Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет9/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Көрінетін жерге орнату». Сабақтың мақсатын анықтап алған соң, оны сыныптағы көрінетін орынға іліп қою керек. Оны сыныпқа кірген әрбір адам (оқушылар, әріптестеріңіз және мектеп әкімшілігі) сіздің сабағыңызда қандай мақсатқа қол жеткізу керек екендігін түсіну үшін, белгілі бір жерге іліңіз. Оны ой елегінен өткізудің өзі алға қойылған мақсатқа дұрыс бағытта қозғалуға көмектеседі.
«Қысқа жол». Дұрыс жұмыс істеуіңізге көмектесетін мәліметтерді қолданыңыз, ал егер сіз оған күмәнданатын болсаңыз, онда бұрыннан белгілі және тексерістен өткен әдістемелерге сүйеніңіз. Сіздің басты критерийлеріңіз мыналар екендігін естен шығармаңыз: сабаққа жоспарлаған материалдарыңызды оқушылар игерді ме?; алға қойылған мақсатқа жылдам және үздік әдіспен қол жеткізілді ме?
«Қосарланған жоспар». Көптеген сабақтардың жоспарлары мұғалім не істейді, яғни не туралы айтады, тақырыпты қалай түсіндіреді, қандай материалдар қолданады, қашан таратады, қашан жинап алады, қандай тапсырмалар ұсынады деу арқылы құрылады. Аталған жағдайларды жоспарлай отырып, мұғалім оқушылардың әрбір кезеңде немен шұғылданатындарын ұмытып кетіп жатады. Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың немен шұғылданатындарын жоспарлау, сіздің не істейтініңізден және не айтатыныңыздан да маңызды. Өз сабағыңызды «Мен» және «Олар» деген екі бағаннан тұратын кесте арқылы жоспарлаңыз.
Рефлексия – бұл өздік талдау, өздік баға. Сабаққа қатысты рефлексия туралы айтатын болсақ – бұл оқушылардың өзінің көңіл-күйін, эмоциялық жағдайын, іс-әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға арналған сабақ кезеңі. Сонымен қатар, рефлексия – бұл ғылымға емес, оқуға үйретуге ұмтылатын қазіргі заманғы педагогиканың жаңа бағыты. Сабақтың басталуына, күтілетін нәтижелерге қайта оралу, қорытынды шығаруы логикалық жағынан алғанда дұрыс.
Сабақтың бір кезеңі болып табылатын рефлексия бірнеше түрге жіктеледі. Мұғалімге жіктелу түрлерін біле және оны сабақ жоспарына енгізе отырып, әдіс-тәсілдерді түрлендіруге және құрастыруға ыңғайлы.
1. Мазмұны бойынша: символикалық, ауызша және жазбаша.
- символикалық: білім алушылар бағаны символдар көмегімен қояды (карточка, жетон, ишара және т.с.с.);
- ауызша: білім алушылардың өз ойын айту және өз эмоциясын сипаттау біліктілігі;
- жазбаша: ең қиыны және көп уақытты қажет етеді. Тұтас оқу бөлімі немесе үлкен тақырыпты игерген соң өткізген дұрыс.
2. Іс-әрекет түрі бойынша: ұжымдық, топтық, фронталды, дербес.
Білім алушыларды осы тәртіп бойынша жұмыс істеуге үйрету қолайлы болып саналады. Алдымен тұтас сынып, содан соң жекелеген топтарда және оқушылардың ішінен таңдап сұрақтар қою тәртібі. Ол оқушылардың өздік жұмыстарын белсендендіреді.
3. Мақсаты бойынша: эмоциялық.
Ол оқу материалын эмоциялық тұрғыдан қабылдау, көңіл күйді бағалайды. Бұл «ұнады/ұнаған жоқ, қызықты/қызық емес, көңілді болды/көңілсіз» санатына жататын рефлексия. Рефлексияның мұндай түрі мұғалімге сыныптың жалпы көңіл-жайын бағалауға мүмкіндік береді. Сабақтан соң оң позитивтің көп болуы, сабақ тақырыбының түсінікті болғанын дәлелдейді [18].
Рефлексияның бірқатар тәсілдерін ұсынамыз:
«Армандар ағашы». Білім алшыларға өздері үміттенген және күмәнданған ой-пікірлерін жазған «алмаларына» қайтадан назар салу ұсынылады. Олар орындалмаған үміттері мен күмәнді ойларын жазған «алмаларды» шешіп алады. Егер «денсаулық» ағашы жасыл алмамен көмкерілген болса, онда сабақтың алға қойған мақсат-міндеттеріне қол жеткізілді деген сөз. Ал сары алмалар болса, онда сабақ ойдағыдай өткізілмеген деуге болады.
«Қанаттар мен тістер». Мұғалім сабақ басында неден үміттенетіні және неден қауіптенетінін жазған өз «құстары» мен «қолтырауындарына» қайта назар салуды ұсынады. Олар қабырға қағаздан (ватманнан) орындалмаған үрейлері мен орындалмаған армандарын «шешіп» алады. Құстар қалған болса – сабақ жақсы деңгейде өткен және оқушылардың үміттері орындалған. Қолтырауындар қалған болса, келесі жолы сабақ жақсы деңгейде өту үшін не істеу керек екендігін талқылау қажет. Мұғалім қалыптасқан жағдайды ой елегінен өткізіп, сыныптың психологиялық келбетін анықтайды және басқа оқушылармен жүргізілетін жұмыстарға түзетулер енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет