Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»


Жаңартылған білім беру аясындағы «Дене шынықтыру»



бет2/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

1 Жаңартылған білім беру аясындағы «Дене шынықтыру»
(5-9 сыныптар) оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады [4].


Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Оқыту мақсаттарының құрастырылған жүйесі: білімін функционалдық және шығармашылықта қолдану, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады.
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Негізгі орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бағдарламада дене шынықтыру сабағын гендерлік қағидат бойынша (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда жеке оқыту қарастырылған [5].

«Дене шынықтыру» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру. «Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныптан 9-сынып аралығында – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты.


«Дене шынықтыру» оқу пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады [6].
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге оқушыларды дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Дене шынықтыру» пәнінің білім беру бағдарламасы ағзаның барлық жүйелерін дамытуға, әрбір дене қасиетін жетілдіруге бағытталған. Дене тәрбиесі жеке тұлғаны тәрбиелеуде ерекше рөл ойнайды. Ол оқушының дене дамуына, оның әлеуметтік, жеке және рухани қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Мектептің білім беру жүйесіндегі дене тәрбиесі оқушылардың салауатты өмір салттарын насихаттауға бағытталған. Мұндай жол ұзақ мерзімді басымдықта әлеуметтік денсаулықты оң бағытта өрбітуге әсер етуі мүмкін. Оқыту – баланың бойында бар білім негізінде, қолданыстағы дағдыларды дамытуға бағытталған практикалық-бағытталған және шығармашылық процесс.
Қарастырылып отырған қағиданы іске асыру арқылы оқушылардың білім деңгейлері артады, түрлі жаттығулардың техникасын түсінеді, олардың дене тәрбиесі процесіне деген саналы да, белсенді ұстанымы тәрбиеленеді.
Білім берудің жаңартылған мазмұнындағы 5-9 сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – әрбір оқушыға тән дене сапаларын жетілдіру, ағзаларының барлық жүйелерін дамыту.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушыларға білім беруде шешілетін міндеттер мыналар: жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын дамытуға оң әсер ететін денелік және рухани денсаулықтың негізін қалау; өз денсаулықтарын денелік және психикалық тұрғыдан нығайту маңыздылығын түсінуге оқушыларды ынталандыру; дене тәрбиесі және спорт саласы бойынша теориялық білім негіздерін қалау және практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ету; оқушылардың төзімділік, жылдамдық, күштілік, ептілік және иілгіштік секілді қимыл-қозғалыс сапаларын дамыту; оқушылардың патриотизм, жалпы адами құндылықтар, қарым-қатынас орната білу біліктіліктерін тәрбиелеу және дамыту; салауатты өмір салтын сақтауға, бойларына сіңірілген дағдыларды болашақта қолдана білуге оқушыларды ынталандыру; оқушылардың бойында жалпы адамзаттық мәдениеттің бірі болып саналатын дене тәрбиесі туралы түсінік қалыптастыру; дене тәрбиесі және спорттың даму тарихы туралы білім негіздерін қалыптастыру; негізгі дене сапаларын жетілдіру, арнайы спорттық біліктілік пен дағдыларды дамыту; түрлі дерек көздерінен алған ақпараттарды пайдалану арқылы қарым-қатынас орната білу дағдыларын дамыту, ақпараттың шығу негізін айқын түсіну; ойлану және зерттеушілік дағдыларды дамыту; адамгершілік-жігер сапаларын қалыптастыру. Сонымен қатар, «Дене шынықтыру» пәнін оқу-үйрену оқушыларға келесі мүмкіндіктерді береді: бойға сіңірілген білім, біліктілік пен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану; өзінің денелік дамуындағы қимыл-қозғалыс құзіреттіліктерін арттыру қажеттілігін түйсіну; дербес адамгершлік қасиеттерін дамыту және әділ ойын мен өз-өзін үздіксіз дамыту қажеттіліктерін түйсіну; жекебас гигиенасын сақтау маңыздылығы мен қажеттілігін түсіну; адамның денелік және энергетикалық жүйесін дамытудағы дене жаттығуларының әсерін білу; өзінің және өзгелердің денелік жағдайларын бағалай білу; сыни және шығармашылық тұрғыдан ойлау, туындаған мәселелерді шеше білу және қарым-қатынас орната білу дағдыларын дамыту.
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып денелік және психикалық денсаулықтарын нығайтуға деген ынталарын арттыруға, арнайы спорттық қимыл-қозғалыс дағдылары мен дене сапаларын дамытуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет