опыта, а так
же применять их. (Руководство для
учителя стр.145) Если мы рассмотрим
конкретнее на уровне класса, то это
применяется буквально на каждом
этапе урока. Учитель посредством
использования вопросов высокого
порядка вызывает учащихся к
размышлению и обсуждению.
Большую роль играет организация
работы в паре, в группе.
Уже с первых дней своей прак-
тики начала применять активные
формы работы на своих уроках –
работа в парах и работа в группах. Но
в первую очередь нужно начинать с
диалога между учеником и учителем,
продумывая вопросы, которые
начинаются со слов: почему? Как?
Зачем? Докажите, убедите. Не все
дети сразу могут себя направить
именно на обсуждение. Они ждут
сразу оценивания своих ответов и не
воспринимают уже ответы других, как
другую точку зрения. Одной из задач
становится научить детей слушать и
слышать других. А ведь эта задача не
из легких. Вспоминала себя на первом
этапе обучения. Да, мы слушали друг
друга, но порой не слышали, что
другие говорили. Лишь к концу пер-
вого этапа мы стали слышать, что
говорят другие, применять это уже
для себя, не повторяться, при
необходимости приводить услышан-
ное ранее в качестве доказательств в
обсуждении. Если мне, взрослому
человеку, было сложно это сделать, то
какого же детям? Но проведя серию
последовательных уроков, я увидела,
что дети справляются легко.
Сначала, нужно пересмотреть
свой подход к диалогу между учи-
телем и детьми. Знакомясь с ресур-
сами по модулю, поняла, что
допускаю типичные ошибки учите-
лей. Вот некоторые, наиболее рас-
пространенные в практике учителей:
слишком рано задают сложный
вопрос; не дают достаточно времени
для обдумывания ответа; не
используют ответы для проверки
понимания детьми; не отслеживают
совершенствование в ответах каждого
ребенка. Но теперь вижу необхо-
димость в продумывании каждого
вопроса на этапе подготовки к уроку.
Н. Мельникова,
учитель начальных
классов,
средняя школа №8,
г. Усть-Каменогорск
32
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Следующий шаг - это приучать детей вести
диалог друг с другом. Эта задача намного сложнее.
На первых уроках такая работа больше выглядела
сумбурно. А как хотелось слышать исследователь-
ский тип беседы. Но у нас пока только спор в
лучшем случае. Радовало то, что некоторые ребята
хоть так стали общаться, ведь в споре рождается
истина. Затем появился кумулятивный тип беседы,
но дети выдавали в качестве вывода мнение
ученика, у которого наиболее ярко проявляются
лидерские качества. Это, несомненно, огорчает.
Но, зная как трудно полностью перестроить себя
через осознание своей потребности в обучении,
понимаю, как трудно детям. Ведь они так же
меняются, у них такие же цели. Это направило
меня в область метапознания и саморегуляции.
В модуле «Новые подходы в обучении»,
наряду с диалоговым обучением, рассматривается
подход «Обучение тому, как учиться». Он
включает в себя метапознание и все процессы
саморегуляции. Метапознание или познание о
познании (Руководство для учителя стр. 138)
рассматривает осмысление обучения, как
самостоятельного процесса, направленного на
осознание собствен-ных знаний, и получение
новых знаний на основе ранее полученных. По
сути, метапознание и есть процессы познания, где
ребенок должен брать сам на себя ответственность
за свое обучение. Это значит, что учитель доносит
до детей как исполь-зовать различные стратегии
для собственного обучения. Стратегии, приемле-
мые для себя дети выбирать должны сами. От учи-
теля требуется предложить их как можно больше.
Основную роль в обучении играет и само-
регуляция. Именно развитие всех ее областей:
когнитивной, эмоциональной, социальной и
мотивационной происходит посредством формиро-
вания метапознания.
При саморегулируемом обучении учитель
лишь направляет ученика и обеспечивает под-
держку в его обучении. В моем
п о н яти и , с а мо р е г у л и р у е мо е
поведение в обучении должно
помочь детям увлечься заданием
для получения результата. На своих
уроках пытаюсь затрагивать все
области саморегуляции. Социаль-
ная область решает свои задачи при
парной и группой работе. Причем
приятно наблюдать, что дети стали
в группах привлекать абсолютно
всех участников в обсуждение,
причем сами пришли к такой
необходимости. Обратила вни-
мание на то, что дети работают с
интересом и более продуктивно
тогда, когда не вмешиваюсь в процесс обсуждения,
а лишь отвечаю на вопросы ребят по мере их
надобности.
Сложно было меняться при обучении, также
сложно и детям. Но видя результат своей работы,
поняла, что дети хотят двигаться дальше. Не все
удается сразу, на все требуется время и терпение.
Но думаю, что это приведет только к положитель-
ному результату.
На практике убедилась, что новые подходы в
преподавании и обучении направлены на ученика,
на развитие его личностных качеств, которые
необходимы для осознанного обучения; учат быть
ответственным за свои действия в обучении и
намечать шаги для своего развития. Это относится
не только к учащимся, но и к самому учителю.
Литература:
1. «Руководство для учителя» третий (базовый) уровень третье издание АОО «Назарбаев
интеллектуальные школы», 2012 www.cpm.kz
2. «Программа» третий (базовый уровень) третье издание АОО «Назарбаев интеллектуальные
школы», 2012 www.cpm.kz
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
33
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Сабақтың тақырыбы: Қазақ-
станда тарихи-мәдени туризмді
дамытудың бес кластері мен Қазақ-
станның жетi ғажайыбы.
Достарыңызбен бөлісу: |