Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет38/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   206
Г 
ГАББРО (итал. gabbro) — интрузиялық  
толықкристалды  
магмалық 
 таужыныс; 
эффузиялық тектестері 
- базальт.
Кремний қостотығының мӛлшері тұрғысынан Габбролар негізді 
таужыныстарға жатады (SiO
2

45—55%). 
Габбро - терең 
қабаттарда жататын қошқыл түсті магмалық тау жынысы. 


ГАЗ ҚЫСЫМЫ - молекулаларының  жылулық қозғалыстарынан
газдардың ӛз кӛлемін ұлғайтуынан туындайтын күш; оның мӛлшері 
әдетге кг/см
2
немесе атм бірліктерімен ӛрнектеледі. 
ГАЛАКТИКА (кӛне грекше: Γαλαξίαρ — Құс жолы)құрамына 
Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Ол шамамен екі 
жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, 
газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке 
таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың 
үлкен бӛлігінің пішіні линза тәріздес, оның кӛлденеңі шамамен 30 
кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бӛлігінің пішіні сфера тәріздес, 
оның 
радиусы 
шамамен 
15000 
пк. 
Галактиканың 
(кейінгі гр. galaktіks – сүт тәрізді, грекше gala – сүт) барлық 
құраушылары 
кіші симметрия осінен 
айналатын, 
бірыңғай 
динамикалық жүйе болып байланысқан. Жердегі бақылаушыға 
аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді кӛрінеді. 
Осыған байланысты галактика құс жолы жүйесі деп те аталады. 
Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату 
үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Құс жолы – кең, 
ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан кӛп жұлдыз шоғыры. 
Алайда аспан 
сферасына 
қатарласа 
проекцияланатын  
жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр 
түрлі 
бағытта 
секундына 
ондаған, 
жүздеген 
километр 
жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен 
ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу 
тығыздығы 
Галактика 
полюстерінің 
бағытында 
тым 
аз 
болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, 
олардың басым кӛпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде 
галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған. Құс жолының 
жұлдыздық 
табиғатын 
тұңғыш 
рет 1610 жылы Галилео 
Галилей байқаған. Бірақ Галактика құрылысын жүйелі түрде 
зерттеуді XVIII ғасырдың аяғында Уильям Гершель бастады. Ол 
ӛзінің жүргізген зерттеулері негізінде бақыланған жұлдыздар 
пішіні сопақ, алып жүйе құрайды деген болжам айтты. Василий 
Струве 1847 жылы 
кӛлем 
бірлігіндегі 
жұлдыздар 
саны 
галактикалық жазықтыққа жақындаған сайын кӛбейетіндігін, ал 
Күннің галактика ортасында орналаспағандығын анықтаған. 
Ол 1859 жылы бүкіл Галактика жүйесінің осьтен айналу 
ықтималдығын кӛрсеткен. Галактиканың мӛлшері жӛнінде XX 
ғасырдың 1-ширегіндегі 
неміс 
астрономы Хуго 
Зелигер мен 


голланд астрономы Якобус Каптейн дәлелді пікір айтты. XX 
ғасырдың 
20-жылдарында 
америкалық 
астроном Харлоу 
Шепли Галактика орталығының бағыты  Мерген  шоқжұлдызында  
екендігін 
анықтап, 
күннің 
галактика 
орталығында 
орналаспағандығын 
дәлелдеген. 
Швед 
астрономы Бертиль 
Линдблад жұлдыздар жылдамдығының әр түрлі болатындығына 
сүйене отырып, Галактиканың динамикасы мен құрылысын 
зерттеген, 
Галактика 
құрылысының 
күрделі 
екендігін 
ашқан. 1927 жылы голланд астрономы Ян Оорт жұлдыздардың 
сәулелік жылдамдығы мен меншікті қозғалысын зерттеу кезінде 
Галактиканың меншікті кіші осінен айналатындығын дәлелдеді. 
Галактиканың ортасына жақын бӛліктері сыртында жатқан 
бӛліктеріне қарағанда жылдамырақ айналады. Галактиканың 
орталығынан күнге дейінгі қашықтық 10 кпк. Күн 250 км/с 
жылдамдықпен галактика орталығын екі жүз елу миллион жылда 
(айналу периоды) толық бір рет айналып шығады. Галактикалар – 
біздің Галактикадан тыс орналасқан алып жұлдыздық жүйелер. 
Олар аспанда Құс жолынан тыс жарық тұман түрінде кӛрінеді. 
Сондықтан оларды галактикадан тыс тұмандықтар деп те атайды. 
Америка астрономы Эдвин Хаббл XX ғасырдың 20-жылдарында 
бізге ең жақын Галактика ӛте әлсіз кӛптеген жұлдыздардан 
тұратындығын, оның ішінде цефейлер типтес айнымалы 
жұлдыздардың болатындығын байқаған. XX ғасырдың 30-жылдары 
эллипстік ергежейлі Галактика, ал 60-жылдары кӛптеген сақина, 
дискі тәріздес Галактика және алыс орналасқан жинақы Галактика 
ашылды. Қуатты радиосәуле шығаратын топтасқан галактика N-
галактикалар қатарына жатады. Осындай радиосәуленің жұлдыз 
тәріздес кӛзіквазарлар деп, ал қуатты радиосәуле шығаратын 
бұрыштық ӛлшемі бар Галактика радиогалактикалар деп аталады. 
Темірқазық маңындағы M 82 бұрыс галактиканы зерттеу 
нәтижесінде америкалық астрономдар мынадай қорытындыға келді: 
оның орталығында осыдан бір жарым миллион жыл бұрын 
жарылыс болған, соның салдарынан ыстық сутек ағыны 1000 км/с 
жылдамдықпен ұшып шыққан. Бұл жарылыс электрондар ағынын 
тудырған. Радиосәуленің жылулық табиғатының шығуына осы 
себеп болған. АстрофизикВиктор Амбарцумянның пікірі бойынша, 
мұндай жарылыстар қазір де жүріп жатыр. Бұрынғы КСРО-
да жасалған Галактика каталогында он бесінші жұлдыздық 
шамадан жарығырақ отыз мыңдай Галактика бар. Олар барлық 


аспанның 
тӛрттен 
үш 
бӛлігін 
қамтиды. 
Бес 
метрлік телескоппен жиырма бірінші жұлдыздық шамаға дейінгі 
бірнеше миллиард Галактикаларды кӛруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет