И.Гальперин; С.Гиндин; З.Тураева; Л.Бабенко; А.Залевская, Г.Солганик; Л.Поповская; Ю.Караулов және т.б.
Қазақ тіл білімі
А.Байтұрсынов; Қ.Жұбанов; Р.Сыздық; Б.Шалабай; Г.Смағұлова; З.Ерназарова; Г.Әзімжанова; Б.Момынова; Қ.Есенова және т.б.
Мәтін талдаудың түрлері
Лингвоцентристік тәсіл
Мәтін талдаудың дәстүрлі тәсілі, яғни мәтіннің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық сипатын қарастыруға бағытталады.
Антропоцентристік тәсіл
«Автор – мәтін – болмыс» үштағанына негізделеді. Мұнда автор позициясы мен оқырман позициясы қамтылады.
Г.Смағұлова: «Егер мәтін адамың сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін лингвистикалық категориялар мен, онтологиялық (философиялық) категориялармен тығыз байланысты», - деген пікір айтады.
Қазіргі тіл білімінде дискурстың мынадай түрлері кездеседі: әскери, мас-медиа, іскери, шешендік, магиялық, діни, өнертану, парфюмерлік, спорттық, саяси, публицистикалық, академиялық, педагогикалық, жарнамалық, экономикалық, электронды, этикалық, медициналық, заңгерлік, техникалық, феминистік, көркем, террористік т.б.