М. Рахимов,
«№16 орта мектебінің
дене шынықтыру пәні
мұғалімі,
Өскемен қаласы
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
83
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
(күннің көзі, таза ауа, таза су т.б.). Мысалы, табиғат
аясында серуен құру, саяхат жасау, туған өлкеге
жорық жасау, әртүрлі спорттық жарыс ойындарын
ұйымдастыру.
3) Сыныптан тыс дене тәрбиесі жүйесінде
оқушылардың спорттық жарыстарын, әртүрлі
спорт түрлерімен және дене шынықтыру жұмыта-
рын ұйымдастыру.
Олардың ішінде: көпшілік спорт жұмыстары,
спорттық мейрамдары, әскери спорттық ойындары,
спорт секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру,
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030»
Қазақстан халқына Жолдауында және «Салауатты
өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасында
жасөспірімдер мен балалардың дене тәрбиесін
нығайту қажет екендігін атап көрсетілген. Осы
орайда қала мектептері арасында өтілетін түрлі
сайыс жарыстарда оқушыларымыз намысты қолдан
бермей футболдан өткен чемпионаттарда бірнеше
жыл қатарынан жүлделі орындарда келеді.
Мәселен, 2011-2014 жылдар аралығында мекте-
біміздің 5-11 сынып оқушылары осы жарыстарда
әрқашан 1 орыннан көріне білді, спорттық шебер-
ліктерін шыңдай түсті. 9-11 сыныптар арасында
өткен чемпионатта қала мектеп спортшылары ара-
сында жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Оқушылары-
мыз - Бек Сайлауханов, Тәлім Асылбеков, Қуат
Мырзабеков, Өміржан Дидаров, Қапез Нұрсұлтан,
Нұртуған Аамандостың мектептің мақтанышы,
спорттағы жеңістеріміздің көшбасшылары.
Бұл жеңістер мектеп оқушыларының спортты
сүюімен қоса пән мұғалімдерінің де шәкірттерін
спортқа баули алуында. Сынып жетекшілері бала-
лардың сыныптан тыс тәрбиесі жүйесінде оқушы-
лардың спорттық жарыстарын, әртүрлі спорт түр-
лерімен жалпы дене шынықтыру жұмыстарын
ұйымдастырудан тыс қалмайды. Мысалы, спорт
секциялары мен үйірмелерін ұйымдастыру,
көпшілік спорт жұмыстары, спорттық мейрамдар,
әскери спорттық ойындары мектепішілік тәрбие
жұмыстарымен қатар жүреді. Сынып жетекшісі
Әлмира Қабидолдина сияқты ұстаздарымыз
оқушылардың спортпен шұғылдануын тәрбие
жұмысының ажырымас бөлігі деген ұстанымда.
Сол сияқты ата-аналарымыз да осы салаға өз үле-
стерін қосуда. Ата-аналардың арасында
Мұхамадиев Айбар бастаған топ та спорттық іс-
шаралардың басы – қасында болуда.
Дене шынықтыру пәні бірлестігі «оқушының
дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығын
сақтау барысында оқушылардың бойына тұрақты
мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, салау-
№16 орта мектеп ауласындағы спорт мерекесі
84
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
атты өмір салтын қалыптастыру» өзекті тақыры-
бында жұмыс жасап келеді. Бірлестік мұғалімдері
«Тенге алу, « Асық тау», «Киіз үй» сияқты ұлттық
ойындар негізінде құрылған ашық сабақтар мен
семинар-сабақтар қала көлемінде өткізіп, әріпте-
стермен іс тәжірибе алмасып тұрамыз.
Оқушыларды спортқа баулуда мұғалім өзі де
спортқа жақын болуы міндетті. Бұл орайда
мектебімізде мұғалімдердің теннис, волейбол
ойындарынан командалық жарыстары өткізіліп,
ұстаздарымыз жүлделі орындардан көрініп жүр.
Дені саудың тәні сау дегендей әр адам өз денсау-
лығын бала күнінен өміріне серік етсе, жаман әдет-
терден аулақ болса, ғұмыр жасының ұзақ болуына
өзі кепіл бола алады.
Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық
қызметіне үйрете отырып, спортпен шұғылдану-
дың, дене шынықтыру сабақтарының маңызы тура-
лы сабақ барысында неғұрлым толыққанды ақпарат
беруді қолға алудамыз. Мысалы, адамдарда аз
қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда бола-
тынын айта келе, партада көп уақыт қозғалыссыз
отырудың жасөспірімдерге қиынға соғады. Ал бұл
дерттің емі – спорт.
Мектепте оқушылар арасында түрлі қимылды
жаттығулардың түрлерін күнделікті сабақтын ал-
дында қыз балалар мен ер балар бөлек өткізеді.
Спорт іс-шаралары мектепте тұрақты назарда. Әр
тоқсанның белгілі күндерінде Денсаулық күндерін
өткізудеміз. Онда өткізілетін түрлі іс-шаралар:
- Көңілді старт.
- КВН.
- Баскетбол.
- Футбол.
- Волейбол.
Мектеп ұжымында балалар жағдайының жақса-
руы, білім алуы, өмір сүруі, әлеуметтік қорғалуы
үшін мейлінше мүмкіндік жасалады, мектеп
әкімшілігі бұл мәселені үнемі назарда ұстайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы оқушы-
лардың бос уақытын пайдалы өткізуге, балалардың
жеке қызығушылығын арттыруға жәрдемдеседі,
олардың әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Мектебімізде спорт секциялары тілек білдіруші
оқушылар қатарын зерделеу арқылы және мектеп
жағдайына байланысты волейбол, баскетбол, фут-
бол, күрес, тоғыз құмалақ, шахмат, үстел теннисі,
би үйірмелері жұмыс істейді. Оқушыларды үйірме-
лерге қалауымен, сонымен қатар, кейбір
тәртіптерінде қиындық тудыратын оқушыларды
спорт шараларына өзіміз тартып қатыстырамыз.
Қазіргі кезде балалар мен жастар денсаулығы-
ның қалыптасуында кемшіліктер жоқ емес. Бала-
ның ерте жастан темекі шегуі, ішімдікке, есірткіге
құмарлық, улы заттарға әуестік, адамгершілікке
жат басқа мінез-құлық етек алуда. Жеткіншек
жігіттерді әскери борышын өтеу алдындағы комис-
сия барысында айқындалатын аурулардың алдын
алу мектептегі дене шынықтыру сабақтары,
жастайынан балаларды спортқа бейімдеу деп
айтар едім. Осы тұрғыда біздің мектептегі тәлім-
тәрбие үрдісі бала денсаулығын спорт арқылы
нығайтып, сақтауға негізделген деп сеніммен
айтуға болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Мектептегі дене шынықтыру» №4, 2014ж. Алматы қ.
2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың
өзекті мәселелері. №4, 2013ж.
3. «Дене тәрбиесінің жаршысы» №1, 2013ж.
4. «Мектептегі дене шынықтыру» №3, 2014ж.
5. «Дәулет»., №2, 2012ж.
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
85
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
О
ралхан шығармаларындағы
жетпісінші жылдары жазылған
шындық шымшымдап тіршілік атты
теңіздің бетіне шықпай ма?! Ия, көз
жүгіртіп, ой өрбітіп көрейікші. Мезгіл
әуендері новелласында «Мен ақ отау-
дың оң жағар іргесіндегі болыскей
керуетте ұйықтап жатып, түсімдегі
түсті көрдім, дыбыстан да шапшаң
ұшатын самолет мені басқа планетаға
апарып тастаған екен деймін», деп
басталатын тұсы, «Робот алдындағы
көп-көп кнопкалардың бірін басып
қалғанда мен ескерткіш боп қатып
қалған екенмін деймін» деп жалға-
сады. Міне, дәл осыны шындық емес
деп айта алмаймыз ғой?.. Ақбоз биеге
мінген ақ бәйбішенің өзіне шараға
құйып наурыз көже бергенін, көжені
тамсана, ұзақ ішкенін айтады емес
пе?! Осынау бір оймақтай ғана шәмші
ойы үнемі өзін арбап шақырып тұра-
тын Алтайдың мұзарт шың Мұз-
тауындай биікте елінің бүгінгі күнінен
аян берген екен ау...
Алдымда отырған оқушыларыма
мен әдебиет әлемін осылайша жерлес
жазушының теңдесі жоқ сөз өнерімен
өрнектеген шығармалары арқылы
түсіндіріп отырамын. Оралхан аға
оқыған КАЗГУде мен де оқығанымды,
жазушымен таңдана да, әрі тамсана
екі кездескенімді мақтана айтамын.
Әлемдік әдебиеттегі өзгелерге ұқса-
майтын дара тұлғасын дамытуға
тырысамын. Жазушыны өзгелерді
озық етіп көрсететін оның кейіп-
керлері екенін, ол кейіпкерлері
қарапайым ауылдастары — біз, сендер
және олар екенін саналарына сіңіре-
мін. Оралхандай талантты тудырған
Алтай өңірінің тұмса табиғатының
жаз, күз, қыс, көктемінің өзгеше
сұлулығын, аң-құсын, тіпті бал
арасының артықшылығын баяндай-
мын, оқытамын, талдатамын. Табиғат
пен адам егіз ұғым екенін тауларға
қарап-ақ жазған Оралхан шығарма-
ларын оқып, ұғынуына болатынын
зерделеймін, зерделетемін. Шараға ақ
бәйбіше құйып берген наурыз көжені
түсінде тамсана ішкен Оралхандай,
өзім оның әр шығармасының нәрімен
сусындаймын. «Тортай мінер ақ боз
атқа» мінгісі келетін шәкірттеріме
өнер атты пырақтың бабын қалай
табуға болатынын үйретемін, үміттен-
діремін. Кім білсін?... Оралхан аға
айтқандай... «Мынау аппақ дүние...»
Оралхан Бөкей шығармашылы-
ғын мектепте оқытуда «Айпара ана»
атты сабағымның үзіндісін ұсынамын.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жазушының аңыз-
нама арқылы айтпақ болған басты
мақсатын тарихи шындықпен ашу.
2. Дамытушылық: Табиғат пен
адам арасындағы байланысты салыс-
тыру, шығарма сюжетін елестету ар-
қылы ой дамыту.
3. Тәрбиелік: Шығарма мазмұны
бойынша қоғам мен ұжым алдындағы
борышты сезінуге, туған ел, жер ал-
дындағы парызды өтей алатындай
сезімге, патриотизмге тәрбиелеу.
Пайдаланылды: портрет, сурет-
тер, буклет: «Үркер ауып барады».
Сабақтың түрі: жаңа матер-
иалды оқыту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-
жауап
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Үй тапсырмасын тексеру:
А) Оралхан өміріне шолу
Ә) «Қамшыгер», «Тоқадан қалған
тұяқ», «Тортай мінер ақ боз ат» т.б.
шығармалары бойынша резюме оқу
Г. Қунанбаева,
Жамбыл орта
мектебінің қазақ тілі
мен әдебиет пәні
мұғалімі,
Жамбыл ауылы,
Катонқарағай ауданы
86
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Б) кейіпкерлер, кімдер, нелер
4. Жаңа сабаққа әзірлік: Жазушы шығарма-
ларының кейіпкерлері қарапайым ауыл адамдары,
өз өлкесінің қадір-қасиетін бойларына жинаған
адамдар. «Айпара ана» аңызға құрылған. Семей
өңіріндегі тобықты руының адамдары туралы сыр.
Тарихпен байланысы: 1726 жыл Аягөз маңы
«Қалмақ қырылған»
5. Жаңа сабақ:
Бұл тірек сызбаны пайдалану үшін солдан оңға
қарай емес, оңнан солға қарай сұрақтарға жауап
іздейміз.
1) қалай жазды? - Аңыздау әдісімен
2) нені жазды? - Тарихты, Айпара ананы
(монолог)
3) не істеді? - тарих қойнауына үңіле отырып,
адамдық қасиетті, ұрпақ алдындағы борышты
айқындады.
4) Оралхан кім? – Оралхан - табиғаттың төл
перзенті, ойшыл, философ, адам жанының
инженері.
Үзінді: «Адам - өмір - табиғат» (оқушы)
«Айпара ана» - Табиғат - адам; Адам - табиғат
арасындағы байланысты танытатын шығарма.
Аңыздың өзегі - тарихи оқиғада → жоңғар
шапқыншылығында
Бас кейіпкер Айпара ананың мақсаты - ұрпақ,
қоғам алдындағы парызын өтеу, адам бойындағы
табиғат-ана жаратқан адамгершілік қасиетті ардақ
тұту.
Айпара сөзі: «Екі баланың тым құрыса бесігін
тартып әкеткенің оң болған екен, ерім. Әйтпесе
ырымға жаман ғой. Екі бала - екі тамшы қан. Жау
қолында қалғаны сол қанның бұзылғаны да».
Монолог: «Жау қолында қос ұлан қалды деген-
ше, жаныма жазылмайтын жара түсті десеңші.
Жоңғарда қалған қарақтарымды қайтарып, үйіріме
қоса алам ба, жаудың итіне талқанша өлтіріп кету
керек еді...»
Портрет: Жер ортасына келіп қалған аппақ
сазандай әйелдің қарашығы мол, тұнық қара көзі
бұрынырақта жалт-жұлт етіп тұрушы еді, қазір
оның орнын ардақ аналықтың белгілері басқан:
Етжеңді толық денесіне артық-кемсіз баяу әрі еркін
қимылы аса жарасып, төбедей боп төр алдында
отырғанда есіктен именбай кіруің екі талай. (224 б.)
Мінездеме: Орнықты, сабырлы, артық сөзге
жоқ. Құмалақ ашу арқылы әр нәрсеге болжау жасай
алады. Табиғат құбылыстарын зерделейді.
Жандос. Оның тірі қалуы ана тілімен, табиғат
тылсымымен байланысты.
Монолог: Уа, жаратушы жақсы ием, ұлым
ғазиз істің жолында шейіт болса арманым не,
елімді сойқан соғыстан, дұшпанға таба қылар
жаман аттан аулақ қыла гөр. Көз жасын көр
қазақтың, әумин!
Жандос жау қолынан қос жетімек Бөкенші-
Борсақты алып келді. Тірі қалуларына себепкер-
аруана! Оны жолықтырған да табиғи күш.
Елдің елдігі, өрлігі сынбады. Барлығы
жаратушы табиғат тылсымымен Айпара ананың ақ
тілеуімен байланысты.
Түйін. Айпара ана: «Кейінгі ұрпақ, сендерден
түнілген едім. Оынм бекер екен. Сендердің қажы
қайраттарыңда шек жоқ екен. Оны Жандос дәлел-
деді» (монолог)
Жаралы екеніңізді білемін. Батыр ел әмсе
жаралы болмақ. Шалқайғанға шалқай - пайғамбар-
дың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей - ол құдайдың
құлы емес. Жеріңді тастама - жетім қалар.
6. Бекіту: (Жер бауырлап жатқан бала)
«Қайран қазақтың қойдай жуас шалқар даласы-ай,
шалқар құшағыңды әркімге бір аша-аша аш
қаларсың»
Мен айтамын : Кімдерге пана болмай отырсың.
Бүгінгі күнмен байланыс: Адам – табиғатты
тонаушы.
7. Менгергенін тексеру: Сұрақ-жауап
1) бөкенші- Борсақты әкелуге неге Жандосты
жұмсады? (Ол бала, елеусіз әрі басқаны құрбан ете
алмады)
2) тапсырманы орындау - жазушы мақсатын
қалай айқындайды? (парыз-борыш)
3) монологтың ұтымдылығы неде? (қаралы
көш, есік еткен ел)
4) баяндау, сюжеттік желі арасындағы
байланыс.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие
беруде, ұлттық салт-дәстүріміздің рухани құнды-
лықтарын оқушы бойына зерделеуде жазушы
О.Бөкейдің шығармаларын әр оқушы мақтанышпен
оқиды. Жазушының артында қалған өшпес шығар-
машылық мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа ұлықтай оты-
рып жеткізу - әр филолог маманның қасиетті
парызы.
ОРАЛХАН
Кім?
Не
істеді?
Нені
жазды?
Қалай
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
87
Педагогический
ВЕСТНИК
Педагогический
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
Б
үгінгі таңдағы басты мәселе-
лердің бірі басқа ұлт өкілдеріне қазақ
тілін үйрету, мемлекеттік тілдің мәр-
тебесін көтеріп, қолдану аясын кеңей-
ту. Мемлекеттік тілді орыс мектеп-
терінде оқытуда оқушыларды қазақша
ауызекі сөйлеуге үйрету көзделеді.
Қандай істі болсын жүзеге асырудың
әдіс-тәсілдері мен көмекші құралдары
болады.
Көбінесе, кешкі мезгілде оқитын-
дар әртүрлі жастағы оқушылар. От-
басы, тұрмыстық жағдайына, ден-
саулығына байланысты, түрлі қиын
жағдайларға тап болып, сол себептен
жалпы мектепке бара алмаған жандар.
Кейде жәй мектепке бармай жүрген
жасөспірімдерді осы кешкі мектепке
ауыстыруға тура келеді. Бұл оқу-
шылардың оқу үлгерімі нашар, білім
деңгейі төмен болатыны жасырын
емес. Осыған орай, оқушыларымның
оқуға ынтасын көтеріп, білім деңге-
йін, қабылдау қабілетін, жеке ерекше-
лігін ескере отырып, оқушының
қабілетіне, біліміне қарай лайықтауға
тырысамын.
Осы мақсатта оқытуда түрлі
жұптық, топтық жұмыс түрлерін
қолданудамын, әртүрлі бақылау фор-
маларын: алдын ала берілген ауызша
сынақ тапсырмалары, тесттер, диф-
ференциалдық тапсырмаларды орын-
датамын. Кешкі оқу мектебіндегі
жасы үлкен оқушылардың әртүрлі
жұмыс орындарында, мекемелерде,
фирмаларда жұмыс істейтіндіктен,
әдістің ішінде ерекше орын алатыны –
диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу
әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде,
ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде
таптырмас жұмыс түрі. Оны құрас-
тыру үшін бір тақырып бойынша
оқушының сөздік қорын дамыту,
әңгімелеуге жаттықтыру керек.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт
өкілдері бар. Олар бір-бірімен тату,
ынтымақты тұрады. Қазақстанның
байырғы халқы – қазақтар.
Керісінше, осы жауап сыңарла-
рына сұрақтар қою жолымен қайта
диалогке көшуге болады.
Оқушылардың сөйлеу қабілеттерін
арттыру барысында жұмыс жүргізудің
бірі – мәтінмен жұмыс. Мәтінмен
жұмыс алдында міндетті түрде
мәтіндегі кездесетін таныс емес
сөздермен жұмыс жасаймыз. Жаңа
сөздердің мағынасын оқушылар түсі-
ніп, аудармаларын меңгерулері қажет.
Мәтінді меңгеруді түрлі жолдармен
жүргіземіз:
1) Мәтінді толық мәнерлеп оқу.
2) Мәтінді қазақ тілінен орыс
тіліне аудару.
3) Оқыған мәтіннің мазмұнын айт-
қызу. Қазақ тілінде ауырлау болса,
орыс тілінде жеткізу.
4) Мәтіндегі сұраққа дұрыс жауап
беру.
5) Мәтінді өз ойымен бірнеше
сөйлем арқылы жеткізе білу.
6) Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз
тіркестерін тақтаға жазып, есте сақ-
тауын қадағалау.
7) Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша
баяндау және дәптерлеріне жаздыру.
Қазақ тілін меңгерудің басты
мақсаты – тыңдау, сөйлеу, ойлау, оқу,
жазу болса, мәтінді меңгеру барысын-
да тілдік қызметтің барлық түрі жан-
жақты қамтылады. Тіл дамыту
жұмысының негізгі түрлерінің бірі –
сөздік жұмыс. Сөздік жұмысы – тіл
дамыту жұмысының бастапқы негізі
болып табылады. Егер оқушының
К. Байбосынова,
№ 15 орта мектебі,
кешкі (сырттай ) оқыту
бөлімі, Өскемен қаласы
88
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогика
ЖАРШЫСЫ
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
Педагогическ
ий
ВЕСТНИК
№6 (56) 2014
сөздік қоры тапшы болса, ол айтайын деген ойын
нақты жеткізе алмайды. Сондықтан сөздік жұмысы
әр сабақ үстінде, жыл бойында, бүкіл оқу кезеңінде
белгілі жоспармен, жүйемен жүргізілуі керек.
Оқушы сабақ сайын жаңа сөз үйреніп отырады.
Оқушының сөздік қорын тек сабақ кезінде ғана
толықтырмай, сыныптан тыс уақытта да
толықтырып отыруға болады. Оған әсіресе
сыныптан тыс жұмыстар күшті әсер етеді.
Қазіргі екінші тілді үйрену сабақтарында кең
қолданылатын әдістің бірі – ойын. Ойын түрлерін
қолдану пәнге деген қызығушылықтарын артты-
рып, сабаққа белсенді қатысуын қалыптастырады.
Шәкірттеріміздің оқуға ынтасы асып, оқу про-
цесінің деңгейі көтеріледі.
Енді өз тәжірибемде өткізетін ойынның бір-
неше түрлерін айта кетейін:
“Қазақстан Республи-
касы” бойынша сұрақ-жауап ойыны. Тәртібі:
үстелдегі билет түріндегі қағазды оқушы алады.
Екінші бетінде Қазақстанның жер, облыс атаулары,
т.б. өтілген тақырыптарға сәйкес сұрақтар, тапсыр-
малар жазылған. Оқушы оларды Қазақстан карта-
сынан көрсетеді немесе сұрақтарға жауап қай-
тарады. “ Жұбын тап” ойыны. Мұнда мақалдарды
айтып үйрену жаттығуы жүргізіледі.
Үстелде
мақалдың бір сыңары бір қағазда, екінші сыңары
екінші қағазда араласып жатады. Ойнаушы бір
сыңарын таңдап, оның екінші сыңарын табады.
Сөйтіп біріктіріп оқиды, оны қолданып сөйлем
құрайды. Топтық ойындар:
1. Тіл үйренушілер екіге бөлініп, бірінші топ жуан
сөздер, екінші топ жіңішке сөздер айтып жарысады.
2. Сынып екі топқа бөлініп, бір топ ілік септікті бір
есім сөз айтады, екінші топ тәуелдік жалға-уының 3-ші
жағын қосып, сөз тіркесінің жалғасын айтады.
Сонымен бірге өз тәжірибемде жүйелі қолда-
натын оқытудың бір түрі – деңгейлік тапсырма-
лар. Деңгейлік тапсырмалар оқушының қазақ
тілінен алатын білімін толықтыра отырып, қажетті
дағдылар мен біліктердің қалыптасуын қамтамасыз
етеді, оқушының ойлау қабілетін, тілін дамытады.
Бұл тәсілдің ең маңыздылығы – әр оқушы өз
шамасына қарай тапсырманы орындай отырып,
өзінің нені білетін және білмейтінін толық сезінеді,
сыныптастарынан қалмау үшін келесі жолы
білмегенін біліп алуға тырысады.
Әр оқушының
деңгейіне, ерекшелігіне қарай сынып тапсыр-
малары мен үй жұмысының тапсырмаларын
дайындап беремін.
Кешкі мектепте қазақ тілін оқытуда тағы бір ең
қолайлы жолдардың бірі – тірек-сызбаларын
пайдалану. Тірек сызбалар оқушылардың сөйлеу
тілін арттыру мақсатында пайдаланатын тиімді
тәсілдің бірі. Сонымен қатар тірек сызба жаңа
грамматикалық және лексикалық тақырыпты жеңіл
түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Тірек
сызбалар арқылы сөйлем құрастырып, өз ойларын
айтып жеткізуге үйренеді, сабаққа қызығады,
еңбектенуге талпынады. Сондай-ақ интерактивті
тақта арқылы әртүрлі тест тапсырмалары,
презентациялар, викториналар дайындалып жүр-
гізілсе, оқушылардың оқуға ынтасы, пәнге
қызығушылығы арта түсетіні даусыз.
Бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Әрине
бұнымен шектелмей, жұмысты одан әрі жал-
ғастыру басты міндетім. Қорыта келе, осы әдіс-
тәсілдерді қолдану нәтижесі: тұлғаның қиындық-
тарға даяр болу және оны білу, қарым-қатынас,
ойын, танымдық, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін
қанағаттандыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |