Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии



Pdf көрінісі
бет20/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Оқу
әдістері 
Ықтимал 
кедергілер 
UDL- 
шешім 
Білім 
алушылар 
оқулықтан өздігінен оқу 
негізінде 
мазмұнмен 
танысады 
Білім 
алушылардан 
талап етіледі: 
Бастапқы білімдері мен 
мәдени 
тәжірибесіне 
қарамастан, контентті 
түсіну және зерделеу 
Мәтіннен 
қажетті 
ақпаратты алу 
Бастапқы 
білімді 
құрыңыз 
немесе 
белсендендіріңіз:
1) топтық оқу кезінде 
тиісті тәжірибе жөнінде 
сұрақ қою негізінде; 
2) 
тапсырма 
мәтіні 
алдында 
жаңа 
түсініктерді алдын ала 
талқылау негізінде; 
Мәтінге 
қосымша 
ретінде контентті аудио 
(лекция), сурет (видео) 
және модель түріндегі 
әртүрлі 
тасымалдаушылар мен 
форматтарды 
пайдаланумен 
ұсыныңыз.
Сабақ 
барысында 
педагог 
оқулықтағы 
ақпаратты жалпылайды.
Білім 
алушылардан 
талап етіледі: 
Оқулықта көрсетілген 
шектеулі 
мысалдарда 
білім алу 
Маңызды 
түсініктер 
мен 
объектілерге 
бірнеше 
мысал 
келтіріңіз 


92 
Негізгі 
идеяларды 
анықтау 
Жазбалар 
жасауға 
когнитивті 
тұрғыда 
қабілетті болу
Интонацияны 
пайдалану 
негізінде, 
тақтаға маңызды сөздер 
мен идеяларды жазу 
негізінде 
маңызды 
ақпаратты ерекшелеңіз. 
Топтық оқу кезінде 
педагог 20 минуттық 
бейнероликті көрсетеді. 
Содан кейін сыныпта 
талқылау өткізеді.
Білім 
алушылардың 
белсенді болуы және 
жалпы 
сыныптық 
талқылауға 
қатысуы 
талап етіледі.
Жалпы топтағы оқыту 
сыныптың 50 пайызына 
бағдарланған 
(қабілеттердің барлық 
деңгейлеріне емес).
Икемді топтастыруды 
пайдаланыңыз. 
Видеоны 
қарағаннан 
кейін шағын топтармен 
жұмыс 
істеп, 
талқылаңыз. 
Мысалы 
қазбаға 
арналған 
кешенді 
пайдалану 
негізінде 
археологиялық 
қазбалар процесінде. 
Қиындықтың 
реттелетін деңгейлерін 
және шағын топтарды 
оқыту кезінде сындарлы 
кері 
байланысты 
қамтамасыз етіңіз (білім 
алушылар 
қабілеттер 
деңгейі 
бойынша 
топтасады).
Білім алушыларға өз 
білімін көрсетуі үшін 
балама 
ұсыныңыз, 
мысалы, сурет салу, 
әңгіме немесе модель 
құру. Осылайша олар 
өздері мектеп алаңын 
қазған жағдайда нені 
табатындықтарын 
көрсете алады.
 
Педагогтер сабақта пайдаланатын ресурстар мен материалдар сабақта 
пайдаланылатын оқу стратегиялары мен әдістеріне сәйкес келуі керек. 
Педагогтер әртүрлі материалдарды пайдалану есебінде оқу процесін әртүрлі 
құралдармен және тәсілдермен қалай түрлендіруге болатынын шеше алады. 
Материалдар «технологиялық емес» және төмен технологиялық ресурстарды 
қамти алады. Мысалы, стикерлер, каталог карточкалары және флэш-карталар. 


93 
Сондай-ақ олар компьютерлер мен планшеттер секілді жоғары технологиялық 
құралдарды да қамтуы мүмкін. Материалдарды ақпаратты топтастыруда 
көмектесуге (ақпаратты каталог карточкасына жазу немесе миға шабуыл жүргізу 
және стикерлер көмегімен тапсырмалар тізімін құру) немесе ақпаратты әртүрлі 
тәсілдермен өңдеуге (мысалы, графикалық органайзерлерді ақпаратты жүйелеу 
үшін) пайдалануға болады.
Педагогтер сонымен қатар оқыту процесін қолдайтын материалдарды 
қолдана алады. Мысалы, планшет немесе смартфон секілді мобильді 
құрылғыларды жазбаша мәтінді жазуда аралық қадам ретінде білім 
алушылардың жазғысы келгендерін түртіп алу үшін пайдалануға болады. Кейде 
материалдар мен құралдар тек білім алушылардың кейбіріне ұсынылады.
Мысалы, көрнекі органайзерлер мен технологиялық құралдар жеке оқу 
жоспарында көрсетілген білім алушыларға ұсынылады. Оқытудың әмбебап 
дизайнына негізделген сабақ үшін кейбір білім алушыларға модификация 
түрінде белгілі бір материалдарды пайдалануға бергеннен гөрі барлық білім 
алушыларға оңтайлы қолдау көрсету және әртүрлі материалдарды пайдалануды 
ұсыну қалыпты болып табылады.
UDL технологияларды пайдалануды қажет етпегенімен, цифрлық құралдар 
икемді орталарды құруға көмектеседі. мысалы, ноутбуктар мен планшеттер 
мәтінді цифрлық форматта ұсынады. Бұл «цифрлық мәтін» икемділік пен 
қолжетімділікті арттыратын опцияларды қамтиды. Мысалы, цифрлық мәтінмен 
күрделі әрекеттер жасау оңай. Өлшемін, шрифт түсін, мәтін арасындағы 
интервалды өзгертуге болады. Ал компьютердің мәтінді сөзге айналдыру 
функциясын экрандағы мәтіннің аудионұсқасын тыңдау үшін пайдалануға 
болады. Цифрлық мәтін анықтамалармен, сөздермен және тіркестермен 
байланысты болуы мүмкін. Цифрлық мәтінді білім алушыларға ақпаратты 
бөліктерге бөліп, визуалды ретсіздікті жою үшін өзгертуге болады.
UDL-ды сабақты жоспарлау кезінде назарға ала отыра және оқыту 
мақсаттарына қол жеткізуде икемді жолдарды пайдалану негізінде педагогтер 
оқу жоспарындағы бар кедергілерді азайтып, барлық білім алушылардың жоғары 
стандарттарға бірдей жету мүмкіндіктерін кеңейте алады [85].
Білім алушылардың білімін бағалау оқу мақсаттарымен тығыз байланысты. 
UDL басқарушы принциптері формативті, суммативті бағалау үшін пайдаланыла 
алады. Педагог 
«Білім алушылар қойылған мақсаттарға әртүрлі амалдармен 
қалай қол жеткізе алады?» 
сұрағынан бастай алады.
Мақсат қойғанда білімді көрсетудің нақты бір форматы белгіленбесе, 
педагог білім алушының білімін бір ғана нәтижемен бағалаумен шектелмей
әртүрлі формат нұсқаларын ұсыну негізінде бағалай алады. Білім алушы плакат, 
мультимедиялық презентация, ауызша презентация немесе жазбаша мәтін 
әзірлей алады. Бұл білім алушыларға келесілерді пайдалануға мүмкіндік береді:
а) қарым-қатынастың бірнеше түрі; 
б) жауапты құрудың бірнеше құралы.
Білім алушыға бірнеше формат негізінде таңдау ұсынылған жағдайда, 
олардан күтілетін нақты критерийлерді белгілеп алған жөн. Осы критерийлерді 


94 
пайдалану негізінде педагог білім алушылардың сабақ барысында алған білім 
мен дағдыларды иеленуіндегі прогресін бағалай алады.
Көп жағдайларда педагогтер қорытынды бағаны белгілі бір форматта 
пайдаланады (мысалы, педагог сынып деңгейінде бәріне бірдей жазбаша есеп 
береді). Мұндай жағдайда икемділік қорытынды бағалау алдында білім алушы 
білімін қалыптастырушы бағалауға кіріктірілуі мүмкін.
Педагогтерге жиі білім алушыларды стандартты тесттерге дайындау қажет 
болып жатады. Бұл сабақта қамтамасыз етілетін икемділікті шектейді. Мұндай 
жағдайда педагогтер тапсырылатын тесттің стратегияларымен тікелей 
байланысты мақсаттарды анықтап, білім алушылар тестілердің стандартталған 
форматтарына тиімді әсер ете алатындай қолдау ұсынуы тиіс. Мысалы, білім 
алушылар тестілердің стандартталған құрылымдарымен өздерін жайлы сезініп, 
білім алушыларды тестке даярлап, стресті минимумға дейін шектеуге негізделуі 
мүмкін.
UDL-дың тестке стандартталған даярлау талаптарына сәйкес келетін 
басқарушы принциптері келесілерді қамтиды: 
- тест тілін түсіндіру; 
- білім алушылар мәтінде күтуі мүмкін шаблондар; 
- практика негізінде оқу шапшаңдығын арттыру; 
- тестті тапсырудың нақты стратегияларына алдын ала оқыту жолымен 
қауіптерді және алаңдатушы факторларды азайту [86].
Көптеген педагогтер UDL-дың кейбір бағалау сипаттамаларын әділетсіз деп 
есептеуі мүмкін. Олардың ойынша, білім алушыларға өз білімдерін көрсетуі 
үшін икемді мүмкіндіктерді ұсыну басқа білім алушылар алдында басымдық 
береді. Шындығында, СAST ұжымы пікірінше, бұл олай емес. Себебі UDL 
бойынша бағалау барлық білім алушыларға өз дағдыларын және материалды 
қалай түсінгендерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Барлық білім алушыларға оқу материалдарының қолжетімділігін 
қамтамасыз ету мақсатында CAST қолжетімділік сапасын анықтауға мүмкіндік 
беретін 4 принципті пайдалануды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет