Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Құжатта сөз болып отырған тарихи фактіні анықта



бет76/105
Дата27.09.2023
өлшемі338,16 Kb.
#111136
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105
Байланысты:
Мәтіндік тесттер жинағы

Құжатта сөз болып отырған тарихи фактіні анықта:
Жауабы: Ант қабылдау.
18. «Жаратушының рақымымен біз, ұлы император және бүкіл Ресейдің дара билеушісі, қайырымды, әділ, қаһарлы, айбатты, көреген патша
Петр Феодорович, осы жоғары бұйрығымызбен біздің нағыз шын берілген бодандарымызға және бізге адал қызмет етуші қырғыз-қайсақ ханының ұлы Досалы сұлтанға осы арнайы жіберіліп отырған жаушылар арқылы біздің осы жоғары бұйрығызды жариялаймыз және ол жұрттың барлығына жария болсын. Егер жаратқан Құдай жар болып, аманшылық-саушылық болса, сіздердің барлығыңызды жер-су, орман-тоғай, қару-жарақ, қорғасын, азық-түлік, киім, ішіп-жем және ақшамен көл-көсір етіп сыйлаймыз. Тек қана сіздер еш жаққа ауытқымай, осы жіберіліп отырған жоғары мәртебелі бұйрыққа сай маған шын бодандық пейілде болуларың қажет,... Бірақ біз болып, сіз болып, ондайларды өз жағымызға тартуымыз керек, сондықтан да осы бұйрыққа өзім қол қойып, мөрімді басып жіберіп отырмын. Аяқ жағына Мен, Үшінші Петр, өз қолымды қойдым».
Мәтіндегі Е. И. Пугачев өтінішіне жауап ретінде Кіші жүз сұлтаны Досалының әрекетін анықтаңыз:
Жауабы: Кіші жүз сұлтаны көтеріліс жетекшісіне әскери көмек көрсетуді ұйғарды.
19. Мәтінде баяндалған қазақ хандарын анықтаңыз:
Тарихшы М. Х. Дулати дерегінен үзінді: «Ол кезде Дешті Қыпшақта Әбілқайыр хан билік етті. Ол Жошы тектес сұлтандарға көп алаңдаушылық әкелді. Қазақ хандары ... Моғолстанға келді. ...Өзбек ұлысы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін абыржушылыққа түсті; онда үлкен қырқыстар басталды».
Жауабы: Керей мен Жәнібек.
20. Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысы туралы мәселе қарады.
ҚК (б) партиясы Орталық Комитетінің көпшілік-саяси және идеологиялық жұмыстың жайы және оны жақсарту шаралары туралы қаулыларынан, сол сияқты, Қазақ КСР тарихының мәселелерін баяндау жөніндегі идеологиялық, ұлтшылдық елеулі қателерді айқын көрсеткен ҚК (Б) партиясы Орталық Комитетінің «қазақ КСР тарихын» екінші рет бастыруға даярлау туралы қаулысынан Тіл және әдебиет институты тиісті қорытынды шығармады.
...Өткендегі әдебиет өкілдері жалпы халық қайраткерлері болды деп көрсетілді, ал олардың шығармашылығы тап күресіне байланыстырмай, одан тыс тексеріліп, сөйтіп, олардың шығармаларындағы феодалдық-реакциялық, буржуазиялық-қлтшылдық сарындары қағажу, бүркеуде қалдырылды (Базар, Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров және басқа ақындар)...
...Мұның нәтижесінде ол мәселелерге институттың ғылыми-зерттеу жұмысында ерекше көңіл бөлінбеді, ол мәселелер Қазақстанның әдебиет зерттеушілерінің еңбектерінде баяндалмады. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнатылған жылдарда Кеңес өкіметіне дұшпан болған және контрреволюцияшыл алашорда партиясының қатарында большевиктер партиясына қарсы белсенділікпен күрескен бірсыпыра қазақ әдебиетшілерінің еңбегі әшкереленбеді және оған тиісінше тойтарыс берілмеді.
Бұл айтылғандардың нәтижесінде көптеген әдебиет зерттеушілер мен тіл зерттеушілер бұрыннан қалған мұраға сын көзімен қарауды қойды, әдебиетке идеясыздық және саясаттан тысқары көзқарастарды өткізіп жіберді.
Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті Қазақ КСР Ғылым академиясы төралқасының қоғамдық ғылымдар бөліміне, оның ішінде Тіл және әдебиет институтына ойдағыдай басшылық етпегенін атап көрсетті. Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымы идеология жұмысын, әсіресе ғылыми кадрларға маркстік-лениндік тәрбие беру жұмысын ақсатты, идеясыздық пен саясаттан тысқары қалушылықтың қаңдайына болса да қарсы большевиктік күрес жүргізбеді. Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті Қазақ КСР Ғылым академиясы төралқасына Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы жоғарыда көрсетілген саяси өрескел қателерді жоюға батыл шаралар қолдануды, БК (б)П Орталық Комитетінің идеология мәселелері жөніндегі қаулыларына және Жданов жолдастың «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы баяндамасына сәйкес институттың жұмысын тез арада түбегейлі қайта құруды міндет етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет