Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет121/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   206
МЕТЕОРИТ – планетааралық кеңістіктен Жерге келіп түсетін 
метеорлық денелердің қалдықтары. Метеориттер темір, тас-темір 
және тас метеорит болып негізгі үш түрге бӛлінеді. Олардың 
ерекше белгілері: қырлары мүжілген, сыртында жұқа қабығы және 
ӛзіне тән шұңқырлары болады. Сындырып қарағанда метеориттің 
ішкі жағы күлгін қоңыр түстес келеді, қара немесе ақ түстер сирек 
кездеседі. Әдетте ақ түсті никельді темір және сары түсті троилит 
минералы 
аралас 
метеорит 
жиі 
кездеседі. 
Тас-темір 
метеоритінде никельді темір басымырақ болады. Метеориттің 
мӛлшері бірнеше милиметрден бірнеше метрге дейін, ал салмағы 
граммның бірнеше үлесінен ондаған тоннаға дейін жетеді. Сынбай 
түскен метеориттің ішіндегі ең ірісі – Оңтүстік-Батыс Африкада 
Кейп-Йорк деп аталатын темір метеорит (салмағы 34 тонна). 
Метеориялық денелердің бӛлшектенуі нәтижесінде ондаған, 
жүздеген тіпті мыңдаған метеориттен тұратын метеорит топтары 


бір мезгілде жерге түседі. Бұл құбылыс метеорит жауыны деп 
аталады. 1947 ж. Ресейдің Приморье  ӛлкесінде салмағы 70 
тонналықлық Сихотэ-Алинь темір метеоритжауыны жауған. Жыл 
сайын жерге мыңдаған метеорит түсіп тұрады, оның кӛпшілігі 
теңіздер мен мұхиттарға түсіп, белгісіз болып қалады. Метеориттің 
ақырғы массасы мен жылдамдығына, сонымен қатар метеорит 
түсетін топырақтың құрылымына байланысты метеорит топыраққа 
3 – 5 м тереңдікке еніп, сонда қалып қояды. Метеориттің беткі 
қабығы 103 – 104 К-ге дейін қызып үздіксіз булану әсерінен ӛлшемі 
кеми түседі. Жылдамдығы үлкен метеориттер атмосферада 
түгелдей дерлік жойылып кетеді. Ауаның әсерінен атмосфера 
қабатында метеориялық дене тежеледі. Оның кинетикалық 
энергиясы жылуға және жарыққа айналады. Метеорит жерге 
түскенде жарқыл пайда болып, қатты сартылдаған дыбыс естіліп, 
механикалық құбылыстар байқалады. Метеоритте кӛп кездесетін 
элементтер: алюминий, темір, кальций, оттек, кремний, магний, 
никель, күкірт. Сонымен қатар метеоритте бірқатар белгісіз немесе 
жер 
бетінде 
ӛте 
сирек 
кездесетін 
минералдар 
бар. 
Қазақстан жеріне түсіп тізімге алынған метеориттер: 
 
Қарақол (1840, салм. 2,7 кг), 
 
Ямышева (1885, 4,5 кг), 
 
Бестӛбе (1883, 26 кг), 
 
Дорофеевка (1910, 12,6 кг), 
 
Мамра (1927, 0,058 кг), 
 
Николаевка (1935, 4,020 кг), 
 
Новорыбинское (1937, 3,055 кг), 
 
Ерофеевка (1937, 1772 кг), 
 
Павлодар (1938, 0,037 кг), 
 
Богословка (1948, 2185,3 кг), 
 
Зайсан (1963, 0,463 кг). 
Метеорит қай жерге түссе, сол мемлекеттің меншігі болып 
табылады. 
МЕТЕОРОЛОГИЯ (грек. meteora – атмосфера мен аспан 
құбылыстары және ...логия) – атмосфера мен оның процестерін 
зерттейтін ғылым. Метеорология атмосфераның құрамы мен 
құрылысын; жылу айналымынжылу режимін, т.б. зерттейді. 
Метеорологиялық құбылыстар — атмосфералык қҧбылыс
белгілі физикалық процесс, атмосфераның уақытша ӛзгеретін 
кезеңі. Бұларға: атмосфералық жауын-шашын, кҥннің сууы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет