Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
 
«Ашық Әлем»қорының тәжірибесі
 
 
2013 жылы Алматы қаласы әкімдігі мен білім басқармасының 
қолдауымен «Ашық Әлем» аутизмді және дамуында басқа да проблемалары бар 
Қазақстан Республикасының балалары мен жасөспірімдерін қолдау, көмек 
көрсету қоғамдық қоры, бизнес өкілдері Алматы қаласының № 9 орта 
мектебінің және № 178 бөбекжайының базасында «Аутизмді балаларды жалпы 
білім беретін және әлеуметтік ортаға бейімдеуді ұйымдастыру» 
эксперименталдық жобасын іске қосты.
ЕБҚ бар балаларға мамандандырылған көмек көрсету жүйесін 
дамытудың айрықша тиімді үдерісіне қарамастан аутизмді балаларға тиімді 
көмек көрсету мәселесі елімізде шешімін таппай отыр. Мұндай күрделі жағдай 
жалпы білім беретін ұйымдарда ғана емес, сонымен қатар арнайы білім беру 
ұйымдарында да орын алып отыр, сондықтан көбінесе аутизмді балаларды 
үйде оқытуға шығарады. Оған себеп, аутизмді балалардың инклюзивті және 
арнайы сыныптарға (топтарға) өте ауыр бейімделуі болып табылады, мысалы, 
ақыл-ой немесе сөйлеу қабілетінің дамуында бұзылулары бар балаларға 
арналған сыныптарға араласуы. Әртүрлі типтегі білім беру ұйымдарының 


54 
педагогтері аутизмді балалармен жұмыс істеу әдістерін меңгермеген, бұл 
аутизмді балаларды оқытудың сәтсіз қадамдарына және оларды амалсыздан 
үйде оқытуға мәжбүрлеуге алып келеді.
Түзеу мектептерінде аутизмді балаларды оқыту толық сапалы білім беру 
кепілдігі болып табылмайды. Сапалы білім туралы тек осындай балалардың 
жеке қабілеттерін ескеруге қабілетті жоғары білікті педагог жұмысына арнайы 
жағдай жасалғанда ғана айтуға болады.
Практикада «Ашық Әлем» өкілдерінің білім беру ұйымдарымен 
бірлескен жұмыс тәжірибесінің көрініс табуы: баланы аутистік спектрінің 
бұзылыстары (АСБ) бар баланы қосқан кезде білім беру ұйымының 
басшысымен оқу процесіне аутизмді балалардың жеке көмекші/ассистенті – 
тьюторды енгізу туралы келісім жасалады. Ата-аналар (заңды өкілдері) балаға 
қолдау көрсететін тұлғамен қызмет көрсетуге арналған шарт жасасып, оның 
жұмысына ақы төлеу жөніндегі барлық шығыстарды өз мойындарына алады. 
Осыған сәйкес, ата-аналар (заңды өкілдері) жеке көмекші/ассистенттің 
міндеттерін бекіту үшін бірқатар іс-шараларды өткізуі қажет: 
1. 
ПМПК-дан атауы көрсетілген білім беру ұйымына жіберу туралы 
баланы кешенді зерттеу туралы қорытынды алу. 
2. 
Басшының атына аутизмді баланың болашақ көмекші/ассистентінің 
барлық деректері көрсетілген, балаға қолдау көрсетуге рұқсат беру туралы 
өтініш жазу. 
3. 
Балаға қолдау көрсетуге ережесін оқыту процесінің барлық 
қатысушыларымен (мұғалім/ тәрбиеші, педагог-психолог және т.б.) келісу. 
4. 
Басшылыққа білім беру ұйымдарында балаға қолдау көрсету туралы 
нотариалды бекітілген келісімхат ұсыну.
Тәжірибе № 48 мектеп-лицейдің базасында апробациядан сәтті өткізілді. 
Екі баланы жеке ассистенттері оқыту процесіне және әлеуметтенуге толық 
бейімделгенге дейін алып жүрген. Ассистент пен білім беру ұйымының 
педагогтері аутизм саласындағы жергілікті және шетелдік кәсіпқой 
мамандардан тұрақты түрде әдістемелік қолдаулар алып тұрады [26].
2014 жылы Астана қаласы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен 
«Ашық әлем» ҚҚ өкілдері № 23 орта мектептің базасында «Ресурстық сынып» 
жобасын іске қосты. Жобаның мақсаты еліміздің білім беру ұйымдарына одан 
әрі енгізу үшін ресурстық бөлмелердің моделін бейімдеу, апробациядан өткізу 
болып табылады. 
Жобаға қатысушылар олардың қажеттіліктері мен ерекше білім беруге 
қажеттіліктерін ескере отырып, аутизмді және басқа да менталды бұзылыстары 
бар балаларды инклюзияға табысты қосу үшін «Ресурстық сыныпты» неғұрлым 
тиімді модель деп санайды. Бұл модель Қолданбалы мінез-құлықты талдау 
(ҚМҚТ) принципі бойынша жұмыс істейді. Қазіргі таңда, көптеген 
зерртеулерде ҚМҚТ-ның аутизм кезінде бұзылысты түзеуге арналған неғұрлым 
тиімді әдістеме болып табылатыны көрсетілген. ҚМҚТ – әлеуметтік маңызы 
бар мінез-құлықты жақсарту үшін қолданылатын, қатаң түрде ғылыми 


55 
принциптерге негізделген, жетілдіру бағдарламасы болып табылатын ғылыми 
пән.
Ресурстық бөлме (resource room) – жалпы білім беретін мектепте 
оқушыны оқшаулау орны немесе түзеу сыныптары болып табылмайды. Бұл 
инклюзивті білім беру мен жеке оқытуда өзінің қажеттіліктері мен 
мүмкіндіктеріне байланысты оқушыны үйлестіруге ықпал ететін арнайы білім 
беру моделі. Бала өзіне мамандар қолдау көрсететін ресурстық бөлмеге тіркеле 
тұра, инклюзивті сыныптың/ топтың тізімдік құрамына да кіреді.
Баланың қажеттілігіне байланысты, ол тұрақты түрдегі инклюзивті 
сыныптағы сабақтарынан кейінгі уақыттарының шамалы бөлігін, әрі оқу 
уақытының көп бөлігін ресурстық бөлмеде өткізе алады. Ресурстық бөлмедегі 
сабақтар тек ассистентпен ғана немесе шамалы топтарда өткізілуі мүмкін. 
Ресурстық бөлме – ЕБҚ бар немесе тек оқуында қиындығы бар, оның 
ішінде аутизмді балаларға мамандандырылған дефектологиялық, мінез-
құлықтық және психологиялық көмек көрсетілетін білім беру ұйымдарының 
ішіндегі жеке бөлме.
Осы модельдің аясында баланың жалпы білім беру процесіне бейімделуге 
ықпал ететін көптеген дағдыларын дамытуға, оның ішінде функционалдық 
дағдыларға, сондай-ақ академиялық дағдыларға бейімделуге көмектесетін 
әдістемелер, бағдарламалар, оқыту стратегиялары қолданылады [26].
АСБ бар балаларға арналған ресурстық бөлмелерде жеке және топтық 
түзеу-білім беру жұмыстары ұйымдастырылады және тұрақты инклюзивті оқу 
процесінде қолдауды ұйымдастыру іске асырылады. Баланы инклюзивтік 
процеске енгізудің бастапқы мақсаты – бұл құрдастарымен қарым-қатынас 
жасау, оңтайлы жолмен оқуға мүмкіндік алуға барлық ресурстары бар ортада 
болуы, және түпкі мақсаты – бұл баланы барынша ертерек жалпы білім беру 
процесіне енгізу болып табылады.
Ресурстық бөлменің негізгі мақсаты – басқа балалар сияқты мектептік 
бағдарламаны меңгермеген аутизмді балаларға мүмкіндік беру, барынша 
әлеуметтік және академиялық дағдыларын дамыту. Осыған байланысты, мінез-
құлықтық, коммуникативтік/әлеуметтік мәселелерді, сондай-ақ академиялық 
дағдылардың пайда бола бастауымен байланысты проблемаларды жеңуге назар 
аударылады.
Осыған байланысты, аутизмді оқушы оның қарапайым құрдасы 
меңгерген ақпаратты, тура сол жолмен ақпаратты меңгере алмайтын балалар 
үшін ресурстық бөлменің аясында әртүрлі әдістер, оның ішінде қолданбалы 
мінез-құлық талдауы әдіснамасы қолданылады.
Ресурстық бөлмеде:

тестілеу қорытындысы бойынша (VB-MAPP, ABLLS-R, педагогикалық
тестілеу) баланың ағымдағы, жеке қабілеттерінің материалдарын түрлендіру; 

жалпы білім беретін ортаға қосу процесін әзірлеу (жеңілдетілген 
тапсырмалар жасау, ынталандырулар дайындау, қосу хронологиясын 
жоспарлау); 


56 

егер барынша қосу жоспарланса (сабақ алдынан немесе сабақтан кейін) 
жалпы білім беретін сыныптың/топтың бағдарламасына дайындау; 

егер аутизмді баланың әлеуметтік дамуында (фронталдық нұсқаулық, 
қимылының ауысуы сияқты топтық дағдылар) ауыр кідірістер болған жағдайда 
қажетті дағдыларды дамыту үшін жағдай жасалады. 
Ресурстық бөлмелер жұмысының табыстылығы әрбір адам түсінетін және 
өздерінің кәсіби міндеттерін нақты орындайтын мамандар командасының 
тиімділігіне тікелей байланысты.
Ресурстық бөлменің мамандар командасының лауазымдары мен 
міндеттері бойынша қысқаша баяндауға болады:
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет