Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
1-тапсырма. 
Көлік «В» нүктесіне жетуі керек. Бірінші жолда максималды жылдамдық 
60 км/сағ және жаяу жүргіншілердің екі өткелі бар. Жаяу жүргіншілерді өткелден 
өткізу үшін көлікке орташа есеппен 6 минут уақыт керек. Екінші жол өте тайғақ, 
максималды жылдамдық 40 км/сағ. Үшінші жолда әрқашан үлкен кептелістер 
болады, сондықтан жүргізушіге қосымша сағат қажет болады. Бұл жолдағы 
максималды жылдамдық 50 км/сағ. В нүктесіне дейінгі қашықтық бірінші жолда 
3 км, екінші жолда 2,4 км, үшінші жолда 1500 м. Мүмкіндігінше аз уақытта жету 
үшін жүргізуші қай жолды таңдағаны дұрыс болады? 
2-тапсырма. 
Экспресс автобус автовокзалдан 40 шақырым қашықтықта орналасқан 
әуежайға шықты. 10 минуттан соң жолаушы таксимен автобустың соңынан 
шықты. Таксидің жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 20 км артық. 
Әуежайға бір уақытта келген такси мен автобустың жылдамдығын табыңыз. 
3-тапсырма. 
Автокөліктің жылдамдығы екі есе өскенде, оның тежеу жолы 4 есе артады. 
30 км/сағ жылдамдықпен запорожецтің тоқтау қашықтығы – 7,2 м, жүк көлігінікі 
– 9,5 м. 
Осы көліктердің 60 км/сағ жылдамдықпен тоқтау қашықтығын табыңыз. 
Жол қозғалысы ережелеріне қатысты сұрақтар: 
1. Көшеден өткенде қандай негізгі ережелерді сақтау қажет? (Белгіленген 
жерлерден, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту. Алдымен сол жаққа, содан кейін 
оң жаққа қарау керек). 
2. Көшеде жүгіру неге қауіпті? (Адам жүгіріп келе жатқанда, оған жолдағы 
жағдайды бақылап, бағалау қиын.) 
3. Балаларға неше жастан бастап көліктің алдыңғы орындығында отыруға 
болады? (12 жастан бастап.) 
4. Жолаушы ретінде көлікте отырғанда қандай ережелерді сақтау керек? 
(Шуылдауға, жүргізушіні әңгімемен алаңдатуға, басты, қолды немесе кез келген 
заттарды терезеден шығаруға болмайды, жүріп келе жатқан көліктің есіктерін 
ашуға болмайды, көлік толығымен тоқтаған кезде ғана түсуге болады.) 
5. Неліктен жақын маңдағы көліктің алдынан жолды кесіп өтуге 
болмайды? (Көлік бірден тоқтай алмайды, оның баяулауы үшін уақыт қажет.) 
6. Жолды кесіп өткенде негізгі ереже қандай? (Оны белгіленген жерлерден, 
қиылыстарда және жаяу жүргіншілер өткелдерінен ғана кесіп өту керек; ең 
бастысы – сол және оңға қарауды ұмытпаған жөн). 
Педагогика ғылымы пайда болғаннан бері көптеген ғалымдардың, 
педагогтардың және әдіскерлердің назарынан тыс қалмайтын мәселелердің бірі 
– сабақтан тыс уақытта жүргізілетін іс-шаралар болып табылады. Білім 
алушылардың сыныптан тыс іс-шаралары жалпы орта білім берудің базалық 
бағдарламасына сәйкес білім беру мен әлеуметтендіру, мүдделерді дамыту, 
жалпыға ортақ тәрбиелік іс-қимылдарды қалыптастыру міндеттері шешілетін 
мектеп оқушылары қызметінің барлық түрлерінің жиынтығы болып табылады. 


23 
Білім алушылардың сыныптан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру – бұл 
өзіндік ерекшелігі және бірыңғай білім беру кеңістігінде міндеттері бар жұмыс 
түрлері. Негізгі міндеттерінің бірі баланың ерте жастан бастап өз 
қызығушылықтарына, ниетіне және бойындағы әлеуетіне сәйкес белсенді 
дамуы, жаңалықты білуге ұдайы тырысуы, қоршаған ортаны зерделеуі, ойлап 
табуда, шығармашылық қызметте, спортта өзінің күшін байқап көруі үшін, 
сонымен қатар жолда жүру ережелерін меңгерулеріне жағдай жасау болып 
табылады. Бұл проблеманы оқу пәндері шеңберінде ғана шешу мүмкін емес, 
сондықтан сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырылуы тиіс. 
Жолда жүру ережелерін үйрету бойынша жұмыстардың басты мақсаты – 
бастауыш сынып білім алушыларының бойында жолда жүру қауіпсіздігінің 
негіздерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесін анықтау. 
Мақсатқа жету үшін: 
- осы мәселе бойынша әдістемелік, психологиялық және педагогикалық 
әдебиеттерді зерделеу; 
- бастауыш сынып білім алушысының жол қозғалысы кезіндегі 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін меңгеру мүмкіндігін анықтау; 
- жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету негіздерін қалыптастыруға 
ықпал ететін жағдайларды ұйымдастыру; 
- бастауыш сынып оқушыларын жол қозғалысы барысындағы қауіпсіздік 
негіздерімен таныстыру әдістерін анықтау; 
- бастауыш сынып мұғаліміне оқушыларды жол қозғалысы қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету негіздеріне оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті құжаттардың, 
әдістемелік ұсыныстардың электрондық пакетін әзірлеу. 
Сонымен қатар, қазіргі балаларды қандай да бір іс-әрекетке тарту немесе 
қызықтыру оңай емес, бірақ олар қызықты интерактивті, квест ойындарға немесе 
шеберлік сыныптарына қуана қатысады. Жолда жүру ережелеріне үйрету – бұл 
тек мектептің ғана міндеті емес. Ата-анасының (заңды өкілдерінің) қатысуынсыз 
баланың бойында көшеде өзін дұрыс ұстау қабілетін қалыптастыру мүмкін емес. 
Әрине, балалар тіпті еліктеу мүмкін емес жағдайларда да өз ата-аналарынан үлгі 
алады, соларға ұқсағылары келеді. Ал егер ата-аналар бағдаршамның қызыл 
түсіне қарамастан жолдан жүгіріп өтетін болса, онда бала үлкендердің мінез-
құлықтарын қайталайды.
Осылайша, мұғалімдер мен ата-аналар балаларды жол қозғалысының 
сауатты және заңға бағынатын пайдаланушылары ретінде тәрбиелеуге жауап 
береді. Сондықтан олардың, біріншіден, бір-біріне қайшы келмеуі маңызды. 
Екіншіден, ата-аналар балаларды жолда жүрудің қауіпсіз мінез-құлқына үйрету 
процесіне белсенді қатысушылары болуы тиіс. Ата-аналарына және басқа да 
туыстарына еліктеу арқылы бала жол қозғалысы ережелерін сақтауды (немесе 
сақтамауды) үйренеді, мектепте меңгерілген білім отбасында одан әрі бекітілуі 
тиіс. 
Балаларды жолда жүру ережелеріне үйрету, бала ата-анасымен бiрлесiп 
оқытудың барлық кезеңінен өте алатын болса ғана өте жақсы нәтижелерге қол 
жеткізетін болады. 


24 
Мұғалімдер мен ата-аналар үшін балаларды жолдағы қауіпсіз мінез-құлық 
ережелерімен таныстыруда ең бастысы – балаларға жол қозғалысы ережелерінің 
мағынасын, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша білім мен 
дағды алу қажеттігін жеткізу. Дегенмен, ата-аналарда балаларына жолдағы 
қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету тұрғысынан қажетті білімдері болмауы 
мүмкін екенін де ескеру қажет. Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі – ата-
аналардың назарын осы маңызды жағдайға аудару болып табылады. 
Бастауыш сынып білім алушыларының ата-аналарымен жүргізілетін 
жұмыстардың басты мақсаты – біртұтас педагогикалық ұстаным негізінде 
баланы тәрбиелеу және қалыптастыру саласындағы ата-аналар мен мектептің 
өзара іс-қимылын ұйымдастыру, жолдағы қауiпсiз мiнез-құлық мәселелерi 
бойынша ата-аналардың құзыретiн арттыру,
балалардың жолда жүрудегі 
қауiпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады. 
Міндеттері: 
- ата-аналарды мектептің тәрбие іс-шараларына тарту; 
- ата-аналардың құқық саласындағы білімдерін тереңдету; 
- мектепте алған білімдері мен дағдыларын бекіту мақсатында, баламен 
үйде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдері туралы хабардар ету. 
Аталған міндеттерді іске асыру мектеп пен ата-аналардың өзара iс-
қимылының әртүрлі формалары арқылы мүмкін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет