Осы сабақта қол жеткізуге көмектесетін оқу мақсаттары
6.1.3.1. Дене сапаларын дамытуға арналған жаттығулар кешенін көрсетуді бағалау
Сабақтың мақсаттары:
- дене сапаларын дамытатын жаттығуларды көрсетуді оқушыларға үйрету;
- оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамыту
Табыс критерийлері:
- оқушылар жаттығулар кешенін құру процесінде денсаулыққа қажет кем дегенде бір денелік және бір психологиялық басымдылықты түсінеді;
- оқушылар дене жаттығуларын орындау кезінде пайда болатын сезімді анықтай және бағалай алады;
- оқушылар дене белсенділігі кезінде қызмет ететін барлық дене сапаларын (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және иілгіштік) дұрыс анықтай алады;
- оқушылар ағзаны қалпына келтіретін екі жаттығуды көрсете алады
Тілдік мақсат:
Оқушылар денсаулықты нығайту және төзімділікті дамытуға арналған жаттығулардың маңыздылығын сипаттай, талқылай және көрсете алады.
Пәндік лексика мен терминология: жүрек-қантамырлар жүйесі, қыздырыну, қалпына келу техникасы, аэробты және анаэробты жаттығулар, дене сапалары.
Диалог орнатуға қажет сөздер: біріншіден, екіншіден, менің ойымша, дұрыс деп ойлаймын, ғалымдардың пікірлері бойынша, сонымен және т.с.с
Талқылауға арналған сұрақтар:
- бұл тапсырма қандай дағдыларды дамытуға бағытталған?
- әрбір оқушының рөлі қаншалықты?
- осы тапсырманы орындай отырып, қандай эмоциялық сезімге орандыңыз?
- тапсырманы орындаған кезде неге назар аудару керек?
- басқа жаттығулармен салыстырғанда, кейбір жаттығулар неге үлкен дене белсенділігін қажет етеді?
Құндылықтарды қалыптастыру:
(Өмір бойы оқу-үйрену) Оқу материалына деген қызығушылықты, шығармашылық және сыни ұстанымды, ақыл-ойды, тәнді және мінез-құлықты жүйелі дамыту арқылы білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
(Ынтымақтастық) Өзара қарым-қатынас орнату кезіндегі жақсы көзқарасты дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және сара жол мен сыни ойлай білу біліктілігін дамыту.
(Академиялық адалдық) Ақпарат иесіне сілтеме жасамай көшіріп алуға жол бермеу, басқа адамдардың идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қараумен негізделетін академиялық адалдықты сақтау қағидалары
Пәнаралық байланыс
Биология, физика, тарих, математика
АКТны қолдану дағдылары
Ағзаны қалпына келтіруге сілтеме http://sosudinfo.ru/zdorovie-i-profilaktika/fizkultura-dlya-sosudov/, http://siellon.com/vosstanovlenie-energii-organizma-prostyimi-sposobami/
Төзімділікті дамытуға сілтеме http://www.mir-la.com/277-kak-povysit-specialnuyu-vynoslivost.html
Аэробты және анаэробты жаттығуларға сілтеме http://health4ever.org/vse-ob-uprazhnenijah/anajerobnye-i-ajerobnye-uprazhnenija
Эйлер Вен диаграммасына сілтеме https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%80%D1%83%D0%B3%D0%B8_%D0%AD%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B0 [13,14,15,16].
Бұл сабақ «Қазақтың ұлттық ойындары» бөлімінің сабақтарынан алынған дағдыларды дамыту негізінде құрылады. Оқушылар патриоттық сезімдерін дамытты, қазақ ойындарын мектеп жағдайына бейімдеуді үйренді, жаңа ұлттық ойындар ойлап тапты, дене сапалары мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытты және «Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы» бөлімінде қолдануға болады