Метафора, ауыстыру



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі35,3 Kb.
#123613
1   2   3   4
Байланысты:
адеб тарх

Алмасын арнап суарып,
Ақ сауыт соқса зергерім, (метафора)
Таудағы сала бұғыны
Аңдып бір атса мергенім!
Көкорай көктем болғанда
Дауысы бар азандай,
Желіні бар қазандай,
(теңеу)
Жаралы қудай ыңырантып,
Жарылған мұздай күңірентіп,
Қайрауықтың ащы күйіндей
Қайырып боздап күйлентіп,
Боталаған боз інген
Азан-қазан, у да шу
О да бір алса мазамды-ай!
Алғайдың құба жонына
Жайылған қойым сыймаса,
Жүз бүркеншек, жүз қоспен
Қатар жүріп жинаса!
Көк алалы көп жылқы
Көлге бір түссе көз жетпей,
Санап санын алуға
Есебіне жан жетпей...
Беглерім мінсе шұбарын,
Жұлындай қылып жаратып!
Елден елді аралап,
Тектіден текті саралап,
Беглердің қызын айттырсам,
Нұсқасын байқап шамалап -
Сынға толса сияғы,
Әлбеті шамның шырағы,
Мұхиттан сүзіп шығарған
Қымбатты гауһар бағасы.
Жүз нарға кілем жаптырып,
Қазақтан сәнін арттырып,
Ұзатып алсам сәнменен,
Көңлімді хош таптырып!
Бала берсе тезінен, -
Пірлердің бітсе демінен,
Шілтеннің тиіп шылауы,
Артылып туса өзімнен!
Осындай берген дәулетті
Көтеріп түра алар ма екеміз?!


ТЕҢЕУ
(Үмбетей жырау, Бөгембай өліміне)
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгенбай!
Болмашыдай анадан
Болат тудың, Бөгенбай!
Қалақайлап дулатқан,
Қалдамандап шулатқан
Қалмақты алдың, Бөгенбай!
Құбыла көшкен байтақтың
Ордасындай Бөгенбай!
Темір жұмсап, оқ атқан
Қорғасындай Бөгенбай!
Қолтығы ала бұғының
Пәйкесіндей Бөгенбай!
Жалаңқия жерлерден
Жазбай түсіп түлкі алған
Білегі жуанбүркіттің
Тегеурініндей Бөгенбай!
Баянаула, Қызылтау,
Абыралы, Шыңғыстау,
Қозы Маңрақ, Қой Маңрақ,
Арасы толған көп қалмақ;
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың!
Ақшәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың;
Қалмаққа ойран салдырдың!
Қабанбай мен Бөгенбай,
Арғын менен найманға
Қоныс қылып қалдырдың!
Толғауда бірнеше ұлғайған теңеулер қатар берілген де, батыр Бөгенбейдың
Өзгеден бөлек біткен тау тұлғасы мен алып күші, елден ерек батырлығы
сипатталған. Нақтырақ айтсақ, Бөгенбайың батыр бейнесіне теңеліп отырған
орда – көптік пен кеңдікті қорғасын – беріктік пен ауырлықты, пәйке – ірілік пен
даралықты, тегеурін – батырлық пен күш-қуатты білдіреді. Бұлар өзінен бұрын
түрлі анықтауыш құрылымдардың тіркесіп келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет