Мәтінде сипатталған оқиғаның нәтижесін анықтаңыз Жауабы: батыр көтерілісті тоқтатып, патша билігін мойындауға мәжбүр болды. 9. «Шоқан Уәлиханов қырғыздардың соңғы тәуелсіз хандары Абылай хан мен Уәлиханның ұрпағы, біріншісінің шөбересі, екіншісінің немересі. Петропавл қаласынан (Тобыл губерниясы) оңтүстік-батыстағы Сібір мекемесіне қарайтын қырғыз даласының Құсмұрын баурайында дүниеге келді. Омбыдағы Сібір кадет корпусында білім алды. 1865 жылы корпусты бітіріп офицер атағын алды және Батыс Сібір генерал-губернаторының адъютанты болды. Көп ұзамай оған Сібір басшылары қауіпті тапсырма – ол кезде әлі жабық империя ішіндегі Қашқар қаласына барып, Шығыс Түркістанның саяси жағдайы мен саудасы жөнінде мәлімет жинауды тапсырды. Шоқан ол тапсырманы тамаша орындап шықты.
...1860 жылы Петербургке барып, 1 жыл тұрды. Бірақ шығыс тілдері факультетінен лекция тыңдауға оның мүмкіндігі болмады, ол құрт ауруымен ауырды. Оның алғашқы белгілері көшпенділер баласының жабық орыс мектебіне түскен кезінде пайда болды. Докторлар оны далаға жіберді. Ол әкесіне, Көкшетау округіне кетті. Черняевтің жорығына даладан шақырды. Ол Ташкентке жасалған жорыққа қатынасты, бірақ генералмен көзқарастары келіспей, отрядты тастап, Үлкен Ордаға (Жетісу) кетті. Сол жерде, Ресей мен Қытайдың шекарасында, албан руының сұлтаны Тезек төренің ауылында 29 жасында қайтыс болды».
Мәтінде сипатталған оқиғадан Шоқанның генерал Черняев жасағынан кетіп қалу себебін анықтаңыз Жауабы: халыққа жасаған қысымына шыдамады. 10. «Жаңқожа өзінің шыққан тегі бойынша қарапайым қырғыз, дегенмен әкесі Нұрмұхамедтің кішкене шекті руында үлкен беделі болға. Бек, Ақмырза және жоғарыда айтылған Жаңқожа. Біріншісінің аты шықпады, қалған екеуі батырлығымен ерте танылды. Соңғысы оған қоса әртүрлі даулы істерді шешуде ақылдылығымен және әділдігімен көзге түсті. Ол Қайып хан әулетінен шыққан сұлтандар арқылы билік жүргізгісі келген хиуалықтарға бағынбауға шақырды. Бұл Арыңғазы тұсындағы істі ары қарай жалғастыру болатын. Бірақ бұл жолы халықтың көсемі өз арасынан шыққан адам болды. Көп ұзамай хиуалықтар оның ағасын өлтірді. Жаңқожа Қарақұмға көшіп, өзінің соңынан қуалаған хиуалықтардың талқанын шығарды. Осы соғыста ол 8 жерінен жараланды. Осыдан кейін оның атағы алысқа жайылды. Халық оның төңірегіне көптеп топтала бастады. 1835 жылы оның күшейгені сонша, ағасының кегін үшін Хиуаның Бабажан бекінісін талқандады. Ол қырғыздарды өзінің қалауынша қатал, бірақ әділ басқарды. Ұрлық қылғандар мен пара алғандарды өлім жазасына кесілді. Ол қырғыздарды барлық жағынан, тіпті еңбек етуде де біріктірмекші болды. Ол егін егуге, арық қазуға, көпір салуға көп күш салып, өз қаржысының бір бөлігін жұмсады».