100
Мақсаты: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға толерантты қарым-
қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасау; қоғамға деген төзімділікті, бізге
сыртқы
келбетімен
ұқсамайтын
адамдарға
төзімділікті
дамыту;
коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Жабдықтар мен материалдар: көзге таңғыштар жасау, қатысушылардың
саны бойынша қағаз парақтарын, фломастерлерді, плеерлерді дайындау.
Сабақтың барысы:
1.
Кіріспе бөлім
«Пістелер» жаттығуы
Балаларға қабығы бар екі пістеден таратыңыз және оларға әзірге оны
жемеуді және қабығын аршымауды тапсырыңыз. Жаттығудың тыныш, сәл
«сиқырлы» атмосферада өтуі маңызды. Бұл жерде көп нәрсе дауыс
ырғағыңызға байланысты болады. Қатысушылардан мынадай сұрақтарға жауап
беруді сұраңыз (үлкендер ‒ жұппен, кішілер үшін ‒ топпен талқылайды):
Сипап қарағанда пістелер қандай екен?
АЛ СИПАП ҚАРАСАҢ, АДАМДАР ҚАНДАЙ?
Сыртқы қабығын қалай сипаттар едіңдер?
АЛ АДАМНЫҢ ДЕНЕСІН ҚАЛАЙ СИПАТТАЙСЫҢДАР?
Пістелердің өлшемі мен формасы бірдей ме?
АЛ АДАМДАРДЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ МЕН ФОРМАЛАРЫ БІРДЕЙ МЕ?
Пістелер бір түсті ме?
АЛ АДАМДАР БІР ТҮСТІ МЕ?
Пістелерде жарық сызықтар немесе аздап ашылған жерлері бар ма?
АЛ АДАМДАР СЫНУЫ НЕМЕСЕ ОЛАРҒА СЫЗАТ ТҮСУІ МҮМКІН БЕ?
Пістелерді сілкілеңдер. Қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
АЛ АДАМДАР ҚАНДАЙ ДЫБЫСТАР ШЫҒАРАДЫ?
Пістелерді ашыңдар. Сыртына қарағанда, ішкі жағы басқаша көріне ме?
Айырмашылығы қандай?
АЛ АДАМДАР ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚА ЖАҒЫНАН ЕРЕКШЕЛЕНЕ МЕ?
Пістелерді жеңдер? Олардың дәмі қандай екен?
АДАМНЫҢ ДА ДӘМІ БАР ДЕП АЙТУҒА БОЛА МА?
Пістелерді жақсы не жаман деп бөлуге бола ма?
АЛ АДАМДАРМЕН ОСЫЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛА МА?
«Мүмкіндіктері шектеулі адамдар» кіріспе әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: