Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы. “Соқыр, саңырау және жалаңаш”өлеңі



Дата07.01.2022
өлшемі83,68 Kb.
#17256
Байланысты:
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы. “Соқыр, саңырау және жалаңаш”өлеңі Орындаған. Райханова Айдана 208-топ


Жабысты маған өлең он бес жаста,

Жұрт айтты “не қыласың” деді баста.

Дегенмен қоя алмадым үйренген соң

Мінім жоқ қылған жұртқа мұнан басқа.

Шүкірлік, бергеніңе құдай-патша,

Он бесте шабыттандым жүйрік атша

Бір күндер ұйықтап жатқан мезгілімде

Кеудеме өлең толды сызған хатша.

М.Ж. Көпеев жинақтаушылығының ерекшеліктері :

М.Ж. Көпеев жинақтаушылығының ерекшеліктері :

* ертегінің не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген.Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтыған.

* Әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген.

* Қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған, яғни ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық мәні айрықша болатыны сөзсіз.

* Ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген М.Ж.Көпеевтің жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған.


Халық ауыз әдебиеті

Батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының еңбектері

Орта ғасыр ғалымдарының еңбектері

Фольклорист ғалым ретінде қалыптасу қайнары :

Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: «Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады» деген екен.

Мұның себебін сұраған ауылдастарына: «Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын. Мен өлген соң қатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер», – деп 1931 жылғы ашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопы жан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀

Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай деп жалғайды: «Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады» деп болжаған екен.⠀

Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.

Олар: өзінің өлімі, ашаршылық, 70 жыл атейстік компартия, 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀

Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңына келіп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлы басшылар келеді деп болжаған екен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет