Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет2/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
 
 



Кіріспе 
 
Сапалы білім берудің өмір сүру деңгейін жақсартудың басты шарты 
ретіндегі ықпалды рөлін түсіне отырып, Қазақстанның білім беру бойынша
мемлекеттік саясаты халықтың барлық топтарының сапалы дамуы мен білім 
алуын қамтамасыз етуге бағытталған. Білім беруді жетілдіру процесі өздігінен 
дербес дамымай, тұтастай республиканың экономикалық және әлеуметтік 
дамуына тәуелді үздіксіз процесс болып табылады. Ерте балалық шақтан бастап 
білім беру Үкіметтің, азаматтық қоғамның және бизнес құрылымдарының күш-
жігерін жұмылдыру үшін ұлттық басымдықтардың біріне айналуын дәйекті 
түрде қамтамасыз ету үшін берік саяси ерік-жігер қажет. 
Қазақстан заңнаманың халықаралық және ұлттық нормаларына сәйкес 
барлық балалар үшін білім алу құқығына кепілдік береді. Балалардың білім алу 
құқығы бірқатар заңнамалық құжаттарда, атап айтсақ, ҚР Конституциясында 
(30-бап), «Білім туралы» ҚР Заңында (3-бап), «Кемтар балаларды әлеуметтiк 
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңында, 
«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңында белгіленген [1-4]. 
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына 
Жолдауында табысты ұлтты қалыптастыру факторы ретінде орта білім беру 
сапасының маңыздылығы атап өтілді: «әрбір оқушының білім алып, жан-жақты 
дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс» [5]. 
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске 
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму 
жоспары әзірленді және іске асырылуда, онда 10 жалпыұлттық басымдық 
айқындалды, олардың бірі – «сапалы білім беру». Бұл басымдықтың мәні – ел 
дамуының жаңа бағытын іске асыру үшін адам капиталын дамыту [6]. 
«Сапалы білім беру» басымдығының міндеттерін шешу шеңберінде білім 
берудің барлық деңгейлеріндегі білім алушылардың білім сапасын арттыруға 
бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт «сапалы білім беру» 
ұлттық жобасы бекітілді [7]. 
2022 жылғы қарашада бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы 
ұлттық жобада мемлекеттің маңызды міндетін орындау белгіленді: «Әрбір 
қазақстандық мектеп оқушысына білім алуы және жан-жақты дамуы үшін білім 
алушылардың және олардың ата-аналарының қатысуымен мемлекет, мектеп 
әкімшілігі, педагогикалық ұжым тарапынан лайықты жағдайлар жасалуы тиіс» 
[8]. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы 
туралы Ұлттық баяндама деректеріне сәйкес, «2021-2022 оқу жылында білім 
беру процесінде АКТ (электрондық журналдар мен күнделіктерді) қолданатын 
мектептердің үлесі 96%-ды құрады. Педагог, оқушы және ата-ана 
ынтымақтастығын күшейту, сондай-ақ оқу-тәрбие процесінің тиімділігін 
арттыру мақсатында «Күнделік» электронды журналдары мен күнделіктерінің 
бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді. 2016 жылы аталған жүйе еліміздің 
мектептерінің 15%-ы қосылды. 2021 жылы бұл көрсеткіш 96%-ға жетті. 



Электронды жүйеде ата-аналар үй тапсырмаларының мазмұнын, педагогтің 
түсініктемелерін, білім алушылардың үлгерімін, сабаққа қатысуын көре алады. 
«Күнделік» электронды жүйесі қашықтықтан білім алушылар мен педагогтер 
жұмыс істейтін онлайн-платформалармен үндестірілген. Сандық білім беру 
платформалары педагогтер мен білім алушылардың білім беру контентіне, 
онлайн-кестеге, электрондық журналды жүргізуге, тапсырмаларды тексеруге 
және баға қоюға, бейнеконференция режимінде оқу сабақтарын өткізуге, 
тестілеуге және онлайн-емтихандарды өткізуге қол жеткізуін қамтамасыз етті. 24 
мыңнан астам цифрлық ресурстары бар сапалы білім беру контенті 
қалыптастырылды, оның ішінде 1-11 сыныптарға арналған барлық пәндер 
бойынша 13 757 бейне сабақ, 4 005 электрондық оқулық, 6338 қосымша 
материал қалыптастырылды. Бұл каталог жаңа білім беру және әдістемелік 
ресурстармен үнемі толықтырылып отырады.
Білім беруді цифрландырудың маңызды көрсеткіші жоғары жылдамдықты 
Интернетке педагогтер мен оқушылардың қолжетімділігін кеңейту болып 
табылады. 2025 жылға қарай ««Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» 
Жол картасы шеңберінде барлық ауылдық мектептерді жоғары жылдамдықты 
Интернетке қосу жоспарлануда. Халық аз елді мекендердегі сапалы Интернет 
мәселелерін шешу «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен 
технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда.
Осылайша, қазақстандық білім беру жүйесі рухани байлықты, моральдық 
тазалық пен толеранттылықты үйлесімді үйлестіре отырып, жоғары білікті, 
бәсекеге қабілетті, жанашыр, коммуникабельді, логикалық ойлауға қабілетті 
шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Қоғамдық қатынастарды 
ізгілендіру, өз кезегінде, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың сапалы 
бірлескен білім беру құқығын қабылдаусыз және іске асырусыз мүмкін емес [9].
Кеңейіп келе жатқан білім беру кеңістігінде ерекше білім беруді қажет 
ететін бала, ең алдымен, дамып келе жатқан тұлға болғандықтан, оның білім алу 
құқығын іске асыруды қамтамасыз ету білім беру саласындағы мемлекеттік 
саясаттың маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар 
білім берудегі теңдік идеяларының қалыптасуы мен дамуында стратегиялық 
сипаттағы және бүкіл білім беру жүйесіне әсер ететін, сондай-ақ білім беру 
идеологиясын ізгілендіру бағытында өзгертуді көздейтін инклюзивті білім 
берудің қалыптасқан жүйесі маңызды орын алады. 
Бұл әдістемелік нұсқаулықта педагогтердің инклюзия жағдайында білім 
беру процесі үшін заманауи ресурстарды пайдалануы бойынша ұсынымдар 
берілген. Әдістемелік ұсынымдар педагогтерге, мектеп әкімшілігінің, 
әдістемелік кабинеттердің өкілдеріне, білім басқармалары мен бөлімдерінің 
мамандарына әр баланың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуде пәрменді 
көмек көрсетуі тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет