89
жасауы және оған қол жеткізуді мақсатқа бағытталып жұмыс істеуі
ықтималдығын арттыра аласыз.
Өзіңізден сұраңыз:
- өз сыныбымның ортасына оқу мақсаттарын қалай ұсынамын?
- білім алушыларды оқу мақсатына жүгінуін қалай ынталандыра аламын?
[81]
Нақты құрылымдалған мақсатты әзірлеу – барлық білім алушыларға
қолжетімді стандарттар негізінде сабақты ұйымдастырудың алғашқы қадамы.
«Стандарттар негізінде сабақтарды дайындауда
оқытудың әмбебап дизайнын
қолдану» мақаласында авторлар К. Рао және Г. Мео сабақты жоспарлауда
оқытудың
әмбебап
дизайнын
пайдалана
отырып,
оқу
мақсатына
қолжетімділіктің икемді жолдарын енгізіп, педагогтер оқу жоспарында болуы
ықтимал
кедергілерді азайтып, барлық білім алушылардың жоғары
стандарттарға қолжетімділігіне мүмкіндік беретін ықтималдықтарды кеңейте
алады.
Нақты мақсаттарды анықтау процесінде педагогтер білім алушылардың
мақсаттарға қол жеткізуінде орын алуы мүмкін ықтимал
кедергілерді ескеруі
тиіс. Сол себепті өз әдістеріне, материалдарына және бағалау құралдарына
икемді нұсқаларды қоса алады. Осылай білім алушылардың жаңа дағдылар мен
түсініктерді игеруінде қолдай алады (2-сурет).
2-сурет. Сабақтың негізгі құрамдастары
Академиялық стандарттар көбінесе білім алушылардың өз білімдерін қалай
білдіру керектігін анықтайтын ұғымдарды қамтиды. Мысалы, «әңгіменің
сипаттаушы бөлігін жазу». Педагогтер білім алушылардың қажеттіліктері мен
сабақтың
міндеттерін ескере отырып, стандарт негізінде мақсаттарды әзірлеу
үшін кәсіби пайымдауды қолдана алады. Бір педагог стандартты сөзбе-сөз
түсіндіруге шешім қабылдауы мүмкін және мақсатты білім алушыларға
«әңгіменің сипаттаушы бөлігін жазу» деп түсіндіруі мүмкін. Басқа педагог білім
алушыларға мақсат қоюдағы
нақты форматты анықтамай, әңгімелер құруды
үйрену деп шешуі мүмкін. Бұл педагог білім алушыларға әртүрлі форматтағы
баяндауды дамытудың нұсқаларын ұсына алады (мысалы, ауызша түсінгенін
баяндау, мультимедиялық презентация, жазбаша форма).
Педагог
мақсатты
білім
алушылар
жазбаша,
ауызша
немесе
мультимедиялық форматта әңгіме құрай алады деп белгілеуі мүмкін. Мұндайда
мақсат академиялық стандартпен де байланысады және осы сабақ үшін қалай
өзгертілгені көрсетіледі. Басқа бір педагог ең шекті мақсат стандартта
белгіленгендей білім алушылардың әңгіме жаза білуі деп шешуі мүмкін.
Мұндайда бірақ білім алушыларға оқу процесінде өз білімдерін білдірудің
Достарыңызбен бөлісу: