46
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке бюджет бөлінеді және білім беру
таңдауына қатысты балалардың қалауы ескеріледі.
Франция. Инклюзивті оқыту екі нысан түрінде ұсынылған: 1) ЕБҚ ететін
балалар арнайы емес мұғалімнің жетекшілігімен қарапайым сыныпта оқиды
(бұл «мектеп инклюзиясы» сыныбы); 2) ЕБҚ ететін балалар мүгедек балаларға
арналған арнайы сыныптарда оқиды, бірақ арнайы мұғалімнің жетекшілігімен
(«педагогикалық кіріктіру сыныбы») [23]. Мектептегі инклюзия сыныбы сабақ
күнінде ЕБҚ ететін баланың арнаулы педагогпен жеке немесе топтық жұмыс
жүргізу үшін қажетті уақытында шығып кетуге болатын ашық сынып. Арнайы
педагогтар, әдетте, ресурстық орталықтарда жұмыс жүргізеді және де кестеге
сәйкес балаларға және мұғалімдерге қажетті көмек көрсете отырып, орталыққа
бекітілген барлық оқушыларды қамтиды. Инклюзия уақыты балаға «мектептік
инклюзия сыныбынан» толық жеке инклюзияға ауысуға мүмкіндік бере
отырып, біртіндеп ұзарады. Франция педагогтары аталған инклюзия нысаны
көру және қимыл-тірек аппаратында бұзушылықтары бар балалар үшін өте
тиімді деп санайды. Алайда есту және ойлау қабілеті нашар балалар үшін
тиімсіз. Мұндай балалар үшін педагогикалық кіріктіру сыныптары ашылады,
олар қостау және бақылау үшін ортаңғы және ересек сыныптардың
оқушыларын біріктіретін ашық жүйе болып табылады. Әрбір мүгедек оқушы
үшін мектеп үдерісі жағдайларын, және сонымен қатар педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік, медициналық іс-шараларды анықтайтын
мектептегі оқытудың жеке жоспары жасақталады. Франциядағы инклюзивті
білім беруді іске асырудың негізгі мәселелері кадрлармен жеткіліксіз
қамтамасыз етілетін инклюзивті тәжірибелерді әдістемелік қостауды әзірлеу
болып табылады.
Италия. ЕБҚ ететін немесе қажет етпейтін балаларға сабақ беретін
мектептегі инклюзивті процестердің негізгі координаторлары – арнайы
мұғалімдер – көмекшілер басқа мұғалімдермен сабақ беру және оқыту
мәселелері бойынша жауапкершілікті бөліседі, ЕБҚ ететін мектеп
оқушыларының оқудағы жетістіктерін жоспарлау және бағалау процесіне
қатысады. Арнайы мұғалім – көмекші болу үшін, жоғарғы оқу орнында оқудан
және машықтанудан өтуден (көлемі 300 сағаттан кем емес/12 кредит) басқа,
арнайы біліктілікке (60 кредиттен кем емес) ие болу үшін екі жылдық арнайы
курстан өту талап етіледі. Сонымен қатар, қосымша адами ресурстар тартылады
-
оқытуды қолдау бойынша ассистент, көмекші персонал/ бейімделгіш педагог
(жеке гигиена және алып жүруге көмек көрсету үшін) [29].
Италияда ЕБҚ ететін балаларға қосымша оқу-материалдық ресурстар
ұсынылады – техникалық құралдар (мысалы, Брайль жазу машинкасы) және
қызметтер (мысалы, мектепке тегін жеткізу және білім беру мен медициналық
орталықтарға тегін жеткізу); мақсатқа сәйкес реттеу және бейімдеу (мысалы,
емтихан кезінде қосымша уақыт, сурдоаудармашылар).
Достарыңызбен бөлісу: