Метафора, ауыстыру


Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан арнауынан үзінді келтірейік



бет4/4
Дата15.11.2023
өлшемі35,3 Kb.
#123613
1   2   3   4
Байланысты:
адеб тарх

Жиембет жыраудың Есім ханға айтқан арнауынан үзінді келтірейік:

Менің ерлігімді сұрасаң,


Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайындай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай— деп, теңеудің әдемі де сұлу үлгілерін алға тартқан. Өзінің ерлігі мен өрлігін, зорлығы мен беріктігін табиғаттың тамаша туындыларына теңеп, сол арқылы мықтылығын суреттейді.
Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауы.
«Менің менен ханым ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай,
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай,
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай,
Періктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай…» [2, 57]
Жырау толғауы осындай өткір тілді болып келеді, бейнелі теңеулермен өз бейнесін суреттейді. «Аюдай, тайыңдай, жайындай, қайыңдай» деген сөздермен шебер құбылтып, тармақтың соңына тіркеп ұйқас ретінде де пайдаланған. Толғауды кезектес ұйқаспен ырғақты өрген.
ЭПИТЕТ (АЙҚЫНДАУ)
Асан қайғыда:

Таңдайға біткен қызыл тіл,


Тірлікте не шайнасаң жұтар ол.
Шалкиіз жырауда:

Қара сия, ақ қағаз,


Дестірге өнер төктірдің

Осы мысалдардағы қара сия, ақ қағаз, қызыл тіл сияқты сөз тіркестері ауыз әдебиетінен, әрісі түркі тіл халықтар әдебиетінен етене таныс болуы мүмкін. Бұл екі жағдайды аңғартады. Біріншіден, Ежелгі поэзиямыздың күні бүгінге дейін әрқилы орайда қолданылып келе жатқан бұл тіркестер – дәстүрлі жалғастықтың куәсі. Екіншіден, сан ғасыр ұғымға орнығып қалыптасқан тұрақты айқындаулар.




Шалкиіз шығармалары архаизмдерінің көптігімен ерекшеленеді. Оның толғауларында ұшырасатын: жәзит (рұқсат), көкшілі (сұңқар), алдаспан (наркескен, өткір қылыш), күлік (жүйрік, тұлпар, сәйгүлік), асмар ету (қалдыру, тастау), сайғақ (қабырдың басына шаншылған ағаш), жазы (дала, жазық), балаңқы (бала-шаға, осал, нашар), жімлә (бүкіл, барлық) сияқты көптеген сөздер қазіргі қазақ тілінде мүлдем қолданылмайды. Жырау шығармаларында кездесетін кейбір тіркестер мен ұғымдардың мағынасы күңгірт немесе мүлде ұмытылған. Сонымен қатар тілімізден белгілі кейбір сөздер Шалкиіз қолдануында басқа формада айтылады. Мәселен: “Сөз боларсың күлемге” (күлкіге), “Иесі би Темірден саңыратын” (соң, кейін), “атайы ер” (аталы, текті ер), “Аңдып жүрген дұшпаннан жүз сақын” (сақтан), т.т. Мұндай өзгешеліктерінің болуы – жырау туындыларының көнелігіне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет