Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет54/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   206
ГРАВИМЕТРИЯ (лат. gravіs – ауыр және …метрия) – Жердің 
 гравитациялық 
(тартылыс) ӛрісін сипаттайтын шамаларды 
ӛлшеуді, Жердің ішкі және жоғарғы бӛліктерінің геол. құрылысын 
зерттейтін ғылым. 


ГРАВИТАЦИЯ - (латынша: gravitas— ауырлық) - материяның кез 
келген түрлері арасындағы әмбебап ӛзара әрекеттестік. Егер бұл 
ӛзара әрекеттестік біршама босаң болып, денелер баяу (жарық 
жылдамдығымен салыстырғанда) қoзғалатын болса, Ньютoнның  
бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданылады. Жалпы жағдайда 
 А.Эйнштейін  
шығарған жалпы салыстырмалылық теориясы 
қолданылады. Гравитация - массасы бар кез келген денелер 
арасында болатын ӛзара  тартылыс. 
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӚРІС, тартылыс ӛрісі – кез келген
физикалық  объектінің  айналасында болатын физикалық ӛріс. 
Денелер 
гравитациялық 
ӛріс 
арқылы 
ӛзара 
әсерлеседі. 
Гравитациялық ӛріс - гравитациялық ӛзара әсерлесуді жүзеге 
асыруға керекті  күш ӛрісі 
ГРАНИТ – Жер 
қыртысында ең 
кӛп 
тараған 
кристалдық магмалық тау жынысы,толық кристаллы, жаппай 
түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO
2

65%) 
интрузиялық 
таужыныстардың 
жиынтық 
атауы. 
Гранит
кварцтан, калийлі дала 
шпаттарынан 
(ортоклаз, 
микроклин), 
қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. 
Түсі ашық, кӛбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. 
салм. 2,5 – 2,7 г/см
3
. Граниттің құрылымы орта, ірі түйірлі, 
порфирлі. Граниттердің  лейкогранит,  аляскит, плагиогранит, 
сілтілік гранит, рапакиви сияқты түрлері бар. Гранит архейден  
бастап  кайнозойға  дейінгі шӛгінділерде түрлі пішінді  массивтер, 
батолит, шток, лакколит, желі, дайка, түрінде кездеседі. 
Граниттердің пневматолиттік-гидротермальдық, гидротермальдық 
ӛзгерістеріне мусковиттену, 
турмалиндену, 
альбиттену 
грейзендену, 
хлориттену
процестері 
жатады.
Сарыарқа мен Алтайдың кӛптеген металл кендері Граниттердегі 
осы процестердің нәтижесінде түзілген. Граниттер құрылыс 
материалы ретінде кеңінен қолданылады. Олардан қаптау 
плиталары, ірі құрылыстардың іргетасы, ескерткіштер жасалады. 
Сондай-ақ Граниттерде алтынның, күмістің, вольфрамның, 
молибденнің, радиоактивті элементтердің,тағы басқа кен орындары 
кездеседі. Қазақстанда Гранит ӛндірілетін Талғар, Күрті (Алматы 
облысы), Спасск, Жарық, Дария (Қарағанды обл.), Гранитогорск 
(Жамбыл облысы), Лосевка (Ақмола облысы), Аягӛз (Шығыс 
Қазақстан облысы),тағы басқа кен орындары бар. 
Mинералдық құрамы 


Граниттердің минералдық құрамы негізінен алғанда кварц пен дала 
шпаттарынан және түсті минералдардың (биотит, мусковит, мүйіз 
алдамшы, сирегірек пироксен) азын-аулақ мӛлшерінен тұрады. 
Граниттердің түрлері кӛп.Олар дала шпаттарының құрамы мен 
олардың бір-біріне мӛлшерлік қатынастарына орай және түсті 
минералдардың қандай түрі жетекші рӛл атқаратындығына орай 
жүйеленеді. 
 
бірінші жүйелеу қағидасына сәйкес дараланған граниттер 
түрлері: 
 
байырғы немесе әкті-сілтілі граниттер (калийлі дала шпаты 30-
40%, қышқыл плагиоклаздар 10-20%, кварц 25-30%); 
 
адамелиттер (калийлі дала шпатгары мен плагиоклаздар 
мӛлшері бір-бірімен шамалас); 
 
плагиограниттер немесе плагиоклазды граниттер (тек қана 
плагиоклаздардан, кварцтан және түсті минералдардан тұрады, 
яғни бұлардың құрамында калийлі дала шпаттары мүлдем 
болмайды немесе ӛте мардымсыз мӛлшерде кездеседі); 
 
сілтілі граниттер (сілтілі дала шпаггарын және сілтілі 
пироксендер мен амфиболдарды кіріктіреді). 
Ӛз құрамындағы әр түрлі түсті минералдардың жетекші рӛліне 
қарай биотитгі, қосслюдалы, мүйізалдамшылы, рибекитгі, эгиринді 
және тағы басқа граниттер түрін даралауға болады. Гранит 
құрамында түсті минерал мүлдем болмағанда немесе олар ӛте аз 
мӛлшерде үшырасқан жағдайда (5%- дан аз) олар аляскитгер деп 
аталады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет