Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


 Барлық цифрлық құралдар қолжетімді деп ойламаңыз



Pdf көрінісі
бет31/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68
Байланысты:
инкл каз

1. Барлық цифрлық құралдар қолжетімді деп ойламаңыз
Білім беру материалы цифрлық болса, ол автоматты түрде қолжетімді бола 
түседі. Ендігіде біз цифрлық контенттің әуел бастан қолжетімді болмайтынын 
білеміз, сол себепті бапталатын цифрлық контентті білім алушыларға ұсынамыз. 
Яғни олар оны дербестендіре алады. Мұндайда тек ерекше білім беруді қажет 
ететін балалар ғана емес, барлық балалардың іске тартылатынын, өз әрекеттері 
мен дағдыларының жылдамдығын арттыратынын, сондай-ақ контентті 
пайдалану кезінде өздері жеке жасай алатын түсініктерін жақсартатынын 
байқаймыз. 
2. Суретке «балама мәтінді» қосыңыз 
Мәтін оқу материалдарындағы басты кедергі деген пікір бар. Қазірде 
суреттер де экраннан оқу бағдарламаларын пайдаланатын білім алушылар үшін 
сурет түрінде берілген ақпаратты қабылдау үшін балама нұсқа болмаған 
жағдайда кедергі тудыратынын білеміз. Балама мәтінді қосу (мысалы: «жолдан 
өтіп бара жатқан бұланның суреті») бұл кедергіні азайтып, суретте берілген 
контентті барлық білім алушылардың түсінуіне көмектесе алады.
3. Видеоға субтитрлар қосыңыз 
Барлық білім алушылар видео арқылы оқи алады деген пікір бар. Видео 
мәтіннің қосымша берілуінсіз есту және көру қабілеттері зақымдалған білім 
алушылар үшін, сондай-ақ сол тілде енді ғана сөйлеп бастап жатқан білім 
алушылар үшін кедергі тудыруы мүмкін. Сол себепті видеоконтентке жасырын 
титрлерді қосу ұсынылады. Білім алушылардың көбі субтитрларды әртүрлі 
себептерге байланысты пайдаланады (мысалы, тыныш жағдайда көру үшін, 
жақсырақ түсіну үшін).
4. Құжаттың құрылымы үшін стильдерді пайдаланыңыз 
Дұрыс ұйымдастырылған құжат, яғни бөлімдердің тақырыптары 
форматталып берілуі (мәтінді үлкенірек және қалың қаріппен беру) барлық білім 


105 
алушылар үшін мазмұн бойынша навигацияны және жалпы мазмұнды түсінуді 
жеңілдетеді. Енді біз бөлімдердің тақырыптарын және өзге де элементтерін 
сәйкесінше стильмен беру қажеттілігін білеміз (мысалы, 1-тақырып, 2-тақырып). 
Дұрыс рәсімделген құжаттардағы мазмұн ақпараттың қалай ұйымдасқанын 
көрсетеді және барлық білім алушылар үшін ұзын құжаттар бойынша 
навигацияны жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет