Дене шынықтыру мұғалімдеріне оқытудың үш моделіне басымдылық беру керек: 1-модель. Дене шынықтыру бойынша берілетін тапсырмалардың сапасы. Бұл модель (үлгі) білім алушының нәтижелерінің дене дайындығы, дағдылар мен әлеуметтену секілді қазіргі заманғы мақсат-міндеттермен үйлесімді болуын меңзейді.
Оқыту процесі дене шынықтыру бойынша берілетін түрлі сапалы тапсырмалармен негізделеді. Мұғалім мен оқушы келесі шарттарды ескерген жағдайда табысқа қол жеткізеді:
1. Сан-алуан жаттығуларды (тапсырмалар) сүйсініп орындауға атсалысады және қатысады.
2. Дене мәдениеті деңгейінің сапасын көрсете алады (Дене шынықтыру тұрғысынан өзін сауатты адам ретінде танытса (мысалы, дене жаттығулары оларға рахат алуға, белгілі бір мәселелерді шешуге, өзін танытуға және адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді; дене жаттығуларын орындаған кезде адамдардың арасындағы айырмашылықты түсінеді және оған құрметпен қарайды; көптеген қимыл-қозғалыстарды тамаша орындап, кейбір қимыл түрлерін орындауда икемділік танытады).
2-модель. Дене шынықтыру бойынша берілетін сапалы тапсырмалар және дамыту құралдары. Дене шынықтыру мұғалімдеріне оқытудың дәстүрлі мақсат-міндеттері аясынан шығып, спортпен байланысқан емес – оқушылардың сапаларын жақсартуға негізделген жоспар құруға назар аудару керек. Яғни, табысқа қол жеткізуге қажет дағдыларды дамытуға басымдылық беріледі.
Білім алушылар келесі шарттарды ескеретін болса, аталған модель бойынша білім алуда табысқа қол жеткізеді:
1. Әділ ойын және сабаққа жауапкершілікпен қарауды болжайтын тапсырмаларға қатыстырылса.
2. Алдына жүктелген міндетті табандылықпен қарсы алып, жаңа тәжірибе алуға дайын болса.
3. Бір-біріне көмекке келу, құрметпен қарау және нәсілі мен ұлтын құрметтеу сияқты жағымды іс-әрекеттерге тартылса, оң іс-әрекеттерге қатыстырылса.
3-модель. Дене шынықтыру бойынша сапалы тапсырмалар және денсаулық мазмұны мен дамыту құралдары. Дене шынықтыру мұғалімі денсаулық мәселесін де қамтиды. Бұл модель бойынша мұғалім сабақ беріп қана қоймай, сонымен қатар денсаулық туралы түрлі тақырыптағы әңгіме/пікірталастарды қосып, сол арқылы білім алушылардың денсаулық саласындағы сауаттылығын арттыруды көздейді.
Мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың денесін шынықтырып қана қоймай, олардың денсаулығына қамқорлық жасау.
Белсенді оқытудағы дене шынықтыру мұғалімінің рөлі. Дене шынықтыру бойынша бағдарламаның мақсаты – оқушылардың өздік жұмыс дағдыларын дамыту. Бұл әрине мұғалім шетте қалып, оқушылар не істеу керек екендігін өздері шешеді дегенді білдірмейді. Мұғалім дағдыларды, қимыл-қозғалыс дағдылары мен даму стратегиясын игеруге қажет орта құрып, оқушы сыныптасының немесе ересек адамның көмегімен іске асырған жағдайда оқыту тиімді болып саналады. Білім алушының ересек адамның көмегінсіз іске асыра алмайтын «дамудың жақын маңдағы аумағы» атты теориясы бар [10]. Ол аумақ, бала өздігімен іске асыра алатын шекарадан алыстау орналасқан. Аталған ілімді негізге ала отырып, оқыту процесіне «қолдау көрсету» терминін енгізуге болад. (Джером Брунер «scaffolding-во время скаффолдинга-қолдау көрсету кезінде»). Ол блім алушылардың аталған аумаққа еніп, көптеген нәрселерді үйреніп, оқыту мен даму бойынша қателіктер жібермеуді болжайды. «Қолдау көрсету» терминін мұғалім оқушылардың қиын тапсырмаларды дұрыс орындау жолдарын табуларына көмектесу үшін қолданады [11].
Білім алушылар сабақ кезінде (қолдау көрсету кезінде) өз бетімен, дербес әрекет етуде қол жеткізген жетістіктен де көп табысқа қол жеткізуі керек. Егер оқушы өзінің бойында бар дағдыларды ғана пайдаланатын болса, ондай жағдайды оқыту деп айтуға болмайды. Мұғалім кері байланыс орнатуды қамтамасыз ету үшін әрдайым қолдау көрсетіп үлгілеу, көрсету, қадағалау арқылы оқушыларды бағалауы керек.
Тереңдете білім беру дегеніміз, мұғалімнің бойында мониторинг жасау дағдысының болуы және сол біліктілік арқылы оқушылардың білім негіздерін қаншалықты игергендігін анықтау. Ол әрбір оқушының дербес біліктілігі мен мүмкіндігіне байланысты жеке өткізіледі.
Сонымен, мұғалімдер білім алушыларды дамыту үшін және олардың әрқайсысын оқытудағы ілгерілеу нәтижесін анықтау үшін дербес бағалауды тұрақты түрде іске асырып отырулары керек.
Қазіргі заманғы сабақтың қоятын маңызды талабы – білім алушылардың денсаулықтарын, жынысын, дене дамуы мен қимыл-қозғалыс дайындықтарын, психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудағы дербес және жіктелген жолды қамтамасыз ету. Дербес және жіктелген жол барлық білім алушылар үшін, олардың дене тәрбиесі саласы бойынша көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарға қарамастан маңызды. Білім алушылардың дене дайындықтарындағы, физиологиялық ерекшеліктеріндегі түрлі деңгейді ескере отырып, оқу материалын игеру қарқынын, қол жеткізген жетістіктерін бағалаудағы міндеттерді жіктеу қажет.
Дене шынықтыру сабағындағы тиімді жіктеу, түрлі амал-тәсілдерге сүйене отырып, барлық білім алушылардың қызығушылықтарын ескеру дегенді білдіреді. Дене шынықтыру мұғалім сабақ беріп жатқан кезде дене шынықтыруды оқытудың көптеген тәсілдері бар екендігін есінен шығармағаны дұрыс. Мұғалім мен оның оқушылары дене шынықтыру арқылы ішкі қабілетті ашуы мүмкін, белгілі бір жаттығуларды жүйелі түрде орындау арқылы денсаулықты нығайтуы мүмкін.
Дене шынықтыру мұғалімі:
- оқытудың оң райын қалыптастырады және оған барлық оқушыларды қатыстырады;
- оқушыларды жауапкершілікке, батылдыққа, өздік талдау жасауға, жаңаны үйренуге ұмтылуға және белсенділікке тәрбиелейді;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға арналған дұрыс әдістерге сүйенеді және тапсырмалар береді;
- сыныптық, дербес немесе топтық жұмыстарды ұйымдастырады, басқарады және жоспарлайды; алға қойылған мақсат-міндеттрге сәйкес жоспарланған сабақты өткізуге қажет қосалқы материалдарды тиімді пайдаланады;
- оқушыларға сабақты түсіндіруде, көмекке келуде және мадақтап қолдау көрсетуде қарапайым да, түсінікті тілді қолданады;
- оқушыларды қадағалап, олармен кері байланыс орнатады.
Сабақты жоспарлау әдістемесі. Орта мерзімді жоспарда сабақты тақырыптар мен бөлімдер бойынша өткізу және білім алушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар берілген, сондай-ақ, ұсынылатын ресурстар үлгісі (ғаламтор, мәтіндер, жаттығулар, видео және аудио материалдар) енгізілген.
Мұғалім білім алушылардың дербес ерекшеліктері мен сабақ үлгерімдерін ескере отырып, сабақ түрін түрлендіре және өзгерте алады. Орта мерзімді жоспарлауды әдетте мұғалімдер тобы немесе сабақтарды оқу бағдарламасына сәйкес құрастыратын мұғалім іске асырады.
Орта мерзімді жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарда анықталған бағыт-бағдарды нақтылайды. Оның жоспарында белгілі бір кезеңдегі басты міндеттер анықталады. Орта мерзімді жоспарда әр тоқсанға немесе бөлімге есептелген оқыту тақырыптары сипатталады. Бөлімдегі сағаттар санын мұғалімнің өз ұйғарымы бойынша түрлендіруге болады.
Қысқа мерзімді жоспарды немесе сабақтың жоспарын мұғалім орта мерзімді жоспардың соңында көрсетілген үлгі бойынша өзі құрайды [12]. Төменде қысқа мерзімді жоспар және сабақтың жоспар үлгісін ұсынып отырмыз.