Ю.Степанов мәтіннің қай түрі болмасын, әрқайсысының өзіне тән ерекше лексика-фразеологиялық қоры мен грамматикалық жүйесі, сөзді қолданудың өзіндік ережелері мен синтакиситік жүйесі, өзіндік аялық білім жүйесі тән екендігін атап өтеді.
Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан дискурс бөлінеді:
Персоналды орта
жеке тұлғалар арасында жүреді;
ситуативті жағдаяттармен тікелей байланысты.
Институционалды орта
әлеуметтік топ, әлеуметтік институт өкілдері арасында жүреді;
белгілі бір әлеуметтік мәртебені иеленеді;
үкімет отырысы, үкімет мәжілісі, сенат, парламент, маслихат, саяси партиялардың негізінде жүзеге асатын ауызша сөйлеу формасы;
саяси әрекет жағдайында жүзеге асқандықтан, саяси дискурс саналады.
Саяси дикурстың негізгі тілдік жүйесі – қоғамдық-саяси лексика. Қоғамдық-саяси лексиканың тілдік бірліктері: 1) саяси терминология; 2) саяси мәнді фразеологизмдер; 3) саяси мәнді метафоралар жүйесі.
Фразеологизмдер тілдік коммуникацияда маңызды роль атқарады. Олар бір мезетте түрлі қызмет атқарады: мәтінге образдылық береді, мәтіннің экспрессивті әсерін күшейтеді, мәтінге өміршеңдік сипат береді. Тілдік бірліктердің өн бойындағы мұндай белгілерді саясаткерлер жоғары бағалайды, өйткені олар саяси мәтіндерде және ауызекі сөйленісте қолданылатын тұрақты сөз тіркестеріне жиі назар аударады. Мысалы: «Америка президенті Дональд Трамп тамыздың соңын ала бере Ресей, Иран, Солтүстік Корея секілді алпауыттардың өңешін санкциямен тығындап тастады. Сарапшылар болса, бұл жер келешекте НАТО күштерін орнықтыратын алпауыт плацдармға айналады деп жорамалдайды» («Айкын», 17.11.2017). «Бұл – ұлтқа деген қарусыз, аштықсыз, физикалық түрмен емес, бірақ нақтылы рухани геноцид деп бағалауға болатын жаһандық шара. Тілге қатысты сыңар жақ саясат ұлт тағдырына қауіп төндіруі мүмкін.