Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет18/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   138
Пәкістан. В 1985 жылы Пәкістанда арнайы бюджеті және 
бағдарламалары бар арнайы білім беру министрлігі құрылды, содан бері 
аталған министрлік шамамен 1 млн. АҚШ доллар сомасына көру қабілеті 
бұзылған балаларға арналған жаңа орталық ашты. Арнайы білім берудің 32 
қосымша орталықтарын салу үшін бюджеттен қаржы бөлу (1992 жылға) 
қарастырылған. 
Үндістан. Үндістандық 1991-1996 жылдарға арналған сегізінші 
бесжылдық жоспар бес ретке дейін өскен. Бұл кәдімгі мектептердегі балаларды 
дамытудың үлкен бағдарламасын қолдайды. Барлық мектептер қатысатын, SEN 
оқушыларын қосқанда, бастауыш білім берудің аймақтық бағдарламасы 
(DPEP). 
Филиппин. Филиппинде 1968 жылы Республика заңына сәйкес арнайы 
білім беру мұғалімдері мен ерекше балалар үшін он жылдық оқу жоспары 
қабылданды. Ал білім беру бойынша 26 Конгресс комиссиясы: «Дарынды 
адамдардың немесе дарынды мүгедектердің, сондай-ақ басқа да мәдени 
қауымдастықтардың мүшелерінің оқу бағдарламаларына, арнайы қызметтер 
мен физикалық құралдарына өзгерістер талап етіледі» деп мәлімдеді.
Шри-Ланка. Шри-Ланка балалары мүддесінде құрылған іс-әрекет 
жоспары (1991 жыл) «кемістікті және мүгедектікті ерте анықтау» бойынша 


49 
және кемістігі бар балаларға арнайы білім беру деңгейін арттыру үшін 
мұғалімдерді даярлау бойынша іс-әрекет жоспарларын қамтиды. Оның мақсаты 
1995 жылға дейін 3000 мұғалімді даярлауға және 25 аудандық орталықтарды 
құруға бөлінген 37 млн. рупий (800 000 АҚШ доллары) ақшаның 1%-нан 10%-
ға дейін қамту болып табылады. Ұсынылған шаралар институционалдық 
көмекті жақсарту, қауым деңгейінде оңалту қызметтерін көрсету және 
мүгедектікті диагностикалау, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды 
мектеп жүйесіне кіріктіруді қамтиды. 
Қытай. Қытайда мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған арнайы 
мектептер саны 1980 жылы 292-ден 1988 жылы 650-ге дейін өсті. Көптеген 
кәдімгі бастауыш мектептерде баяу ағымды кемшілігі бар оқушыларға арналған 
сыныптар ашылған, бірақ саны және бөлу туралы деректер жоқ. 1988 жылдан 
бастап Аньхой білім беру бойынша провинция комиссиясы Біріктірілген 
Әмірліктің Балаларды құтқару қорымен бірлесіп, кешенді ауылдық 
балабақшаларды ұсынуға кірісті, оларға мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар 
мектепке дейінгі жастағы кәдімгі балалар барады.
Жапония. Жапонияда білім беру министрлігі эксперименталдық негізде 
оқуда қиыншылықтары бар оқушыларға арналған «цукю» деп аталатын киім 
шешетін бөлмелеріне арналған нұсқамалардың жаңа түрін енгізді.
25/ Nepal, HMG, National Planning Commission (1991), National Program of 
Action for Children & Development for the 1990s. Kathmandu: National Planning 
Commission, pp.70-76. 
26/ 1991, Congressional Commission on Education, Making Education Work 
(An Agenda for Reform) Manila: Congress of the Republic of the Philippines, p.1 1. 
27/ Sri Lanka National Planning Department (1991), A Plan of Action for the 
Children of Sri Lanka. Colombo: Ministry of Policy Planning & Implementation. 
28/ UNICEF (1989), Children and Women in China, A Situation Analysis. 
Beijing: UNICEF, pp. 1 17-18. 
Азияда барлығына арналған сапалы бастауыш білім беруді қамтамасыз 
ету мақсатында оқыту, ұйымдастыру және кәсіби дайындаудағы тәсілдер, 
заңдар, операциялар, қаржыны басқару, материалдардағы өзгерістер мынадай 
принциптер негізінде дамиды:
1-
принцип
Саясатты 
әзірлеу. 
Құқықтық 
шеңберлер 
мен 
институционалдық механизмдер.
Азияның барлық 15 қатысушы елі барлық балаларға білім беруді 
қамтамасыз ету үшін құқықтық шеңберлерді әзірледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет