Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия


Гидрология  Ӛзендері — Нарбада, Тапти, Маханади, Годовари.  ҤСТІРТ -



Pdf көрінісі
бет186/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   206
Гидрология 
Ӛзендері — Нарбада, Тапти, Маханади, Годовари. 
ҤСТІРТ - батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкӛл шығанағы
шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып 
жатқан дӛңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 
550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². 
Үстірттің орташа биіктігі 150 — 200 м, оңтүстік-батысындағы ең 
биік жері 341 м (Мұзбел жоны). Тұран ойпатында орналасқан
геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтустікте бӛлігі мен 
шығыс 
бойлықтың 
56 °C-қа 
дейінгі 
батыс 
бӛлігі
Қазақстан аумағына 
кіреді 
(Маңғыстау 
облысы), 
қалғаны 
 Ӛзбекстан жерінде. Үстірт тӛңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер 
бойынша кӛтерілген және үсті жалпақ, жазық дӛң күйінде. Үстірт 
жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бӛліп жатқан 
ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бӛлігінде Қарабауыр 
жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мысалы, солтүстігіндегі 
Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, 


оңтүстігіндедегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар кӛп. 
Орт., шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған 
ұзың 5 — 25, тереңдегі 1 — 2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), 
қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шӛл аймағында жатқандықтан 
жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 °C, кейде 40 °C, 
одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –
12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны 
аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалынд. 10 
см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып кӛктайғақ 
болады, боран соғады. Үстіртте ӛзен, тұщы кӛл тіпті жоқ, бірақ 
ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры 
анықталды (қала Үстірт артезиан алабы). Сұр, бозғылт қоңыр 
топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шӛптер сирек ӛседі, 
ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары 
кездеседі. Құмды ӛңірінде теріскен, жүзгін, еркекшӛп, т.б. ӛседі. 
Жануарлар 
дүниесінен 
бауырымен 
жорғалаушылар, 
тышқан, қоян, бӛкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. Үстірт кӛктемде, 
жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол 
қоры анықталған; қала Үстірт мұнайлы-газды алабы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет