Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет43/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   138
Байланысты:
1579517626428-1

 
 
1-
сурет. Денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі балалары бар 
отбасылардың проблемалары
Отандық және шетелдік авторлардың зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 
ерекше білім беру қажеттілігі бар балалары бар отбасыларда орын алған сапалы 
өзгерістер әртүрлі деңгейде байқалады: 
 
психологиялық, 
 
әлеуметтік, 
 
соматикалық. 


105 
Психологиялық деңгей (ата-аналардың психикасына деформациялаушы 
әсер ететін күшті күйзеліс, жаңа өмірлік құндылықтарды алудың мүмкін 
еместігі, ата-аналардың өздерінің жеке басының психологиялық ерекшеліктері 
(науқас баланы қабылдау немесе қабылдамау қабілеті). 
Әлеуметтік деңгей (ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасы 
басқалармен аз араласады, адамдарды таңдайды. Ол өзінің таныстарының 
шеңберін тарылтады және баланың ауытқуы бар жай-күйінің ерекшеліктеріне, 
сондай-ақ ата-аналарының жеке ұстанымдарына байланысты туыстарымен 
қарым-қатынасты шектейді). 
Соматикалық деңгей (дамуында ауытқуы бар баланың анасының үлесіне 
түскен уайымдар әртүрлі соматикалық ауруларда, астениялық және 
вегетативтік бұзылуларда байқалатын жүктемелерден жиі асып түседі). 
Ерекше білім беру қажеттілігі бар бала туған отбасында құндылық 
бағдарлары мен ата-аналардың уәждемелік ұстанымдары ауысып, өзгеріске 
түседі. Егер анасы немесе әкесі баланың ақауын және оның даму 
ерекшеліктерін қабылдаса, олардың санасында балаға көмек көрсетуге, ол 
зардап шегетін ауруларды жеңуге мотивация пайда болады. Баланың 
дамуындағы кемшіліктерді қабылдауға дайын емес ата-аналар, оларда ауру 
бала туғандығынан ұялатын ата-аналар бас тарту мотивациясын пайдаланады. 
Мұндай ата-аналар отбасында дамуы бұзылған баланың бар екенін жиі 
жасырады. Оның құндылығы ашық немесе саналы түрде қабылданбайды [40].
Балалар-ата-ана және ата-ана-балалар өзара қарым-қатынасының 
конструктивті емес модельдерінің дамуына әсер ететін факторларға, ең 
бастысы, отбасындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар тәрбиесінің 
жағдайын анықтайтын факторларға біз мыналарды жатқызамыз: 
1) баланың бұзылуының сипаты мен айқындылық дәрежесі, олардың 
қайтымсыздығы, психофизикалық жетіспеушіліктің ұзақтығы мен сыртқы 
көріністері; 
2) 
ата-аналардың жеке ерекшеліктері; 
3) ата-аналардың құндылық бағдарлары; 
4) ата-аналардың өздерінің тәрбиелеу міндеттерін іске асыруына ықпал 
ететін немесе кедергі келтіретін әлеуметтік орта мен жағдайлар. 
Дамуында проблемалары бар баланы қабылдаудағы ата-ананың барабар 
болмауы, эмоционалды-жылы қарым-қатынастың жеткіліксіздігі балалардың 
әлеуметтік әлеммен өзара іс-қимылының күрделі емес формаларының дамуын 
тудырады және жеке тұлғаның бейәдептивті мінез-құлқын қалыптастырады. 
Осылайша, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар ата-
аналарының инклюзивтік мәдениеті ‒ бұл педагогикалық проблема. 
Білім беру ұйымдарында инклюзияны дамыту үшін барлық үш аспекті де 
маңызды. Мектепте жүргізілетін реформалар мен өзгерістердің кез келген 
жоспарында барлық үш бағытқа да назар аудару қажет. Осы үшбұрыштың 
негізіне «инклюзивтік мәдениет құру» аспектісі орналасқан. Бұл осы аспектіні 
дамыту (инклюзивті құндылықтарды, ынтымақтастықты қалыптастыру) білім 
беру саясаты мен тәжірибесін өзгертуді негіздейтіндігімен түсіндіріледі. Қазіргі 


106 
уақытта, авторлардың пікірінше, білім беру реформаларының динамикасы мен 
сипатына әсер ететін инклюзивтік мәдениетті дамытуға жеткіліксіз көңіл 
бөлінуде.
Көптеген зерттеушілер мен практиктер ынтымақтастықты дамытудың, 
құндылықтарды қабылдаудың, әрқайсысын құрметтеудің, айырмашылықтарға 
төзімділіктің және т. б. маңыздылығын атап өтіп, білім беру ұйымында 
инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру міндеттерін шешуді инклюзияның 
негізінде қарастырады.
Осылайша, инклюзивті білім беру тек «тосқауылсыз орта» ұйымдастыру 
арқылы ғана қамтамасыз етілмейді, ол тек физикалық қолжетімділік ретінде 
түсіндіріледі. Негізгі кедергілер ‒ мәдениеттанушылық: стереотиптер мен 
ескішіл ой-пікірлер, мұғалімдердің, балалардың және олардың ата-аналарының 
білім берудің жаңа принциптерін қабылдауға дайындығы немесе дайын 
еместігі. Сондықтан ерекше маңызды бағыттардың бірі ата-аналардың 
инклюзивтік мәдениетін зерттеу болып табылады
 
[41]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет