Мәтінде сипатталған құжаттың үзіндісі қай Ресей императорына арналып жазылған? Жауабы: І Николай. 18. Мәтінде жазылған газеттің атауын табыңыз: "...Кирревкомның залында көп адам жиналды. Ревком мүшелері, басқа да қызметкерлер көп-ақ. С. Мендешев мәжілісті ашып, қысқаша сөйледі. "Енді газетсіз болмайды, Кеңес өкіметінің саясатын елге түсіндіріп, ол саясатты іс жүзіне асыру үшін халыққа үгітші, жаршы болатын құрал керек,-деді ол. Енді газеттің атын не деп қоямыз деген сұрақ туды. Әркімдер әртүрлі ұсыныстар енгізді... Егде тартқан большевик Терегулов... қазақ газетін Ленин шығарған "Искра" газетінің атымен атауды ұсынды, бұл газеттің мән-жайын кезінде атқарған қызметін қысқаша баяндап өтті. Әрине, қазақшалап қою керек.
Сөйтіп, І Құрылтай съезі өткізіліп, ресми өкімет орындары сайланғанша қазақ жұртын билеген өзгеріс һәм Әскери комитет 1919 жылы 17 желтоқсанда, сәрсенбі күні Орынборда аптасына екі рет шығатын саяси, әдеби һәм шаруашылық газетінің тұңғыш нөмірін жарыққа шығарды"
Жауабы: «Ұшқын». 19. 1741-1742 жылдар арасында Жоңғар мемлекеті, жоғарыда айтқанымыздай, қазақтарға қарсы ірі басқыншылық соғыс ашты. Сол кездегі құжаттар бойынша қазақтарға қарсы ірі басқыншылық соғыс ашты. Сол кездегі құжаттар бойынша қазақтар жоңғар феодалдарын ауыр салық төлейтін болды. Аудармашы И. Лапиннің айтуы бойынша, 1744 жылға қарай қазақтар әр үйден бір-бір қарсақтың орнына бір жылқы төлейтін болды. Ал осы соғыста Абылай асқан ерлік көрсетіп, тағы да басқыншыларға қарсы негізгі күшті ұйымдастырушы болды.
Мәтінде сипатталған 1741-1742 жылдары жорықтар жасаған жоңғар қонтайшысы Жауабы: Қалдан Церен. 20. Көтерілістің желеуі соғыс майдандарындағы қара жұмысқа бұратана елдерден адам алу. Өкіметтің қара жұмысқа адам алғанда жер-жерде қолданылған шаралары мен тәртібі. Өкіметтің жер-жерде қолданған шараларын тұрғын ел өзінше ұғынды.
Түркістандағы бұратана елдердің көтерілісі. Түркістандағы төңкеріс қозғалысының тарихындағы ең үлкен оқиғалардың бірі десе болады. Өйткені бұл көтерілісте тұрғын ел, 50 жылға жақын өкіметшілігін жүргізіп, дегенін істеп келген Ресей патшалығының «Ақ патшаның» әміріне (бұйрығына) бастап қарсылық көрсетті. Бұратана елдер, алдымен қарсы болып, көздегені патшаның әкімдері еді, бірақ соңында елдің мақсатына, тілегіне қарсы болған тұрғын елдің әкімдерін де аяған жоқ, көтеріліске ел алдын ала дайындалған жоқ; көтеріліс Түркістанның әр жерінде, жергілікті ұлттардың арасында бір уақытта басталды.
... Патша үкіметінің соғыс министірінің Түркістан жанарал-губернаторына телеграммен берген бұйрығы бойынша соғыс майдандарындағы жол түзету, соғыс қорғандарын жасау жұмысына Ресей мемлекетіндегі айырым Түркістандағы соғыс міндетінен бұрын азат етілген бұратана елдерден, соғыс біткенша жұмыс істеуге адам алынатыны жарияланды.
...Түркістаннан еліне, қара жұмысқа адам алу ойламаған жерден шыққан оқиға болды. Тұрғын ел бірден үкіметке дұшпандық көзімен қарап, қалай да болса, бұйрыққа бағынбаудың әрекетіне кірісті.
...Ақырында шыдаудың шегінен шыққан ел, алды-артына қарамай көтеріліс жасады».