Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері 

ата-аналар жиналысы
. Бұл мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін 
жұмысының бірден-бір түрі. Ата-аналар жиналысына Мемлекеттік автомобиль 
инспекциясы (бұдан әрі – МАИ) қызметкерлерін, яғни жол қозғалысы 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мамандарды шықыруға болады. 
Олардың ата-аналарға балаларының өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға 
мүмкіндік беретін негізгі ережелерді түсіндіруі өте маңызды болып табылады.
Ата-аналар жиналысы МАИ қызметкерінің және сынып жетекшісінің 
біртекті монологына айналмауы маңызды. Ата-аналар жиналысы конференция, 
пікірсайыс, іскерлік ойын, ұжымдық шығармашылық іс, сұрақ-жауап кеші және 
т.б. формада болуы мүмкін. 
Сауалнама
жүргізу ата-аналардың балалардың жолдағы қауіпсіздігі 
проблемалары туралы хабардарлық деңгейін, жол қозғалысы ережелері туралы 
білім деңгейін, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне 
көзқарасын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім сауалнама 
нәтижесінде алынған деректерді ата-аналармен одан әрі жұмысты жоспарлау, іс-
шаралар өткізу және т.б. үшін пайдалана алады.
Балалар қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша 
тренингтер, 
семинарлар жəне практикумдар

Бұл жұмыс түрінің басты құндылығы – ата-аналардың балаларының 
жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етулеріне қажетті практикалық дағдыларды 
меңгеруінде болып саналады.
Ата-аналарға арналған тренингтердің тақырыптарының қатарына киімге 
шағылыстырғыш элементтерді дұрыс орналастыру, баланың велосипедке 
отырған кезінде қорғаныш жабдықтарын киюі және т.б. енгізуге болады. 


25 
Балалар мен ата-аналардың бірлескен ойындары, квест-ойындар, 
жарыстар, экскурсиялар жəне т.б., яғни сыныптан тыс іс-шаралар. 
Ойын бағдарламалары бірнеше маңызды функцияларды атқарады, яғни: 
тез арада дұрыс шешім қабылдауға үйретеді, олар балалар мен ата-аналарды 
біріктіруге, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, балалар мен ата-аналардың 
таланттарын ашуға көмектеседі. Жұмыстың бұл түрі бойынша Павлодар облысы 
білім беру басқармасы Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің №18 жалпы орта 
білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі – Дәуренбекова Сайран 
Тоқтаровна әзірлеген «Жол – күнделікті емтихан» атты жолда жүру ережесі 
бойынша бастауыш сыныптарға арналған квест-ойынының үлгісін ұсынамыз (3-
қосымша).
Сондай-ақ, мектепте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
тақырыбы бойынша суреттер, қолөнер, шығармашылық жобалар көрмелерін 
ұйымдастыруға болады. Жұмыстың бұл түрінің ең құнды жағы балалар мен ата-
аналар бос уақыттарын бірге өткізетіндігінде. Сонымен қатар, ата-аналар өз 
балаларының да, басқа қатушылардың да шығармашылық жұмыстарының 
нәтижесін көре алады. Жұмыстың бұл түрі ата-аналардың Жол қауіпсіздігі 
ережелерін өздері де оқып, балаларына де үйретуге деген құлшыныстарын 
арттырады.
Жол қозғалысы қауiпсiздiгi тақырыбына бейне- және аудиороликтер 
жасау. 
Роликтер 
мектеп 
сайтында 
немесе 
ата-аналар 
чаттарында 
орналастырылуы мүмкін.
Петропавл қаласы Әлихан Бөкейханов атындағы №25 жалпы орта білім 
беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі жоғары санатты педагог зерттеуші 
Сексенбаева Жанаржан Дулатовна әзірлеген мектепке баратын қауіпсіз бағытты 
зерттеу бойынша «Жаяу автобус» 
танымдық экскурсиясы
іс-шарасының үлгісін 
ұсынамыз. 
Экскурсияның мақсаты – ойын түрінде жол жүру ережелері туралы 
балалардың ой-пікірін бекіту болып табылады (4-қосымша). 
Жолда жүру ережелерін үйрету жұмысында мектептің ақпараттық және 
материалдық-техникалық жабдықталуы да маңызды рөл атқарады. Оларға: 
- бағдарламалар, анықтамалық және әдiстемелiк әдебиеттер; 
- жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша стенд жобалау 
және орналастыру; 
- мектепке келетін қауіпсіз жолдардың жоспары (схемасы), жол қозғалысы 
қауіпсіздігін бойынша бұрыш (схема); 
- көшелерді, олардың қиылыстарын, жол қозғалысын басқару құралдарын, 
ең үлкен қауіп төндіретін учаскелерді және ұсынылатын жаяу жүргіншілер 
жолдарын көрсетін мектеп орналасқан ауданның жоспар-схемасы; 
- бастауыш сынып оқушыларында жеке схемалардың болуы; 
- мектепте жолда жүру ережелерін үйрететін, арнайы жабдықталған 
кабинеттің болуы (бос кабинет болған жағдайда);
- педагогтарді әдістемелік бірлестіктердің жұмысы барысында немесе 
педагогикалық кеңестердің жиналыстарында нұсқаулықпен таныстыру


26 
- балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелерін 
директордың жанында өтетін отырыстарда, педагогикалық кеңестерде талқылау; 
- әдістемелік бірлестіктің жұмысында жолда жүру ережелерін үйрету 
бойынша жұмыстарды пән сабақтарына кіріктіру әдістерін талқылау; 
- мұғалімдерге арналған жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
мәселелері бойынша білім, дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыруға 
бағытталған әдістемелік ұсынымдар мен әзірлемелердің (іс-шаралар 
сценарийлері, ойындар, нұсқамалар, жадынамалар) болуы; 
- жолда жүру ережелерін, сонымен қатар балалардың жол-көлік апатына 
тап болу жағдайларын болдырмау және алдын алу бойынша жұмысты 
ұйымдастыру бойынша сабақтағы және сыныптан тыс іс-шараларды өткізу 
жолдарын көрсететін тәжірибемен бөлісу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет