Мәселе Зерттеу сұрағы



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі28,52 Kb.
#137784
  1   2
Байланысты:
ЖОБА! Action Research Абай Қ.Д . Махамбетова М. (1)


«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты»

«Action Research, Lesson Study, Learning Study әдістерін қолдану теориясы мен практикасы»


тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында Action Research
16.10-27.10.2023 ж.

«Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі»


Орындағандар:

  1. Абай Қамза Дарханұлы

Петропавл қаласы
«Абай атындағы мамандандырылған
қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
2.Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы «Мектеп жанындағы интернаты бар Кішкенекөл №2 орта мектебі» КММ Махамбетова Малика

Куратор:Әлжанова Гүлзат Кенжебекқызы


Петропавл, 2023 ж.


Action research - практикалық әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен бірге оқыту мен оқуды жақсарту бойынша іс-әрекеттер жасау процесі.





Мәселе



Зерттеу сұрағы



Зерттеу тақырыбы



Оқу үрдісінде оқушылардың сабаққа деген ынталарының төмендеуі.

Неліктен оқушылардың сабаққа деген ынталары төмен болады?
Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық жұмыстың тіиімділігі бар ма?

«Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі»




  1. Әдеби дереккөздерді талдау

Базаров Т.Ю.

Ильин Е. П.

Прейер В.

Педагог-ғалым В.Сластенин

Психологиялық тұрғыдан алғанда, бірлескен қызмет адам үшін үш себеппен тиімді әрі дамушы болып табылады. Ең алдымен, команда мүшелері арасында өз білімдеріңіз бен қабілеттеріңізге байланысты аздап ерекшеленгіңіз келетін қарсыластықтың бір түрі бар. Екіншіден, ақылды және тәжірибелі адамдармен кеңесу мүмкіндігі бар. Үшіншіден, ойшыл әріптестер тарапынан қолдау сезімі байқалады.
Яғни, әрбір адам қоғаммен бірлесіп жұмыс атқарса, өзіне пайдалы және өмірлік тәжірибиеде қолдана алатын нәрселерге үйренуге мүмкіндігін алады. Сол себепті оқушыларды қоғаммен араласудан тиімді жақтарын аңғартуға үйретуіміз қажет

Топтық форма белсенді жұмысқа тіпті пассивті, нашар уәжделген оқушыларды да тартады, себебі олар өз құрдастарына кедергі келтірмей, жұмыстың бір бөлігін орындаудан бас тарта алмайды. Бұдан басқа, бәсекелестікке саналы көзқарас, басқалардан да жаман болғысы келмейді деген ниет бар.

Осы тұжырымдамада әрбір оқушы өзін еркін ұстап, қоғам алдында сөз сөйлеп белсенді қатысса , оқушының сабаққа деген көз қарасы өзгеріп ынтасы артады.



Бала психологиясы- жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді.
Осы пікірге сүйене отырып біз зерттеуімізге 9 сынып оқушыларын тандаған болатынбыз. Өйткен бұл жастағы балалардың мінез құлықтарында біршама өзгерістерді аңғаруға болады.

«Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині — өзара іс-әрекет жасалып, соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.


Осылайша, топтық жұмыс барлық оқушыларды сабақта белсенді жұмыс жасуға қолайлы жағдай жасайды. Топта жұмысты ұйымдастыру кезінде әр оқушы өз пікірін айтады, ойлайды. Топтарда даулы пікірлер туындайды, әртүрлі шешімдер талқыланады. Топтық жұмыс формасы жаппай оқыту жағдайында жеке көзқарасты жүзеге асыруға, балалардың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін анықтау үшін өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні өте маңызды.


Жоспар:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет