Записка, шаблон презентации с сайта presentation-creation ru



Дата19.12.2023
өлшемі2,13 Mb.
#140778

Аутизм балалар жалпы білім беретін мектепте қалай білім алады

Орындаған Серікбаева Аяулым

Фос 22-14

Тексерген Брумкулова.А.Д


Жалпы білім беру жүйесіне аутизм балаларды инлюзивті білім беру үрдісіне кіріктіру мәселесі балалардың эмоциялық және психологиялық дамуына ықпал етеді және іске асады.
Аутизм балаларды қолдау мен сүйемелдеу деңгейі диагностикалық белгілерінің және дамуындағы түрлі бұзылулардың ауырлығының негізінде кезектесу қажет.
Аутизм балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті, сенсорлық қабылдау бұзылуларымен сипатталады. Бұндай балаларды инклюзивті оқытуда алдымен бұзылымдарды негізін түсіну, педагогикалық әдістемелерді таңдау болып табылады.
Аутизм балаларды оқыту әдіс- тәсілдері

Синкретикалық өнер

Синкретикалық өнер


Аутизм балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен салыстырғанда, аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады.
Киіз үйдің қаңқасы ағаштан жасалса, ал жабындысы, бау-басқұры, жасау-жабдығы мал шикізатынан, яғни жүннен дайындалған. Демек киіз үйдің ішкі сән-салтанатын келтіретін бұйымдардың барлығы дерлік әйелдердің қолынан шыққан туындылар болып табылады. Киіз үйдің киізіне қарай ақ үй, боз үй, қара үй деп бөлінген. Киіздер ақ, боз қойдың жүнінен басылып, ешкінің қылынан есілген жіппен жиектелген.

Халық тұрмысында мал терілерін қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты түрлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Теріден: саба, мес, торсық, етік, көрік, оймақ, аба (тері киімі), көнек (түйенің мойын терісінен жасалған шелек), сүйретпе, т.б. құрал-жабдықтар дайындалады.


Тері өңдеу, ұқсату
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйіңкі, қызыл қарағай, қара ағаш, тасжарған, қайыңның түбірі, жөке, тал, арша сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар 
Ағаш бұйымдары

Мүйіз өңдеу

Халқымыздың ертеден келе жатқан қолөнер мәдениетінің үлгілері ішінде мүйізден жасалған әсем заттар асқан шеберліктің белгісіндей оқшау тұрады. Әрбір мүйіз өрнек ата-бабаларымыздың ерлік еңбектері мен ежелгі ел салтының шежіресі іспеттес. Мүйіз сүйекке қарағанда жонуға, июге, кесуге, тесуге, шегелеуге қолайлы. Сондықтан мүйізден түрлі ожау, құты, түйме, тарақ, семсер, пышақ, біз саптары, қаламсап, қамшы сабы, шығыршың мен бұранда сияқты көптеген заттар өрнектеліп жасалады. Мүйізді ұқсатудың негізгі әдісі қыздыру, не қайнатып балқыту. Сөйтіп оны белгілі бір нұсқаға келтіреді. 

Зергерлік өнер

Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптау (филигрань), бүршік, қарала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады.

Керамика өнері

Керамика өнері бастапқыда тамаққа арналған ыдыстар немесе сусымалы және сұйық материалдар сақталатын ыдыстар жасауға арналған қолөнер ретінде дамыды. Бүгінде бұл арнайы жасалған құмыра дөңгелегінде қалыптау арқылы өңдеу, содан кейін кептірілген өнімге глазурь жағылады, содан кейін сазды міндетті түрде күйдіреді. Осылайша кез келген салада қолданылатын заттар жасалады: тұрмыстық заттар, құрылыс, әшекейлер, әшекейлер, кәдесыйлар. Бұл бұйымдар керамика деп аталады және біздің планетамыздың кез келген бұрышында кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет