Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного


Тротуарда жүру тәртібі. Топпен бірге жүрсең



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Тротуарда жүру тәртібі. Топпен бірге жүрсең: 
1. Қатардан шықпа. 
2. Алысып, ойнама. 
3. Жүгірме, секірме, итеріспе. 
4. Шуылдама. 
5. Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас.
 
6. Басқаларға алаңдама.
 


16 
Тақырыбы: Мəтін жəне сөйлем (4-тоқсан) 
Оқу 
мақсаты:
4.1.2.1 
мәтіннің 
тақырыбы 
мен 
берілген 
диаграмма/сызба/кесте бойынша мәтіннің мазмұнын болжау және өз ойын 
дәлелдеу 
Тапсырма:
Жолда жүру ережелерін есіңізге түсіріңіз. Берілген 
сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтаңыз. Жауабыңызды дәлелдеңіз. 
Сөйлемдер 
Дұрыс 
Бұрыс 
1.
Бағдаршамдардың жоғарыдан төмен қарай 
орналасу реті: қызыл, сары, жасыл. 
2.
Бағдаршамның 
жасыл 
жануы 
жаяу 
жүргіншілер үшін «Тоқта!» дегенді білдіреді.
3.
Велосипедшілер 
арнайы 
велосипед 
жолында қайда жүре алады.
4.
Жаяу жүргіншілер жолы «Зебра» деп 
аталады. 
5.
Автобусты алдынан айналып өтуге болады.
4-сыныпқа арналған тапсырмалар 
Тақырыбы: Мəтіннің тақырыбы мен мəтіндегі негізгі ой (1-тоқсан) 
Оқу мақсаты:
4.2.4.1 мәтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара 
сәйкестігін анықтау және ондағы негізгі ойды тұжырымдау 
Тапсырма:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқыңыздар. Ат қойыңыздар және негізгі 
ойды анықтаңыздар. 
Көшеде арлы-берлі жүрген машиналар, ортада – бағдаршам. Ортаға 
жүгіріп бала шығады.
Бала: – Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп 
екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.
Бағдаршам: – Әй, тоқта! Қайда барасың?
Бала: – Сіз кімсіз?
Бағдаршам: – Мен – бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
Бала: – Қалай? Қашан?
Бағдаршам: – Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың 
ғой, сенің бұның дұрыс емес.
Бала: – Енді қалай өтуім керек еді.
Бағдаршам: – Сен мені жақсылап тыңдап, айтқандарымды ұғып ал. Мына 
менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім 
жанғанда «жолдан өтуге дайындал» деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда 
«жолдан өтуге рұқсат, өте бер» деген белгіні білдіремін.
Бала: – Жарайды, айтқаныңызды ұқтым, енді сіздің айтқаныңыз бойынша 
жүретін боламын. 
Тақырыбы: Зат есімнің септелуі (3-тоқсан) 


17 
Оқу мақсаты: 
4.4.2.3 – зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін
білу 
Тапсырма:
Берілген сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз. Септік 
жалғауларын атаңыз. 
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер? 
Аялдамада 
2. Бағдаршам дегеніміз не? 
Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі 
қойылған жерден. 
3.Жолаушы 
таситын 
қоғамдық 
көліктерді қай жерден күтеді?
Кез келген көлік түрін пайдаланатын 
адамдар. 
4.Жақындап қалған көліктің алдынан 
жүгіру неліктен қауіпті? 
Бағдаршам 
автомат 
жүйесіне 
қосылған үш көзді аспап. Жол 
қозғалысын реттейді. 
5.Жолда қай жерден өту керек? 
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай
адам өміріне қауіп төнеді. 
 
Тақырыбы: Көптік жалғаулы зат есімдердің септелуі (3-тоқсан) 
Оқу мақсаты: 
4.2.3.1 – мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған 
сұрақтар құрастыру және жауап беру. 
Тапсырма: 
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші 
мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында 
көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер 
тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған 
жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу 
жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының 
қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс. 
Тақырыбы: Дыбыс үндестігі. (1-тоқсан) 
Оқу мақсаты: 
4.1.7.1 сөз ішіндегі және сөз бен сөздің арасындағы буын, 
дыбыс үндестігін сақтап айту 
Тапсырма:
Жұмбақтарды шешіңіз. Дыбыс үндестігіне сай өзгерген 
сөздерді табыңыз. 
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. 
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген, 
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
3. Жоқ өзінде басы да, аузы да, құлағы да, 
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Шешуі: 
Жол полициясы. Жол. Бағдаршам. 
Тақырыбы: Шылау (4-тоқсан) 


18 
Оқу мақсаты: 
4.3.5.1 – стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен 
анықтап, 
түзету; 
жазба 
жұмысын 
пунктуациялық, 
орфографиялық, 
грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау. 
Тапсырма:
Мәтінді түсініп оқыңыз. Жақшаның ішінде берілгендердің 
жалғау немесе шылау екенін анықтаңыз. Қайсысы бірге, қайсысы бөлек 
жазылатынын айтыңыз. 
Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу (және) көлік жүргізуші (мен) 
жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнін (де) ақпарат беру мақсатын (да) 
көше (мен) жол бойына қойылатын арнайы белгілер. Жаяу жүргіншілер тротуар 
(мен) немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдар (мен), ал олар болмаған 
жағдай (да) жолды жағалай қозғалуы тиіс. Елді мекендерден тыс жерлер (де) 
жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кез (де) көлік 
құралдарының қозғалысына қарсы бағыт (та) жүруі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет