Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен



бет56/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

ҚОРЫТЫНДЫ
«Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  1. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер кез-келген ұлттың, мемлекеттің қорғалған жай-күйі болып, барлық мемлекеттік органдар жүйесі қорғану іс-шараларына жұмылдырылады. Мұндай үдеріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік заңы бойынша да байқалып отыр. Ұлттық қуаттылыққа келетін болсақ, ол қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланып, керісінше, өзге мемлекеттерге қауіп төндіретін элементтермен ерекшеленеді.

  2. Қазақстан Республикасы ұлттық қуатының стратегиялық ресурстары екі бөлімнен яғни қатаң және жұмсақ (идеационалдық) факторлардан құралуы керек. Қатаң факторларға экономикалық ресурстар; қаржы ресурстары; территория; табиғи ресурстар; Әлемдік мұхитқа шығу жолы; білім, ғылым және технология саласындағы ресурстар, басқару ресурстары және әскери ресурстар жатады. Сонымен бірге, адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілуі, әлемдегі сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі бағыттар жүзеге асырылуы тиіс: экономиканы қалпына келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруы керек.

Бірінші түйінді бағыт — дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық — бірінші онжылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін шараларды қамтиды. Бұл біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.
Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады.
3.Ұлттықэкономиканыңқауіпсіздігінқамтамасызетуэкономиканы жемісті әртараптандырумен, республиканың орнықты дамуымен тікелейбайланысты.
Соның ішінде:

  • жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу, жел энергетикасының, күн және геотермалдық энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;

  • Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет