Қозу жүректің өткізгіш жүйесімен қатар жүрек миоциттері арасында нексус байланыстары арқылы да тарайды. Бірақ қозу серпіні жүректің өткізгіш жүйесі арқылы тез өтеді. Қозу өткізгіш жүйе арқылы қаншама жылдам таралғанымен, жүрекше мен қарынша бір мезетте жиырылмайды: алдымен жүрекшелер содан соң (0,12-0,18 секунд кеш) қарыншалар жиырылады.
Қозудың өту жылдамдығы:
Жүрекшелерде (0,8-0,9м/с)
Қарыншаларда (1 м/с)
Гис шоғыры, Пуркинье талшықтарында (2-4 м/с)
Атривентрикульярлық кідіріс (0,02-0,04м/с)
Жиырылғыштық – жүрек етінің тітіркендіргіш әсерінен ширығуы (қатаюы) немесе жүрек еті ұзындығының қысқаруы.
Жүрек етінің жауабы тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еті тітіркендіргіштің қозу табалдырығына бар күшімен жауап береді. Бұл заңдылықты Боудич ашқан. Оны «түгелдей не түк емес» («все или ничего») заңы деп атайды.