Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет143/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   206
Шығыс Памир – биіктігі орташа таулы ӛлке; жер беті ежелгі тау 
жыныстарының үгілуінен тегістелген. Жұмыр тау жоталарын 
(Сарыкӛл, Мұзкӛл, 
т.б.) 
кең 
аңғарлар 
мен 
түбі 
тегіс 
қазаншұңқырлар бӛледі. 
 
Климаты биіктаулыққатаң. Шығыс Памирде қаңтардың 
орташа температурасы –18ӘС, шілдеде 14ӘСБатыс Памирде
қаңтарда 7ӘС, шілдеде 22ӘС
 
Жылдық жауын-шашын мӛлшесі батысында 90 – 250 мм, 
шығысында 60 – 120 мм. 
 
Памир ӛзендерінің кӛпшілігі Әмудария алабына жатады. 
Негізгі ӛзені – Пяндж. Пяндждің салалары: Гунт,  Шахдара, 
 Бартанг, т.б. 
 
Ірі кӛлдері: Қаракӛл, Шоркӛл, Сарез, Зоркӛл, Жасылкӛл. 
Шығыс Памирде биіктаулық суық шӛл басым (теріскен, жусан, т.б. 
ӛседі). Батыс Памирдегі аңғарларда шӛл ландшафттары тау 
беткейінде шӛлейтке, одан жоғарыда тау даласына ӛтеді. Биік 


таулы ӛңірдің солтүстігінде тау шалғыны мен шалғынды дала 
тараған. 
Оңтүстігінде 
неғұрлым 
құрғақшылық 
жағдайда 
криофилдік (суыққа тӛзімді) аласа шӛптер мен шала бұталар
ішінара альпілік ӛсімдіктер ӛседі. Ӛзен бойларында ағашты-бұталы 
тоғайлар (тал, қайың,  арша) ұшырасады. Суармалы алқаптарында
жүзім,  грек жаңғағы, алмұрт, алма ӛсіріледі. Кен байлықтарынан
тау хрусталі,сирек металдар, сынап, боксит, т.б. кен орындары бар. 
ПИРАНОМЕТР - горизонталь беткейге келетін шашыранды (D), 
жиынтық радиацияны (Q) және жер бетінен шағылған радиацияны 
(R
к
) ӛлшеу үшін термоэлектрлік принометр қолданылады. 
Шағылған радиацияны ӛлшеу үшін пиранометрдің қабылдағышы 
тӛмен жерге қаратылады (оны альбедометр деп атайды). 
Пиранометрдің қабылдағыш элементі ретінде манганин мен 
константан ленталарынан тұратын термо-батарея қолданылады. 
Термо-батареяның 
беті 
шахмат 
тақтасы 
сияқты 
ақ-қара 
квадраттарға бӛлінген. Термобатареяның тақ спаялары ақ 
магнезиямен, жұп спаялары қара күйемен боялған. Күйе мен 
магнезияның сәуле жұту мүмкіндігі әртүрлі болғандықтан (98% 
және 15%) спаялардың температуралары да әртүрлі болады, 
сондықтан термобатарея тоқ ӛндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет