Т а қ ы р ы б ы: Бала құқығы-адам құқығы М а қ с а т ы Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы,оқушының құқығы мен міндеттері ұғымын меңгерту.Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.Адам құқықтарын сақтау,өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттігін қалыптастыру.Әр адам өз бостандығы мен құқықтарын қорғауға құқылы екенін дәлелдеу.Құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Өз болашағына жауапкершілікпен қарап,өзгенің құқығын бұзбауға,үйрету.баланың бойыда еліне,халқына деген патриоттық сезімдерін ояту,елін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру; сұрақ-жауап;ой қозғау. 2002 жылы тамызда Қазақстанда“Бала құқығы туралы заң”қабылданды.
Бұл заң 9 тарау,53 баптан тұрады.
2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан “Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойды”,сөйтіп Қазақстанның
“ Балалар құқығы туралы заңы “ енгізілді.
1 – маусым
Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша
Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан
Адам құқығы күні
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер Баланың міндеттері Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi. Жағдаят шешу: 1.Сен сыныптасыңды желіге рұқсатсыз суретін салдың? Оның қандай құқығы бұзылды? 2.Сенің үйдегі ініңе қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Сенің қандай құқығың бұзылды? 3.Әсел мен Айжан дос еді.Әсел жақсы оқитын.Ал,Айжан нашарлау оқитын.Бір күні ол ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп,-келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
ҚР “ҚР-сындағы Бала құқықтары туралы” Заңының 20 бабына сәйкес әрбір бала ҚР Конститутциясын және заңдарын сақтауға, өзге адамдардың құқықтарын, еркіндіктерін, ары мен абыройын, Республиканың мемлекеттік символдарын сыйлауға, еңбекке жарамсыз ата-анаға қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұраларды, ескерткіштерді қорғауға, табиғатты сақтап, табиғи байлықтарға ұқыппен қарауға міндетті.
ҚР “ҚР-сындағы Бала құқықтары туралы” Заңының 20 бабына сәйкес әрбір бала ҚР Конститутциясын және заңдарын сақтауға, өзге адамдардың құқықтарын, еркіндіктерін, ары мен абыройын, Республиканың мемлекеттік символдарын сыйлауға, еңбекке жарамсыз ата-анаға қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұраларды, ескерткіштерді қорғауға, табиғатты сақтап, табиғи байлықтарға ұқыппен қарауға міндетті.
Бала құқықтары туралы Конвенция тек баланың құқықтары мен оларды қорғауды қарастырады.