Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтін бойынша халықаралық ұйымның атауын табыңыз



бет73/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Мәтін бойынша халықаралық ұйымның атауын табыңыз:
Жауабы: «Шанхай ынтымақтастық ұйымы».
4.«... Барлық тергеу құжаттары менің «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты кітабым мен «Қазақ ССР тарихының» бірінші және екінші басылымына жазылған сын пікірлерге негізделген. ... Кеңестік әділ сотқа үлкен сенімен қарай отырып, менің ісімнің оңды шешілуіне төзімділікпен күтемін. Осы уақытта Маленковтың атына он бір арыз жаздым. Сіздің менің тағдырымның объективті шешілуіне көмектесуіңзді сұраймын. ... Мен қателерімді шын көңілмен мойындадым әділ партиялық сынғ іспен жауап бердім. КСРО Ғылым Академиясының А. Панкратова, Дружинин, Кучкин, т.б. ғалымдар қолдаған «ХІХ ғасырда Қазақстанның Россияға қосылуы» атты монография жаздым (көлемі 30 баспа табақ.) Монографияны Мемлекеттік Қауіпсіздік министрлігінің сарапшылар комиссиясы қарап, одан ешқандай бұрмалаушылық пен қателіктер тапқан жоқ (Комиссияның қорытындысы менің ісіме қосылған) Қатты жаза мені көп нәрмеге үйретті. Пайымдауымша, енді менен жақсы тарихшы шығады. Сізден менің бостандыққа шығуыма және іс жүзінде партия мен Отан алдындағы айыбымды өтеуге жәрдемдесуіңізді тағы да өтінемін».
Мәтінде сипатталған Е. Бекмахановтың хаты жолданған Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы:
Жауабы: Ж. Шаяхметов.
5.«...Әбілқайыр хан, ақсақалдарға және бүкіл қайсақ әскерлеріне деген біздің императорлық қайырымдылығымыздың белгісі ретінде, біздің бұйрығымызды саған, Әбілқайыр хан, ақсақалдар мен қайсақ әскерлеріне жариялау үшін біздің мемлекеттік кеңсенің сенімді адамы, шығыс тілдерінің тілмашы Мәмет Тевкелевті жіберіп отырмыз. Тевкелевтің біздің императорлық ұлы мәртебеміздің,... шығарып салуды бұйырамыз... .
Бұл құжат сапалы кітап қағазына жазылды. Мелекеттік орташа мөрмен хатталды. Осы құжатты кеңсе үйінде ұлы мәртебелі қырғыз-қайсақ елшілеріне берді.»
Жазылған құжаттың түрін анықтаңыз:
Жауабы: Грамота.
6. Мәтінде сипатталған тарихи оқиғаны анықтаңыз.
«1991 жылы 21 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 30 минутта тәуелсіз мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президентінің резиденциясына жиналды. М. С. Горбачев бұл жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15-ке қарай күні бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 17-де он бір республиканың басшылары мәжілістің қорытынды құжаттарына қол қойды. Осы уақыттан бастап КСРО іс жүзінде өзінің өмір сүруін тоқтатты..»:
Жауабы: ТМД-құрылуы.
7. «Қырғыз-қайсақтардың Орта жүзінің старшыны Құлыбек батырдан тартып алған қағаздан және басқа жағдайларды салыстыра келіп мынаны аңғардық: Абылай хан кіші Бұхар қалаларының маңындағы тауларды мекендейтін қырғыздарға қарсы жорығын ұйымдастыру кезінде таяу арада Ресей тарапынан бүкіл қырғыз-қазақ халқына қарсы шабуыл басталмақ деген лақап таратып, Петропавл қамалына сауда жасауға келген және ордадағы қазақтарды бір дүрліктірді. Өздерінің тыныштығын сақтап, абылайға ермеген және Ресейге адалдығын сақтап қалған атығай, қарауыл, керей және қаракесек руларының Байжігіт, Сейтен, Бекболат және Кенжебай сияқты басшылары артынан қуғыншы жіберіп, одан әрі қайтуды, егер қайтпаған жағдайда ордадағы әдет бойынша Ресей шекарасындағы қырғыздарға билігінен бас тартатындығын білдіретін белгі жіберуді талап етеді. Бірақ Абылай олардың талабына құлақ аспайды, қайта старшын Құлыбек батырға өзіне, Абылайға қарсы бұл жақта қандай да бір болмасын әрекет жасалып жатқан жоқ па екен, соны біл деп арнайы кісі жібереді. Құлыбек өзімен бірге жорыққа аттанға аз ғана адамдармен кері қайтып келуге мәжбүр болады. Сөйтіп, Абылай Көкшетау деп аталатын таудың маңындағы бұрынғы қонысында. Бірақ бұрынғы тау қырғыздарына жорық жасау туралы ойын тастаған жоқ, ол үшін Сібір белдеуінен зеңбіректер мен әскери адамдар сұрап мазалауда...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет