Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»


барып тіреледі, яғни жаңа форматты мұғалім кез келген туындаған



Pdf көрінісі
бет56/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

барып тіреледі, яғни жаңа форматты мұғалім кез келген туындаған 
мәселені шеше алатындай әмбебап мұғалім болуы керек. Өзім он бес 
минуттік сабақты түсіру кезінде сабақтың құрылымын негізге алдым. 
Сабақтың басталуын ұйымдастыру, сабақтың оқу мақсаты мен сабақ 
мақсаттарын қою, түсіндіру, бекіту, қайталау, бағалау, сабақтың 
қорытындысын шығару
. Олар: 
-біріншіден, оқу мақсатына сай сабақ мақсатына жету үшін негізделген 
белсенді оқу әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдану; 
-екіншіден, топтық, жұптық, жеке жұмыстарды тиімді ұйымдастыру; 
-үшіншіден, әр тапсырмадан кейін кері байланысты қолдану
-төртіншіден, бағалаудың түрлерін дұрыс үйлестіру. 
 Осы жоғарыда келтірілген негіздерді басшылыққа ала отырып, 45 
минутқа жоспарланған сабақты 15 минуттің ішінде көрсетуге тырыстым.
 
Сабақты бейнежазбаға түсіру кезінде де мұғалімнің креативтілігі өте 
қажет. Бейнежазбаны түсірушіге мұғалім алдын-ала түсірілім кезінде 
камераны қайда қарай бағыттау керек, оқушылардың жұмыс жасау 
кездерін, жауап беріп тұрған уақытта камераға емес, оқушылар мен 
мұғалімге қарай назарын аудара отырып жұмыс жасаған шақтарын түсіру 
керектігін 
жоспарлы 
түрде 
нақты 
түсіндіру 
қажет. Сабақты 
бейнежазбаға түсіру бір бөлек, оны өңдеп, дайындап шығару уақыт пен 
еңбекті талап етеді. Сабақты түсіріп болған соң мұғалім бейнесабақты 
түсірушімен бірге бейнежазбаны өңдейді.
 
 «ХХІ ғасыр – ілім мен ғылымның ғасыры» демекші, оқушыларды 
сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, 
инновациялық білім негіздерін терең меңгерту үшін мұғалім де соған лайықты 


71 
болуы керек. Жаңа ғасырдың мұғалімі кез келген ауыртпалықты өзіне 
қабылдай отырып, тәуекелге баруға дайын болу керек. Бүгінгі таңда 
мұғалімдер тек қана сабақ беріп, шәкіртті қанағаттандыра алмайды. 
Мұғалім өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы 
бола білу керек. Заманауи технологияны игеру арқылы сандық ресурстарды 
тиімді қолдана білуіміз керек. Сонымен қатар, мұғалім дәрежесін көтеріп 
жүрген жан рухани құндылыққа бай болу керек. Ұстаздың жан дүниесі рухани 
тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет