104
келген кедергілерге байланысты хабарламаларды қамтуы мүмкін. Білім
алушыларға мұның олардың сабаққа толыққанды қатысуын тиімді қолдау үшін
қажетті ақпарат екендігін түсіндіріңіз. Сіз бұл ақпаратты сабақтың алғашқы күні
хабарласаңыз болады, сондай-ақ курс бағдарламасына немесе веб-сайтқа
хабарландыру-ескерту ретінде қосып қоюыңызға болады.
Қолжетімділік жалпы жауапкершілікте. Білім алушылардың кері
байланысына қосымша ретінде арнайы мүмкіндіктерді базалық тестілеуді
орындау үшін белгілі құрылғылардың кейбір арнайы мүмкіндіктерін қалай
пайдалануға болатындығы жөнінде біле аласыз. Сіз сондай-ақ бұл ақпаратпен өз
мектебіңіздің өзге қызметкерлерімен (оқу құралдарын әзірлеушілер, ақпараттық
технологиялар бойынша мамандар және басқа да педагогтер) бөлісе аласыз. Бұл
жалпы контент шеңберінен тыс өзгерістер мен қолжетімділік жөнінде білетін
адамдар санын арттырады [90].
Оқыту барысында педагогтер оқытуды ынталандыратын әртүрлі
материалдарды қолдана алады. Төменде қолжетімді оқу материалдары бойынша
Қолданбалы арнайы технологиялар орталығының (CAST) ұсынымдары
келтірілген [91].
Достарыңызбен бөлісу: