Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

ТҦТЫЛУ–  жердегі  бақылаушыға Күн, Ай, планета,  планета 
серіктері, жұлдыз толық  кӛрінбейтін  не  шала  кӛрінетін  кезеңді 
білдіретін  астрономиялық  құбылыс.  Тұтылу    бір   аспан  денесінің 
екінші  денені  тасалауы  немесе  ӛзі  жарық  шығармайтын  аспан 
денесі  кӛлеңкесінің  сондай  екінші  бір  денеге  түсуі  салдарынан 
болады.  Мысалы,  Күннің  тұтылуы  оны  Ай  тасалағанда,  Айдың 
тұтылуы  оған  Жердің  кӛлеңкесі  түскенде,  планета  серіктерінің 
Тұтылуы  олар  планета  кӛлеңкесіне  енгенде,  ал  қосжұлдыз 
жүйесіндегі тұтылу олардың бір-бірін тасалаған кезінде болады. 
Ғарыш  кемелерінің  кӛмегімен  Жердің  Күн  мен  ғарыш  кемесі 
арасына орналасуына байланысты пайда болатын Күннің тұтылуын 
байқауға  мүмкіндік  туды.  Ай  кеңістікке  Күн  мен  Айдың  сыртқы 
жанамасы арқылы түзілетін конустық кӛлеңке түсіреді, оның тӛбесі 
Ай  ортасынан  368  –  380  мың  км  қашықтықта  болады.  Сондықтан 
конустық кӛлеңке Айдан 363 – 406 км қашықтықтағы Жерге дейін 
жетеді. Ай кӛлеңкесінің Жерге түсетін диаметр 270 км. Бұл  – Күн 
толық тұтылатын ең үлкен аймақ. Осы аймақта Ай Күнді түгелдей 
тасалайды. Конус тӛбесінің  арғы  жағындағы  аймақта  бақыланған 
Айдың  бұрыштық  диаметрі  Күн  диаметрінен  кіші  болады  да  Ай 
Күн  дискісінің  ортасын  тасалап,  оның  шетінен  жарық  сақина 
қалады. 
Мұны 
Күннің сақина тәрізді 
тұтылуы 
дейді. 
Айдың орбита бойымен  қозғалуы  және  Жердің  ӛз  осінен  айналуы 
салдарынан  Ай  кӛлеңкесі  Жер  бетімен  батыстан  шығысқа  қарай 
шамамен  1  км/с  жылдамдықпен  жылжып  отырады.  Күн  мен  Айға 

жүргізілген  ішкі  жанама  шала  кӛлеңке  конусын  шамамен  3500  км 
радиуспен шектейді. Осыдан Күннің шала тұтылуы байқалады. Күн 
шала тұтылған кезде Күн дискісі толық тасаланбайды. Күннің шала 
тұтылуы  2  сағатқа  дейін  созылады.  Толық  Күн  тұтылуды 
бақылаудың  ғылыми  маңызы  зор.  Ӛйткені  толық  Күн  тұтылу 
кезінде  Ай  Күнді  ғана  тасалап  қоймай,  жер  атмосферасын  да 
кӛмескілендіріп,  күн  тәжі  мен  хромосферасын  бақылауға  кедергі 
болатын  себептерді  жояды.  Жердің  шала  кӛлеңкесінен  ӛткендегі 
Айдың  бірте-бірте  кӛмескілену  дәрежесі  баяу  жүреді,  кӛзге  онша 
байқала  қоймайды.  Айдың  тұтылуы  -тан  аспаса  Ай  тұтылады.  Ай 
мен  Күн  түйіндерге  неғұрлым  жақын  болса,  тұтылудың  ұзақтығы 
мен  фазасы  соғұрлым  кӛпке  созылады.

-тан  аспаса  Күн,  ал  толған 
айда  бұл  қашықтық  12,0

Айдың  шала  тұтылуы  Ай  Жердің 
кӛлеңкесіне  енген  уақытта  басталып,  3,75  сағатқа  созылады.  Осы 
уақыттың  орта  шенінде  Ай  толық  тұтылып,  ол  1,75  сағатқа 
созылады.  Толық  тұтылу  кезінде  жер  атмосферасынан  шағылған 
Күн сәулесінің шамалы мӛлшерінің Ай бетіне түсуі салдарынан Ай 
беті  күңгірттенеді.  Күн  тұтылу  тек  жаңа  Ай,  ал  Ай  тұтылу  тек 
толған ай кезінде (бірақ олардың әрқайсысында емес, тек Күн мен 
Айдың  аспан  сферасындағы  кӛрінерлік  жолы  қиылысатын  Ай 
орбитасының  түйіндеріне  Күн  мен  Ай  айтарлықтай  жақын 
келгенде)  ғана  болады.  Айдың  ең  жақын  түйіннен  бұрыштық 
қашықтығы 17,9. Жер үшін Күн тұтылу Ай тұтылуға қарағанда жиі 
болады.  Жер  бетінің  белгілі  бір  аймағында  Күн  тұтылу  орташа 
есеппен  300  –  400  жылда  1  рет  қайталанады.  Әр  халықтың 
жылнамаларында  Ай  мен  Күннің  тұтылуы  жайында  мәліметтер 
сақталған. Бұл – маңызды тарихи оқиғалардың уақытын және бұдан 
бірнеше  мың жыл бұрынғы Ай мен Күннің қозғалысын анықтауға 
кӛмектеседі.  Юпитердің  тӛрт  жарық  серігінің  планетаға  жақын 
үшеуі  әрбір  айналым  сайын,  ал  тӛртіншісі  ішінара  тұтылады.  Осы 
тұтылуды  бақылау  арқылы  1675  жылы  дат  астрономы  О.Ремер 
(1644  –  1710)  алғаш  рет  жарық  жылдамдығын  анықтады. 
Юпитердің  қарсы  тұруына  дейін  тек  тұтылудың  басталу  (яғни 
серіктердің  Юпитер  кӛлеңкесіне  енуін),  ал  қарсы  тұруынан  кейін 
серіктердің  кӛлеңкеден  шығу  кезеңін  ғана  бақылауға  болады. 
Қарсы  тұру  кезінде  Т.  кӛрінбейді,  ӛйткені,  ол  планета  дискісінің 
арғы  жағында  болады.  Серіктер Юпитер мен  Күннің  арасынан 
ӛткен кезде Юпитер үшін Күн тұтылу болады. Сатурнның серіктері 
планетаның кӛлеңкесінен де және оның сақинасының кӛлеңкесінен 

де  тұтылады.  Ал Марс, Уран, Нептун серіктерінің  тұтылуларын 
бақылау қиын болып келеді. 
ТЫНЫҚ  МҦХИТ  (Ҧлы  мҧхит,  Ҧлы  Оңтҥстік  теңіз)  —  Жер 
бетіндегі ең үлкен мұхит. Жер шарының кӛпшілік бӛлігін су басып 
жатқанын  кӛреміз.  Ол  дүниежүзілік  мұхит  деп  аталады. 
Дүниежүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің 3/4 бӛлігі немесе 
361  млн  км2  тиеді.  Дүниежүзілік  мұхит  бӛлек  -  бӛлек  аттары  бар 
жеке мұхиттардан тұрады, бірақ олардың бәрі бір - біріне жалғасып 
жатыр.  Дүниежүзілік  мұхит  тӛрт  бӛліктен  тұрады.  Тынық  мұхит  - 
жер  шарындағы  ең  үлкен  178,620  млн  км²  (180  млн  км2)  әрі  ең 
терең  мұхит.  Кӛлемі  жағынан  қалған  үш  мұхитқа  пара-пар.  1520-
1521 жылдары Ф.Магеллан дүниежүзін айналу саяхаты кезінде осы 
мұхитты  алғаш  жүзіп  ӛтті.  Жүзу  кезінде  ешқандай  дауылға 
ұшырамағандықтан,  саяхатшылар  оған  "Тынық  мұхит"  деген  ат 
берді. Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері - 
Мариан  шұңғымасы  бар,  оның  тереңдігі  11022  м.  Тынық  мұхит 
Солтүстік  және  Оңтүстік  Американың  батыс  жаға-лауларынан 
бастап  Еуразияның  шығыс  бӛлігіне  және  Аустралия  мен 
Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр. Атлант мұхиты Тынық 
мұхиттан  екі  есе  кіші  (92  млн  км2).  Солтүстік  және  Оңтүстік 
Американың  шығысынан  бастап  Еуразия  мен  Африканың 
батысына және Антарктидаға дейін барады
ТІРШІЛІК –  жанның  денедегі  сипаты,  ӛмір  сүру  формасы. 
Тіршілік  жан  иесінің  бұл  дүниеге  еріксіз  келіп,  еркінен  тыс 
кетуімен  аралықтағы  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  ӛмірдің 
атауы.  Жалпы  тіршілік  иелерінің  әлемі  сан  алуандығымен  қатар, 
қайталанбас 
ерекшелігімен, 
таңғажайып 
сұлулығымен, шебер үйлесімімен  ерекшеленеді.  Жан  қозғаушы 
күш  ретінде  тіршіліктің  мәні,  сонымен  қатар  оның  ӛмір  сүруінің 
шарты,  кепілі.  Тіршілік  жанға  уақытша  мекен  болатын  дененің 
тіршілік ету формасы. Тіршілік ұғымы ӛмір ұғымының ауқымында, 
оған  қарағанда  мағынасы  тар  ұғым.  Себебі  ӛмір  ұғымы  –  жанға 
байланысты, оның ӛмір сүру формасы ретінде қолданылса, тіршілік 
дененің  ӛмір  сүру  формасын  анықтау  үшін  қолданылады.  ―Тірі 
адам  тіршілігін  жасайды‖  деген  мақал  ӛмірінің  мәні  жан  сақтау 
ғана болған адам ӛмірінің сәттерінен хабар береді. ―Тіршілігі бар‖, 
―Күйбең  тіршілік‖  деген  сӛз  тіркестері  де  адамның  тіршілікке 
бейімділігімен  қатар,  жан  қамынан  гӛрі  тән  қамын  күйттегенін 
білдіреді.  Адам  тіршілігінің  мәні  тіршілікке  еріксіз  келіп,  еркінен 

тыс  кете  тұра  ӛлшеулі  тіршілікте  берілетін  жақсы-жаманды 
ажыратып 
таңдай 
алатындай 
қалау 
еркінің 
берілуімен 
айқындалады.  Әйтсе  де  адам  тіршілікте  кӛптеген  жағдайларға 
тәуелді  болады,  шын  мәніндегі  рухани  еркіндікке  қол  жеткізу 
рухани кемелденудің нәтижесінде ғана мүмкін болады. 
ТЯНЬ-ШАНЬ (қыт. тянь – аспан, шань – тау), Тәңіртау – Азияның 
орталық бӛлігіндегі аса ірі тау жүйесі. 
Тянь-Шаньның орталық бӛлігі Қырғызстанға, солтүстік және батыс 
жоталары Қазақстанға,  оңүстік  -  батыс  шеті   Ӛзбекстан     мен  
Тәжікстанға,  шығыс  бӛлігі   Қытайға қарайды.  Батыстан  шығысқа 
қарай  2500  км-ге  созылып  жатыр,  ені  400  км.  Тянь-Шань 
солтүстігінде Борохоро жотасы 
арқылы Жетісу 
Алатауымен, 
оңтүстігінде Алай жотасы  арқылы Памиртау  жүйесімен  түйіседі. 
Солтүстік  шекарасы  ретінде  батыста Қлеаңғары, Мойынқұм, 
шығыста Жоңғар 
жазығы алынады. 
Оңтүстік 
шекарасы 
шығыста Тарим қазаншұңқырына  сәйкес  келеді.  Ең  биік  жері  –
 Жеңіс  шыңы (7439  м.).  Тянь-Шань  ендік  жоталар мен  оларды  бір-
бірінен бӛліп жатқан тауаралық ірі қазаншұңқырлардан тұрады. 
Орографиялық  құрылысы  жӛнінен  Солтүстік,  Орталық,  Батыс, 
Шығыс  және  Оңтүстік  бӛліктерге  бӛлінеді.  Солтүстік  Тянь-
Шань Кетпен, Күнгей 
Алатау, Іле 
Алатауы, Қырғыз 
Алатауы мен Шу-Іле тауларынан  тұрады.  Солтүстік  Тянь-Шань 
жоталары  4,5  мың  метрден  биік: Теріскей  Алатауы(5218  м),  Қле 
Алатауы  (4973  м),  Қырғыз  Алатауы  (4875  м).  Кейбір  жоталар 
тауаралық қазаншұңқырларда доға тәріздес иіліп орналасқан. Батыс 
Тянь-Шаньға Ферғана, Талас 
Алатауы мен 
одан 
таралатын 
ӛгем, Піскем, Шатқалжоталары  және Қаратау жатады.  Батыс  Тянь-
Шань  жоталары  бірте-бірте  солтүстік-батысқа  қарай  4,5  мың 
метрден 2,5 – 2 мың метрге дейін аласарады. Ферғана аңғары Батыс 
және  Оңтүстік  Тянь-Шаньды  бір-бірінен  бӛледі.  Орталық  (Ішкі) 
Тянь-Шаньға  солтүстікте Ыстықкӛл  қазаншұңқырынан оңтүстік-
батыста  Ферғана  қазаншұңқырына,  оңтүстік-шығыста Кӛкшаал-
Тоо жотасына  дейінгі  аралық  кіреді.  Бұл  бүкіл  тау  жүйесінің  ең 
биік  бӛлігі.  Әсіресе,  оның  шығыс  бӛлігі  барынша  биік  (Жеңіс 
шыңы – 7439 м, Хан Тәңірі – 6995 м). Ортaлық Тянь-Шаньға сырт 
деп аталатын беті белесті, 3000 – 4000 метр биіктікте жатқан, жан-
жағы  биік  жоталармен  қоршалған  тау  қыраттары  тән.  Оңтүстік 
Тянь-Шань Алай, Түркістан, Зерафшан және Гиссар жоталарынан 
тұрады.  Бұл  жоталардың  остік  бӛлігі  тұтас  және  ондаған  км-ге 

созылады. 
Шығыс 
Тянь-Шань 
ендік 
бойымен 
созылған аңғарлар, қазаншұңқырлармен бӛлінген  екі  қатар  тау 
жоталары 
белдеуінен 
тұрады. Борохоро, Еренқабырға, Богдо-
Ола, Қарлытау жоталары  құрайтын  солтүстік  белдеу  ұзын  – 
шығыста 95 ш.б-қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ (90 ш.б-
қа  дейін),  басты  жоталары: Халықтау, Сарман-Ула, Құрлықтау. 
Жоталардың  басы  4000  –  5000  м  биікке  кӛтеріледі.  Шығыс  Тянь-
Шань  етегінде  құрлықтағы  терең  қазаншұңқырлардың  бірі  –
 Тұрфан ойысы 
орналасқан. 
Тянь-ШаньОрал-
Моңғол геосинклиналдық белдеуінің  орнында  пайда  болған. 
Солтүстік  Тянь-Шань каледон,  Орталық  және  Оңтүстік  Тянь-
Шаньгерцин таужаралымда қатпарланған. 
Палеозой қатпарлықтарында  түзілген  таулар  жоғары  пермьде 
пенепленге  ұшыраған.  Қазіргі  жер  бедері  неоген  мен  тӛрттік 
кезеңдегі  жаңа  тектоникалық  қозғалыстардың  нәтижесінде 
қалыптасқан. 
Тянь-Шань 
тау 
жоталары 
палеозой 
мен кембрийге дейінгі дәуірлердің тау жыныстарынан құрылған, ал 
тауаралық  қазаншұңқырлар   кайнозой   және  ішінара   мезозой  
шӛгінділерімен  толған.  Ежелгі  тау  жыныстарымен сынап,  түсті 
және 
сирек 
металл, фосфорит кен 
орындары 
байланысты. 
Тауаралық  қазаншұңқырлардағы   мезо-кайнозойшӛгінділеріне  
мұнай, қоңыр және тас кӛмір шоғырланған. 
ТІКБҦРЫШТЫ 
ПРОЕКЦИЯ - 
бұйымның  
проекциялар  
жазықтығына  перпендикуляр  болатын проекциялаушы түзулердің 
кӛмегімен  түрғызылған  жазық  кескіні.  Тікбұрышты  проекция  — 
параллель проекциялардың дербес. 
 
Ҥ 
 
ҤНДІ  МҦХИТЫ — Жер  шарындағы аумағы  жӛнінен   Тынық  
және  Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Кӛпшілік бӛлігі 
оңтүстік 
жарты 
шарда,  
Азия, 
Африка,  
Австралия  
және Антарктида   құрлықтарының  аралығында.  Үнді  мұхиты 
планетада  ерекше  орын  алады:  оның  кӛп  бӛлігі  оңтүстік  жарты 
шарда  орналасқан.Жердің  су  бӛлігінің  20%  алып  жатыр.  Мұхит 
солтүстігінде 
Еуразиямен 
шектеседі.Мұхиттың 
жағасы 
аз 
тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия 
теңізі  құрлыққа  бойлай  еніп  жатады.Аралдары  біршама 
аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді 

мұхиты  арқылы  XV  ғасырда  ғана  тұрақты  жүзе  бастады.Мұхитта 
жүзу  маршруттарының  сипаттамасын  тұңғыш  рет  арабтар 
жасаған.География  ғылымы  үшін  Үнді  мұхиты  жӛніндегі 
мәліметтер  Васко  да  Гаманың  жүзген  уақытынан  (1497-1499 
жж)бері  жинала  бастады.  XVIII  ғасырдың  соңында  ағылшынның 
теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет 
ӛлшеген.  XIX  ғасырдың  соңында  мұххитты  комплексті  зерттеу 
жұмысы басталады. 
ҤНДІСТАН  ТҤБЕГІ, Үндістан — Оңтүстік  Азиядағы түбек.  Жер 
аумағы 2 млн. км2. 
Геология 
Батысында Арабия теңізімен, 
шығысында Бенгал шығанағымен 
шайылады.  Жағалауы  аласа,  аз  тілімденген.  Үндістан  түбегінде 
Үндістанның  кӛп  бӛлігі, Пәкстан және Бангладештің біраз  бӛлігі 
орналасқан.  Түбектің  кӛп  бӛлігін  аласа  Декан  таулы  үстірті  алып 
жатыр. Үндістан түбегінде темір және марганец кентастары, алтын, 
түсті  металдар,  графит,  сирек  металдар,  тас  кӛмір,  мұнай,  т.б.  кен 
орындары бар. 
Климат 
Климаты субэкваторлық, муссондықС-қа  дейін.  Жылдық  жауын-
шашын мӛлшері 700 — 3000 мм (90%-ы жазғы муссон жаңбырына 
келеді).

С, мамырда 40

. Орташа температура қаңтарда 21 — 29 
Гидрология 
Ӛзендері — Нарбада, Тапти, Маханади, Годовари. 
ҤСТІРТ -  батыста Маңғыстау түбегі  мен  Қарабұғазкӛл  шығанағы, 
шығыста Арал  теңізі мен Әмудария атырауы  аралығын  алып 
жатқан дӛңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 
550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². 
Үстірттің  орташа  биіктігі  150  —  200  м,  оңтүстік-батысындағы  ең 
биік  жері  341  м  (Мұзбел  жоны).  Тұран  ойпатында  орналасқан, 
геологиялық  құрылымы  ұқсас.  Үстірттің  солтустікте  бӛлігі  мен 
шығыс 
бойлықтың 
56 °C-қа 
дейінгі 
батыс 
бӛлігі  
Қазақстан аумағына 
кіреді 
(Маңғыстау 
облысы), 
қалғаны 
 Ӛзбекстан жерінде. Үстірт тӛңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер 
бойынша  кӛтерілген  және  үсті  жалпақ,  жазық  дӛң  күйінде.  Үстірт 
жазығында  аласа  жондар  және  оларды  бір-бірінен  бӛліп  жатқан 
ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің орталығы бӛлігінде Қарабауыр 
жоны  бар.  Ең  ойыс  жерлерін  сор  басқан,  мысалы,  солтүстігіндегі 
Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, 

оңтүстігіндедегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар кӛп. 
Орт., шығыс, оңтүстігінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған 
ұзың  5  —  25,  тереңдегі  1  —  2  м  үңгірлер  (Балаұйық  үңгірі), 
қазаншұңқырлар  кездеседі.  Үстірт  шӛл  аймағында  жатқандықтан 
жазы  ыстық  (шілденің  орташа  температурасы  29 °C,  кейде  40 °C, 
одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –
12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны 
аз (150 мм),  желі күшті әрі ұзақ  уақыт соғады, қардың қалынд. 10 
см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып кӛктайғақ 
болады,  боран  соғады.  Үстіртте  ӛзен,  тұщы  кӛл  тіпті  жоқ,  бірақ 
ауыз  суға,  жер  суландыруға  жарамды  жер  асты  суының  мол  қоры 
анықталды  (қала Үстірт  артезиан  алабы).  Сұр,  бозғылт  қоңыр 
топырағында  жусан,  бұйырғын,  сораң,  т.б.  шӛптер  сирек  ӛседі, 
ойыс-ойпаттарында  сарсазан,  баялыш,  қара  сексеуіл  тоғайлары 
кездеседі.  Құмды  ӛңірінде  теріскен,  жүзгін,  еркекшӛп,  т.б.  ӛседі. 
Жануарлар 
дүниесінен 
бауырымен 
жорғалаушылар, 
тышқан, қоян, бӛкен, қарақұйрық, т.б. мекендейді. Үстірт кӛктемде, 
жазда,  күзде  мал  жайылымы,  қойнауында мұнай мен газдың мол 
қоры анықталған; қала Үстірт мұнайлы-газды алабы. 
 
Ҧ 
 
ҦЛТТЫҚ ПАРК — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени 
және  рекреациялық  құндылығы  бар  мемлекеттiк  табиғи-қорық 
қорының 
бiрегей 
табиғи 
кешендерi 
мен 
объектiлерiнiң 
биологиялық  және  ландшафтық  саналуандығын  сақтауға,  оларды 
табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және 
рекреациялық  мақсаттарда  пайдалануға  арналған  табиғат  қорғау 
және  ғылыми  мекеме  мәртебесi  бар ерекше  қорғалатын  табиғи 
аумақ. 
Ф 
 
ФАУНА (лат.  Fauna  –  Ежелгі Рим мифологиясы бойынша  орман 
мен егістік құдайы; жануарлар қамқоршысы)  – белгілі бір аумақта 
мекендейтін не Жертарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен 
барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы. 
Сондай-ақ Фауна ұғымы  кейде  жануарлардың  жеке  жүйелік 
топтарының  (тип,класс, отряд,  т.б.)  жиынтығын  да  білдіреді 
(мысалы, ихтиофауна, орнитофауна, т.б.). Әрбір аумақтың Фаунасы 

әр  түрлі  Фауналық  жануарлар  кешенінен  құралады.  Мысалы,  дала 
белдемінің 
Фаунасында 
негізінен 
далалық 
Фауна 
кешені, космополиттік түрлер, 
шӛлейт 
аймақтың 
Фауналық 
кешенінің  басымдығы  байқалады.  Әрбір  Фаунада  мекендейтін 
жануарлардың  шығу  тегі  де  әр  түрлі,  атап  айтқанда  автохтондар, 
аллохтондар  (алғаш  пайда  болған  аймақтан  осы  мекенге  ауысып 
келген  кірме  жануарлар),   иммигранттар (дамыған  жануарлардың 
басқа  аумақта  пайда  болып,  кейіннен  соңғы  мекен  етіп  отырған 
орынға келуі). 
Қазақстанның  қазіргі  Фаунасы  тӛрттік  кезеңде  қалыптасқан  әр 
түрлі  Фауна  кешендерінен  (тайга,   орман,   дала,   шӛлейт,   шӛл, 
палеотропиктік т.б.)  құралады,  жергілікті  түрлермен  қатар  шеттен 
келген  түрлер  де  кӛп.  Республика  Фаунасы  балықтар, 
қосмекенділер, 
бауырымен 
жорғалаушылар, 
құстар, 
сүтқоректілердің    түрлеріне  бай. Республика жерінен  кӛптеген 
қазба    жануарлар  табылды. Қазақстанның табиғи  аймақтарына 
қарай олардың Фаунасы да әр алуан. 
Республика жерінің

 
6%-ын орманды дала 

 
28%-ын дала 

 
58%-ын шӛл және шӛлейтті жерлер 

 
8%-ын таулы аудандар алып жатыр 
Әр  аймақтың  ӛзіне  тән  Фаунасы  бар. Орманды  далада: 
 қоян, бұлан, елік, құр, кекілік,  т.б.;  далада:  суыр,  дала  шақылдағы, 
саршұнақ, дуадақ, безгелдек, қараторғай, т.б.; шӛл мен шӛлейтте: ақ 
бӛкен,  қарақұйрық,  қосаяқ,  құмтышқан,  жылан,  улы  ӛрмекші, 
қарақұрт, 
т.б.; 
тауда:  
арқар,  
таутеке, марал, құну, 
қоңыр аю, барыс, ұлар, жылқышы, 
т.б. 
мекендейді. 
Табиғи 
факторлар  мен адам әрекеті  салдарынан  республика  Фаунасы  да 
елеулі  ӛзгерістерге  ұшырады.  Тек  тӛрттік  кезеңнің  ӛзінде  ғана 
Қазақстан  жерінде  түйеқұс,  орман  пілі, Мосбах жылқысы,  жабайы 
есек,  Мерке  мүйізтұмсығы,  алып  түйе,  байырғы  елік,  жалпақ 
маңдайлы 
бұлан, 
Шетензаки бизоны, 
Хозар 
мамонты, 
тарпан, мамонт,  семсер  тісті жолбарыс,  жүндес  мүйізтұмсық,  тур 
(жабайы  сиыр),  үңгір  аюы,  үңгір  арыстаны,  т.б.  жойылып  кетті. 
Сирек  кездесетін,  саны  ӛте  аз  жануарлар  қорғауға  алынған; 
―Қазақстанның қызыл кітабы‖. 
Қазіргі  кезде Жер бетінде  жануарлардың  1,5  млн-нан  астам  түрі 
белгілі,  жыл  сайын  10  мыңға  жуық  жануарлар  түрі  анықталады. 

Фаунаны  зерттеудің  тәжірибелік  маңызы  ӛте  зор.  Фаунаны 
зерттеумен зоогеографияның фаунистика саласы шұғылданады. 
ФЕН  (нем. Fohn, лат. favonius—  жылы  батыс  желі)  -  таулардан 
аңғарға 
қарай 
соғатын 
қатты 
ӛкпек, 
жылы жел. 
Ол ауаның таужотасының  қырқасынан  асьпт,  ық  беткейіне  тӛмен 
қүлаған 
кезінде 
пайда 
болып, 
адиабатты 
жылынады. 
Мұндай жағдайдатемпература мен  ылғалдылық  күрт  ӛзгеріп, 
 қардың еруі 
мен 
кӛшкін 
жүруін 
тездетеді. 
Фен 
кобінесе тәулікке жуық  соғады.  Ол  барлық  тау  жүйелерінде, 
әсіресе Кавказ,  Памир,  Альпі  тауларында байқалады
ФИТОГЕОГРАФИЯӛсімдік 
географиясы — ӛсімдіктердің жер 
бетіне  таралуын  зерттейтін  ғылым;  ӛсімдік  түрлерінің  және  ірі 
жүйелік  категориялардың  (туыс,  тұқымдас  және  т.б.)  ӛткен 
дәуірлер  мен  қазіргі  кездегі  географиялық  таралу  заңдылықтарын 
зерттейтін ботаника мен физикалық географияның бӛлімі. 
Ӛсімдіктер 
географиясының 
негізгі 
объектісіне 
жеке 
түрлердің ареалдары, 
сондай-ақ 
жердің 
әр 
түрлі 
аудандарының флорасы жатады.  Флораның  және  оның  жеке 
элементтерінің генезисін анықтау, сондай-ақ флораны аудандау  — 
ӛсімдіктер  географиясының  маңызды  міндеттері.  Ӛсімдіктер 
географиясы  ғылым  ретінде  XVIII  ғасырдың  соңы  мен  XIX 
ғасырдың басында қалыптасты.
[1]
 
Ӛсімдіктердің  таралуы  кӛптеген  жағдайларға  байланысты.  Бұл 
жағдайларға:  жердің  ӛткен  геологиялық  дәуірі,  климаты,  жер 
бетінің  құрылымы,  жануарлар  мен  адамдардың  әрекеті  жатады. 
Фитогеографияның  міндеті  —  әрбір  түрдің  ареалын  (орналасу 
ауданын), фитоценозын (ӛсімдіктер жиынтығын) зерттеп, білу. 
Қазіргі  фитогеография  жер  бетін  әрқайсысының  ӛзіне  тән  ӛсімдік 
жамылғысының  құрамы  бар  алты  облысқа  бӛледі.  Олар  —
голарктика,  палеотропик,  неотропик,  австралия,  кап  және 
антрактида облыстары. 
ФЛОРА (латынша flora — Рим мифологиясындағы кӛктем құдайы; 
латынша  florіs  — гүл)  —  нақты  бір  жер  аумағында  ӛсетін  немесе 
ӛткен геологиялық  дәуірлерде ӛскен  ӛсімдік  таксондарының 
тарихи-эволюциялық 
қалыптасқан 
жиынтығы. 
Флораны  
ӛсімдіктербірлестігінен  (әр  түрлі  ӛсімдік  қауымдастығының 
жиынтығынан)  ажыратып  қарау  қажет.  Мысалы,  Солтүстік  жарты 
шардың 
қоңыржай 
салқын 
аймағының 
флорада 
тал, қияқӛлең, қоңырбас, сарғалдақ, 
т.б., 
ал 
қылқан 

жапырақтылардан:  қарағай,  кипарис,  т.б.  тән  болса,  ӛсімдіктер 
бірлестігінде  —  тундралық,  тайгалық,  далалық,  т.б.  ӛсімдіктер 
қауымдастығы  кең  тараған.  Флораның  тарихи  дамуы  түр  түзілу 
процестерімен, 
бір 
түрді 
екінші 
түрдің 
ығыстыруымен, 
ӛсімдіктердің  миграциясымен  және  түрлердің  жойылуымен  тығыз 
байланысты.  Әр  Флоранның  ӛзіне  ғана  тән  арнайы  ерекшеліктері 
бар. Оған: Флораны құрайтын түрлердің сан алуандығы (Флораның 
байлығы),  жасы,  автохондық  және  эндемизм  деңгейі,  т.б.  жатады. 
Флораның  ӛзара  айырмашылығы  ең  алдымен  әр  ӛңірдің  геология 
тарихына, орография, климаттық жағдайларына және топырағының 
құнарлылығына  байланысты.  Аумақтық  деңгейіне  қарай:  Жер 
Флорасы  (500  мыңға  жуық  түр,  оның  ішінде  330  мыңға  жуығы 
жоғары  сатыдағы  түтікті  ӛсімдіктер:  гүлді  ӛсімдіктер,  ашық 
тұқымдылар,  споралылар),  жекелеген  құрлықтар  мен  олардың 
бӛліктерінің  Флорасы,  аралдық  Флолалар,  тау  жүйелерінің 
Флорасы,  сондай-ақ  мемлекеттер  мен  жекелеген  әкімшілік 
аудандардың  Флорасы  болып  ажыратылады.  Сонымен  қатар, 
жекеленген  жүйелік  Флора,  топтардың  Флорасы,  т.б.  бар.  Мыс., 
балдырлар  Флорасы,  мүктер  Флорасы,  т.б.  Флораны  зерттейтін 
ғылым — флористика деп аталады. Қандай да бір Флораны зерттеу 
оның  аумағындағы  түрлер  мен  туыстардың  құрамын  анықтаудан 
басталады.  География  таралуына  ұқсас  түрлер  Флораның 
географиялық элементін (геоэлемент) құрайды, кейбір зерттеушілер 
геоэлемент  терминінің  орнына  ареалдар  типі  (тропик.,  бореалдық, 
голарктик., палеоарктик., т.б.) деген атауды қолданады. Шығу тегі 
ұқсас  түрлердің  тобы  Флораның  генет.  элементтері  не  генет. 
қатпарлары деп аталады. Теор. тұрғыдан алғанда кез келген Флора. 
4 генет. қатпарлардан тұрады: f1  — реликтер (мыс., гинкго); f2  — 
Флораның ежелгі ядросы, ӛткен геология дәуірлерден осы аумақта 
ӛсетін,  қазіргі  табиғи  жағдайлармен  үйлесімді  түрлер;  f3  — 
мигранттар (шығу тегі бойынша басқа ӛңірлерде пайда болып, осы 
аумаққа  әр  түрлі  себептермен  кӛшіп  келген  түрлер);  f4  — 
автохтонды  жаңа  құрылымдар  (ежелгі  жерінде  пайда  болған  жаңа 
түрлер).  Кез  келген  Ф-ны  F=f1+f2+f3+f4  деп  кескіндеуге  болады. 
Осы  генет.  қатпарлардың  арақатынасына  қарай:  реликті  Ф.  (F=f1), 
миграц. Ф. (F=f3), эндемиктік Ф. (F=f4), т.б. бӛлуге болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет