Методические рекомендации для педагогов начальных классов по обучению основам безопасного



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата02.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#132500
түріМетодические рекомендации
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
1. Қимылмен келтіріп шығайық. 
(ойынды жүргізуші қызыл дөңгелекті көтергенде отыру, сары дөңгелекті 
көтергенде тұру, жасыл дөңгелекті көтергенде орында жүру). 
2. «Қай топ данышпан?».
Ол үшін қызыл, сары, жасыл түстерге үш топ 
құрып бөліну қажет.
Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар: 
- Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды? 
- Алғашқы бағдаршамның түстерін атаңдар. 
- Біздің қаланың көшелеріндегі бағдаршамдардың неше көзі бар? 
- Қазіргі кездегі бағдаршамның түстерін атаңдар. 
Сары түсті топқа арналған сұрақтар: 
- Суреттен не көргендеріңді айтып беріңдер? 
- Көлік аттарын атаңдар? 
- Бағдаршамның қызметі қандай? 
- Адамдар қай жолмен жүрулері тиіс? 
Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар: 
- Бағдаршам жолдың қай жерінде орналастырылады? 
- Алғашқы бағдаршам қай жерде орналасқан? 
- Оны ойлап тапқан адамның есімі бар ма? 


31 
3. «Бағдаршам» ойыны:
барлық оқушы айнала билеп жүреді. Қызыл 
жанғанда тоқтап қалады. Жасыл жанғанда билеуді жалғастырады. Сары 
жанғанда 1 аяғын көтеріп, екі қолын жайып тұра қалады. 
Шартты бұзғандар ойыннан шығады. 
4. «Жүргізушілер» ойыны. 
Мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін үйрету, ой-өрісін кеңейту. 
Қолданатын көрнекіліктер: Бірнеше ойын жолдары, машиналар, 
ойыншықтар. 
Ойын барысы: ойын жолдарының бірнеше жеңіл нұсқалары Алдын ала 
әзірленеді. Әр жолда бірнеше жол белгілері қойылған. Бұл жол мәселесін 
ауыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы: «Сен көліктің жүргізушісін, саған 
қоянды ауруханаға апару керек, жанармай құйып және машина жөндеу керек, 
машинаның суреті, сенің қай жерде шыққаның және қайда оралу керек екенің 
білдіреді. Жол ережесін бұзбау үшін қандай ретпен осы барлық пункттарды 
аралап шығу керек, ойлан және жауап бер. Содан соң біз екеуміз сенің дұрыс жол 
таңдадың ба, жоқ па соны тексереміз». 
5. «Бағдаршам» ойыны 
Мақсаты: Балаларды жол ережесімен таныстыру. 
Қолданатын көрнекіліктер: қызыл, сары және жасыл дөңгелектер
ойыншық машиналар, балалардың суреттері. 
Ойын барысы: қатысушылардың біреуі бағдаршамның белгілі бір түсін 
орнатады (қызыл, сары және жасыл дөңгелектерді қойып) машиналарды және 
балалардың пішіндерін, әр түрлі бағытпен жүретін. Екінші бала машиналарды 
көше қиылысынан өткізеді, (жүру жолынан) немесе балалардың пішіндерін 
(жүргінші жолынан) жол жүру ережесіне сәйкес. Содан соң ойыншылар 
рөлдермен ауысады. Машина және жүргінші жолы ережесімен және 
бағдаршамның шамдарымен белгіленетін әртүрлі жағдайлар қарастырылады. 
Кім қателеспей жақсы ойын көрсетсе сол жеңімпаз болып есептеледі. 
6. «Кім үздік жүргінші?» ойыны. 
Мақсаты: жолда жүру ережесі бойынша балалардың білімдерін бекіту. 
(бағдаршамның белгісі, жүргінші жолы) белсенділігін, назарын тәрбиелеу. 
Қолданатын көрнекіліктер: 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандар жазылған текшелер және 
2 фишка. Ойын алаңы. 
Ойын барысы: бірінші жүргінші №1 үйден, екіншісі №2 үйден шығады. 
Текшелерді өздерінің сандары шыққанша лақтыра береді және қайтадан 
лақтырады. Сонымен, түрлі-түсті суреттерге мұқият қарау керек. Бірінші суретте 
бағдаршамның қызыл шамы жанып тұр. Демек, жүргінші бағдаршамнан тұрған 
дөңгелекке секіре алмайды. Ол орнында тұра береді. 
Екінші суретте көлік. Жолды кесіп өтуге болмайды, орнында тұру керек. 
Үшінші суретте бағдаршамның жасыл шамы жанып тұр. Текшені текшенің 
санына байланысты дөңгелектерге жылжытуға болады.
Төртінші суретте мотоциклші. Оны тоқтап, өткізу керек.
Бесінші суретте бағдаршамның сары шамы жанып тұр. Жүргінші сол 
суреттің бойында тоқтай алады.


32 
Алтыншы суретте реттеуші бейнеленген. Көліктердің және жаяу 
жүргіншілердің жолда жүруін реттеуші реттеп тұрғанда жолды қиып өту 
қауіпсіз. Реттеушінің белгісімен жолдан өтіп, бірден әженің үйіне баруға болады. 
Әжесінің үйіне дейін жол ережесін бұзбай жеткен жүргінші жеңіске 
жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет